?МЖ Кенге жатпайтын пайдалы ?азбалар 4 сынып


Пән: Дүниетану
Сабақ: Мұғалім: Абдрахманова Л.К 4а сынып
Тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Мақсаты: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, оны игеру жолдарын үйрену
Күтілетін нәтиже: А) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерін біледі.
В) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерін анықтай алады.
С) Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерімен,оның адам өміріндегі маңызын, оны игеру жолдарын, өмірмен байланыстыра алады.
Керекті жабдықтар: Дүниетану оқулығы, маркер, стикер
Тапсырмалар: Топтастыру , постер қорғау,тест тапсырмасы
Сабақтың модульдері Ықпалдастырылған 7 модуль
Бағалау Формативті
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе.
5 мин
Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері
-Қиялымыз мені неге жетелейді?-сұрағына жауап беріп көрелік.
Қиялым мені болашақтағы менің шәкірттерімнің барлығын озат болуына жетелейді.
Қорапшадан пайдалы қазбалардың шартты белгілерін / тас көмір, мұнай, табиғи газ /       
Үй тапсырмасы «Жанғыш пайдалы қазбалар»
Үй тапсырмасын «Джокер» әдісі бойынша тексеремін. Тақырып бойынша бар білгенімізді айтып, гүл дестесін көршімізге ұсынамыз. Оқушылар амандасады.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
1-топ: Таскөмір
2-топ: Мұнай
3-топ: Табиғи газ
Бір-бірден алып үш топ құрады: /1 мин/
Тұсау кесер
5 мин «Құпия зат» әдісі арқылы жүргізіледі.
Қойылған сұрақтардың жауабын өздерің оқып, постер бетіне түсіріп жауап береміз. Сұрақтар қойылады. Бұл не? деп сұрамаңыз.
Негізгі бөлім
20 мин Оқулықпен жұмыс
Жаңа тақырыпты оқып, жұмыстанады.
Қосымша деректер
Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларОлар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс материалдары үшін өте қажетті. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы орындардың бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді. Мәрмәрдан әртүрлі ескерткіштер, үй баспалдақтары жасалады. Әктас, құм, саз құрылыс салу үшін өте қажетті.Қазақстанның физикалық картасынан пайдалы қазбалар қоры көп өндірілетін орындарды көрсету.Тас көмір - Қарағанды, ЕкібастұзМұнай - Атырау, Ақтау, Орал өңіріндеГаз - Ақтау, Орал облыстарындаАлюминий – АрқалықтаМыс кені – ЖезқазғандаАс тұзы - Қызылорда, Павлодар, Алматы өңіріндеТемір кені - Қостанай өңіріндеФосфорит - Ақтөбе, Тараз өңірлерінде
Біз осындай тамаша пайдалы қазбаларымыз арқылы мақтана аламыз және мақтаныш сезіммен« Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99 - ы біздің еліміздің кен қойнауында бар. 70 элементтің қоры барланып зерттелген. Ал өндіріске 60 - тан астам элемент тартылған. Бүгінгі күнге дейін минерал шикізатының 1225 түрі бар 493 кен орыны белгілі.Пайдалы қазындылар қорының көлемі жағынан Қазақстан ТМД елдерінің алдыңғы қатарында: күміс, хромит, қорғасын, мырыш өндіруден бірінші орында, мұнай көмір, мыс, никель, фосфат шикізатын өндіруі бойынша – екінші, ал алтын өндіру жағынан үшінші орында тұр. Қазақстанда мұнай мен газдың елеулі қоры бар, жыл сайын мұнда 32 млн. тонна мұнай өндіріліп отырады .Жеке жұмыс 3 мин
Геодиктант
Пайдалы қазбалардың атын тауып жазу.
1.Жеңіл, ылғалды сіңіріп алады, жақсы жанады, тыңайтқыш ретінде қолданады
2.Шахтада игеріледі, ауыр, мықты, созылғыш.
3. Қара түсті, қатты, жылтыр, суға батып кетеді, жанғыш зат 4.Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас.
5. Үгілгіш, ақ түсті,қолмен оңай опырасың. Деңгейлік тапсырмалар 3/мин/
С.
«Пайдалы» деген сөзге пайдалы қазбаларға байланысты сөзжұмбақ құрастыру
В.«Семантикалық карта»
А.Пайдалы қазбаларды ажыратып жазу.
Жанғыш пайдалы қазбалар: __________________
Кенді пайдалы қазбалар: _______________
Кенге жатпайтын қазбалар: ________________ Оқушылар мәтінді оқып, нақты деректерді қағаз бетіне түсіреді.
1-топ Ас тұзы
2-топ Фосфорит
3-топ Құрылыс материалдары
Дәптерге жауабын жазады.
1.(шымтезек)
2.( темір кені)
3.(тас көмір)
4.(фосфорит)
5.(Әктас)
Жұбының жауабын тексереді.
Қорытынды
5 мин Тест тапсырмалары
Ә 2. А 3. Ә 4. Б 5. В 6. Б Дәптерлерін алмастырып тексереді.
Рефлексия 5 мин Оқушылардың ББД-сын тексеру
«Бессаусақ» әдісі
Үйге тапсырма :
2 мин
Бағалау 3 мин Мәтінді оқу. 36-39-бет Тапсырманы күнделікке жазады.