Кенге жатпайтын пайдалы ?азбалар (4-сынып)
Пәннің аты Уақыты: Реті: Мұғалім
Сабақтың атауы Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Мақсаты
Күтілетін нәтиже 1. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қасиеттерімен, оны игеру жолдарымен таныстыру.
2. Балаларды кенге жатпайтын пайдалы қазбалармен, оның қасиеттерімен, өндіру, пайдалану жолдарымен таныстырып, танымдық белсенділігін, Қазақстан картасымен жұмыс істеу білігін жетілдіру, балалардың сөйлеу, логикалық ойлау, салыстыру, қорытынды жасау қаблетін дамыту.
3. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Психологиялық ахуал Сүйейік табиғатты аялайық!Экология – өмірдіңСоғып тұрған жүрегіЕй, табиғат, балаңмынЕртеңіңе алаңмынДенсаулығы ғаламның –Амандығы адамның.
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. Олар қолданылуына қарай негізгі үш топқа бөлінеді:
1. Жанғыш пайдалы қазбалар
2. Кен пайдалы қазбалар
3. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады. Бұл топты тұз, фасфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз, т.б. құрайды. Олардың қайсысы болса да біздің жерімізде баршылық. Ал Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүниежүзіндегі алдыңғы қатарлы орынның бірін алады. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді.
Мағынаны тану Мұғалімнің түсіндірмесі
Пайдалы қазбалардың бірқатары қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге және құрылыс қажетіне жұмсалатыны саған белгілі . Олардың құрамынан металл қорытып алынбайтындықтан кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп аталады . Пайдалы қазбалардың бұл тобының ішінде ең көп таралғаны – тұз . Тұз дегенде біз әдетте ас тұзын түсінеміз. Ас тұзын тұзды көлдерде өндіреді. Көл суы жаздың аптап ыстығында көкп буланады да, еріген тұз түбіне шөге береді . Оны өндіру үшін тұз сорғыш машина қолданылады. Мұндай машинаның орасан зор түтігі мен сорғыш сорабы болады. Түтік арқылы көл түбіндегі тұз суымен қоса тартып алынады. Машина тұзды айырып, бірден кішкене вагондарға тиейді . Машина да, вагондар да көл табына салынған рельсті бойлап жылжып отырады. Әрбір адамның тамағына күніне 2 грамм шамасында ас тұзы жұмсалады. Тұздан сода, хлор және басқа заттар алынады. Тұздың бұдан басқа да көптеген түрі бар Олардың біразын дәрі ретінде пайдаланамыз . Кейбіреулері, мысалға калий тұзы топырақты тыңайтуға жұмсалады .
Сергіту сәті Төменде үш қаз ұшады,Үшеуі бұлтты құшады,Өзеннен көрдік екеуін.Айтқын, қаз нешеу екенін?
Ой толғаныс Тест тапсырмалары:
1. Ең ірі ферроқорытпа зауыты қай облыста?
а) Алматы
ә) Өскемен
б) Ақтөбе
2. Металды қорыту үшін пайдаланатын отын.
а) ағаш
ә) кокс
б) мұнай
3. Қазақастан қара еталлургиясының негізі қай жылы қаланды?
а) 1938
ә) 1991
б) 1956
Қайталауға арналған сұрақтар:
Пайдалы қазбалар деген не?
Темір кенін қайдан өндіреді?
Картада темір кені қандай белгімен белгіленеді?
Түсті металдар кенін ата
Түсті металдар кені картада қандай белгімен белгіленеді?
Түсті металдар кенінен не жасалады?
Мұнай, газ және таскөмірдің қасиеттері туралы айт.
Олар картада қандай белгімен белгіленеді?
Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларды ата.
Олар картада қандай белгімен белгіленеді?
Тұздың шөгіндісі қалай пайда болады?
Үйге тапсырма Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау. Күнделіктеріне жазады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады