Д?ниетану п?нінен Кенге жатпайтын пайдалы ?азбалар та?ырыбына презентация
Сабақтың тақырыбы: Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру, олардың адамға тигізетін пайдасы мен зиянын түсіндіру. Пайдалы қазбалардың кен орындары, шартты белгілері, өндіру әдісі жайлы түсінік беру, алған білімдерін тиянақтау.Дамытушылығы: Оқушыларды пайдалы қазбалар түрлерін ажырата білуге баулу, логикалық ой — өрісін дамыту, ізденушілік қабілеттерін арттыру.Тәрбиелілігі: Еліміздің қазба — байлықтарын мақтан ете отырып, оны үнемдеп жұмсауға, қорғап, сақтай білуге баулу, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Пайдалы қазбалар дегеніміз?Кенді пайдалы қазбалар дегеніміз?Жанғыш пайдалы қазбалар?
ppt_yppt_yppt_y
ppt_yppt_yppt_y
ppt_yppt_yppt_y
Пайдалы қазбалардың бірқатары қышқыл алуға, тыңайтқыш өндіруге және құрылыс қажетіне жұмсалады, олардан металл қорытып алынбайтындықтан кенге жатпайтын пайдалы қазбалар деп атайды.
Тұз – кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың ішіндегі ең көп тарағаны. Ас тұзын тұзды көлдерден өндіреді. Көл суы жаздың аптап ыстығында көп буланады да, еріген тұз төбіне шөге береді. Оны сору үшін тұз сорғыш машина қолданады.Әрбір адамның тамағына күніне 20 грамм шамасында ас тұзы жұмсалады. Тұздан сода, хлор және басқа заттар алынады.
Ас тұзыТеңіз тұзы
Фосфорит Тыңайтқыш алынатын қоңыр түсті тас. Топыраққа сіңіру үшін оны алдымен ұнтақтап, фосфор ұнына айналдырады. Фосфориттің сапасы және қоры жөнінен біздің еліміздегі Қаратау кен орнының дүние жүзінде теңдесі жоқ.
Фосфорит
Асбест – талшықты тау жынысы. Халық арасында әдетте зығыр тас деп те атайды. Олай дейтіні ғажайып тас иірілген жіп сияқты жіңішке талшықтарға оңай тарамдалады. Асбестен алынған жіп жібек сияқты иілгіш, әрі берік, оңайлықпен үзілмейді. Беріктігі жөнінен жуандығы бірдей болат сымнан да асып түседі. Асбест талшығының тағы бір ерекше қасиеті – отқа жанбайды. Грекше асбест – отқа жанбайтын деген сөз. Асбест кен орны Қостанай облысындағы Жеті қара маңында ашылған.
Асбест
Гранит, құмтас, саз, әктас, ұлутас, құм – құрылыс материалдары тобын құрайды.
ҰлутасӘктасҚұмтасГранитҚұмСаз
Әктас біздің өмірімізде жиі кездеседі. Әктастың үш түрі бар: бор, кәдімгі әктас, мәрмәр. Олар бір-бірінен қаттылығына қарай ажыратылады.
Бор – әктастың жеке түрлерінің ішіндегі ең жұмсағы. Оны қолмен оп-оңай опыра аласың. Үгілгіш, түсі ақ. Бормен тақтаға жазамыз. Одан үй ақтайтын әк алынады.
Бор
Кәдімгі әктас бордан қатты. Ақ сұрғылт немесе сарғылт түсті болады. Әктастан күйдіру жолымен әк алынады. Оған саз қосу арқылы цементтің кейбір түрлері өндіріледі. Әкке құмның өте пайдалы түрін қосып, ақ кірпіш дайындайды.
Кәдімгі әктас
Мәрмәр – әктастың ең қатты және тығыз түрі. Түсі ақ, қызғылт сұр, тіпті қаралары да бар. Мәрмәр оңай өнделеді. Оны театр, мідениет сарайы және басқа да ғимараттардың ішкі қабырғас, әсем бағаналары, баспалдақтарды әшекейлеуде пайдаланады. Сонымен қатар ескерткіштер жасалады.
Мәрмәр
Ұлутас көне теңіз жәндіктерінің бақалшақтарынан түзілген. Оны ғимараттар қабырғасын қаптауға пайдаланады.
Ұлутас