Д?ниетанудан ашы? саба?: Жан?ыш пайдалы ?азбалар 4 сынып


Дүниетану 4 сынып
Тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар
Мақсаты:
Білімділік: жанғыш пайдалы қазбалардың түрлері, қасиеттері, пайда болуы, өндірілуі, еліміздегі басты кен орындары туралы түсінік бере отырып, білімдерін арттыру;
Дамытушылық: пайдалы қазбалар жөнінде танымдарын кеңейту, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру;
Тәрбиелік: ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұйрету.
Міндеттері:
Жанғыш пайдалы қазбалардың қасиеттерімен таныстыру, пайдалы қазбаларды игеретін адамдардың кәсібі туралы мағлұмат беру.
Табиғаттағы заттар иен құбылыстар арасындағы қатынас түрлерін бақылату арқылы оқушының логикалық ойлауын жетілдіру, талдау, саралау, қорытынды жасай білу дағдыларын дамыту.
Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін арттыру.
Көрнекіліктер: пайдалы қазбалар үлгісі, карта, карточкалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Типі: жаңа сабақты түсіндіру.
Әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
Үй жұмысын тексеру.
Пайдалы қазбалар деп нені айтамыз?
Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай топтарға бөлінеді?
Кенді пайдалы қазбаларға нелер жатады?
Түсті метал кендеріне нелер жатады?
Пайдалы қазбалар адамға қандай пайда әкеледі?
Мыс
Ой жинақтау (топпен жұмыс)
І- топ


Кен орны Қасиеті Игеру жолдары Өндіріс пен шаруашылыққа пайдалануы
Шартты белгілері
Қорғасын
ІІ - топ


Кен орны Қасиеті Игеру жолдары Өндіріс пен шаруашылыққа пайдалануы
Шартты белгілері
Алюминий
ІІІ - топ


Кен орны Қасиеті Игеру жолдары Өндіріс пен шаруашылыққа пайдалануы
Шартты белгілері
Мырыш
ІV - топ


Кен орны Қасиеті Игеру жолдары Өндіріс пен шаруашылыққа пайдалануы
Шартты белгілері

Оқушылар орындаған тапсырмаларын қорғайды
Үй тапсырмасын қорытындылау сұрағы:
Түсті метал мен қара металды қалай ажыратады?
Сарамандық жұмыс: қара метал мен түсті метал. Алтын, күміс, мыс, шеге, қасық, темірді магнит арқылы анықтау.
Сергіту сәті
Жаңа материалмен жұмыс:
Шартты белгілер топтарға таратылады.
Бұлар пайдалы қазбалар картасында нелерді бейнелейтінін табыңдар.



Көмір мұнай табиғи газ
Әр топ шартты белгілермен жұмыс жүргізеді. Бұлар жанғыш пайдалы қазбалар деген қорытынды жасайды.
Оқулықпен жұмыс. Әр топ оқулықтағы өзіне тиісті тапсырмаларды оқып, ой жинақтайды, талдайды.
Таскөмір Мұнай Газ
Жоспар бойынша жұмыс істейді.
Пайда болуы (таскөмір, мұнай, газдың)
Шартты белгілері
Қасиеттері
Игеру жолдары
Өндіріс пен шаруашылықта пайдалану.
Кескінді картадан қай өлкеде көп өндірілетінін анықтап, шартты белгілерін салу.
Оқулықтағы суреттерге түсініктеме беру.
Ой , пікір
-Адам табиғи байлықтарды неліктен қамқорлыққа алады?
- Неліктен пайдалы қазбаларды қолданған кезде қауіпсіздік ережесін сақтау қажет?
-Адам осы байлықтардың бәрін игеріп, жойып жібермей ме?
-Егер пайдалы қазбалар қалмаса, онда не болады?
Сабақты қорытындылау:
Жанғыш пайдалы қазбаларға нелер жатады?
Тас көмірдің қандай түрлері бар?
Олардың ерекшелігі неде?
Елімізде мұнай қай жерде өндіріледі?
Мұнайдың қандай қасиеттері бар?
Газдың қандай пайдасы бар?
 
Рефлексия.
Сабақтың соңына қарай оқушылардың өз істерін талдауға, сабаққа және формативті бағадан суммативті баға шығарады.
Бағалау парағы
№ Оқушының аты-жөні Ой шақыру Мәтінмен жұмыс Сұрақтарға жауап беруі Тапсырмаларды орындауы Жиынтық баға
1 2 3 4 5 Үйге тапсырма.