Д?ниетану Жан?ыш пайдалы ?азбалар
Қысқа мерзім сабақ жоспары
4 «Ә» сынып. 02.11.2013 жыл
Пәні: Дүниетану
Мұғалім: Изтурганова Ж
Сабақтың тақырыбы: «Жанғыш пайдалы қазбалар»
Сабақтың мақсаттары:
Жанғыш пайдалы қазбалардың түрлері, қасиеттері, пайда болуы, өндірілуі, еліміздегі басты кен орындарды туралы түсінік бере отырып, білімдерін арттыру;
Пайдалы қазбалар жөнінде танымдарын кеңейту, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру;
Негізгі идеялар: Нобайлау кезінде озық композициялық шешімдер табу, іс-әрекет түрін, жұмыс жасау тәсілдеріне ерік беру
Оқыту нәтижелері:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, жас ерекшеліктеріне қарай оқыту. Көру, елестету, салыстыру арқылы ойын суреттеуге машықтанады.
Әдіс тәсілдері:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Топқа бөлу әдісі.АКТ пайдалану,
Сабақтың түрі:
Аралас сабақ,
Тапсырмалар: а) жұмбақ шешу, ә) мағынаны тану, б) картамен жұмыс жасау, с) тест тапсырмаларын орындау.
Дерек көздер Оқулық, әдістемелік журналы, интернет материалдары, электрондық оқулық.
Қажетті құралдар Бағалау парағы, фламастер, ағаш жапырағы, пайдалы қазбалар картасы.
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары.
№ Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтижелер Уақыты
1 Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды тұгелдеу
б) психологиялық дайындық Амандасады, кезекші жоқ оқушыны баяндайды, назарларын сабаққа аударады. Ізеттілікке, тәртіпке, жауапкершілікке үйренеді 2 мин
2 Өткен сабақты еске түсіру үшін сұрақтар қою Әр топқа үй тапсырмасы бойынша сұрақтарды ағаш жапырақтарына жазып беру.
Әр топтағы оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өткен сабақты еске түсіреді. Есте сақтау қабілеттері дамиды, ойларын еркін айтуға, өздерін еркін ұстауға үйренеді. 5 мин
3 Жаңа сабақтың тақырыбы бойынша жұмбақтар жасыру Оқушылар жұмбақтың шешуін табады, олар «Мұнай», «Газ», «Тас көмір» деп жауап береді. Ойлау қабілеттері артады.
2 мин
4 Түс арқылы топқа бөлу, Әр топқа стикерлерді тарқатылады І топ-қызыл түс.
ІІ топ-сары түс
ІІІ топ-жасыл түс Оқушылар жылдамдыққа, ұйымшылдыққа, бірге жұмыс жасауға, бір-біріне көмек беруге дағдыланады. 2 мин
5 Постер жасау Әр топқа жеке-жеке тапсырмалар беріледі.
І топ- газ.
ІІ топ- мұнай
ІІІ топ- тас көмір туралы постер жасайды. Оқушылар салыстыу,елестету, ұқсату, сыни тұрғыдан ойлауға, топ болып жұмыс жасауға дағдыланады. 10 мин
6 Топ көш басшылары Топ көш басшылары топтық жұмыстарын тақтаға шығып қорғайды. Өз ойын білдіруді, еркін сөйлеуді, жұмыстарын қорғауды үйренеді. 5 мин
7 Грофопроекторды пайдаланып пайдалы қазбалар туралы суреттер көрсету Оқушылар қызығушылық танып, мұхият тыңдайды, үйренеді. Сыни тұрғыда ойланады, бір-бірімен пікір алмасады. 5 мин
8 Картамен жұмыс Әр топтағы оқушылар өздері қорғаған пайдалы қазбалардың шартты белгілерін картадан көрсетеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойланады, ізденеді. 5 мин
9 Тест тапсырмаларын беру Оқушылар бүгінгі сабақты қалай меңгергенін тест арқылы көрсетеді. Сыни тұрғыдан ойланады, сәйкестендіріп шешім қабылдауға, ойларының жүйріктігі артады. 5 мин
10 Оқушылардың жұмыстарын бағалау Әр топтың көшбасшылары өз тобындағы оқушыларды бағалайды. Бір-біріне баға беруді үйренеді 2 мин
11 Қорытынды Бағалайды, қорытындылайды, қоштасады. Үйге тапсырма Жаңғыш пайдалы қазбалар, кенге жатпайтын пайдалы қазабалар 2 мин
«Ә.Молдаұлова атындағы №21 жалпы орта мектебі» коммуналдық
мемлекттік мекемесі
Ашық сабақ
Дүниетану
Тақырыбы:
«Жанғыш пайдалы қазбалар»
Бастауыш сынып мұғалімі: Изтурганова Ж
2013-2014 оқу жылы