Д?ниетану п?нінен Жан?ыш пайдалы ?азбалар та?ырыбында ашы? саба?


Дүниетану
Сыныбы: 4 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар
Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі: Оқушылардың еліміздегі,өз өлкеміздегі пайдалы қазбалар туралы және оларды өндіру жолдары мен пайдасы туралы білімдерін пысықтау.
Дамытушылығы: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтіп,ойларын тұжырымдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау,табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топқа бөлу,түсіндіру
Көрнекілігі: суреттер,постерлер
Пән аралық байланыс: Ана тілі,сурет
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық
Табиғат – біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын.
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Дүниетану сабағы.
Оқушыларды топтарға бөлу. Суреттер бойынша үш топқа бөлу (көмір,мұнай,газ)
І топ: «Көмір»
ІІ топ: «Мұнай»
ІІІ топ: «Газ»
ІІ.Өткен сабақты қайталау. Ыстық орындық арқылы ойнатылады.Әр топтан 3-4 оқушыдан шығып орындыққа отырады.Балалар сұрақ қояды, егер дұрыс жауап бермесе орындық күйіп кетеді.
ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Қазақ тұңғыш геологы - Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазіргі Павлодар облысының,Баянауыл ауданының Қ.И.Сәтбаев атындағы совхозында 1899жылдың 30наурызында Сәтбаевтардың үлгілі-өнегелі ауылында дүниеге келген.
Тас көмір-қатты,қара түсті зат. Жер қойнауында тас көмірдің 3 түрі кездеседі. Тас көмірдің ең сапалы түрі антрацит.Ол шымқай қара түсті,ұстағанда қолға жұқпайды,әрі металл сияқты жалтырап тұрады. Оның қызуы күшті болғандықтан негізінен металл қорытуға жұмсалады.Тас көмір -ең көп өндірілетін қазба.Аса ірі кен орны-Қарағанды.Екібастұз ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі.Мұнай – майлы,қоймалжың сұйық зат.Оның қошқыл қоңыр, қара көк,кейде қызғылт сары,тіпті ақ түсті түрі де кездеседі.Мұнай судан жеңіл,оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3.Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді.Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газ аса бай кен орындары бар.
ІҮ. «Бәйге» ойыны
10 10 10
20 20 20
30 30 30
1.Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? (көмір,мұнай,газ)
2.Пайдалы қазбалар дегеніміз не? (табиғи күйде немесе жер қойнауында кездесетін табиғи минералдық заттар)
3.Пайдалы қазбалар қолдануына қарай нешеге бөлінеді? (қара және түсті металдар)
4.Тас көмірдің аса ірі кен орны қайда орналасқан? (Қарағанды,Екібастұз)
5.Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінен не өндіріледі? (мұнай мен газ)
6.Тас көмірдің ең сапалы түрі? (антрацит)
7.Қазақтың тұңғыш геологы кім? (Қ.И.Сәтбаев)
8.Мыстың түсі қандай? (қызғылт)
9.Алюминийдің негізгі шикі заты? (боксит)
Ү.Ой қозғау.Жұмбақ жасыру.
Қызуын аямайды,
Көлікке азық жасайды. (Мұнай)
Қара түсті,отын,
Жанады жарқын. (Көмір)
Мөлдір,әрі түссіз,
Өзі табиғи отын. (Газ)
ҮІ.Сергіту сәті
ҮІІ.Қорытынды.
-Жанғыш пайдалы қазбалар туралы не білдік?
-Барлық пайдалы қазбалар таусылса,не болар еді? «Менің ойымша....»
ҮІІІ:Үйге тапсырма:Мәтінді оқып, «Жанғыш пайдалы қазбалар» түсінігін айту 32-бет.