Поурочный план по математику на тему Решение системы линейных уравнений с двумя переменными графическим способом
Сабақтың тақырыбы: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін
графиктік тәсілмен шешу.Мақсаты:
бір жүйеге біріктірілген екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулердің шешімдерінің ортақ болатынын білу. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шеше білу.
Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу іскерліктерін, зияткерлік қабілеттерін дамыту.
Ынтымақтастықта бірлесе отырып, сыни тұрғыда ойлана білуге, өздерін және өз ара бағалай білуге, белсенділікке тәрбиелеу.
Әдісі: « Сын тұрғысынан ойлау» модулі, топтық, жұптық жұмыстар.
PISA тапсырмалары
Көрнекіліктер: Үлестірмелі тапсырмалар, постер, АКТ, түрлі түсті қағаздар
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру кезеңід
1. топқа бөлу(қызыл, сары, жасыл үстелдер), топ басшысын сайлау.
2. бағалау парағы
ІІ. Ой қозғау. «Ортада қаламсап» стратегиясы
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі алмастыру тәсілімен қалай шешілетінін айтып беріңдер.
Қандай жағдайда екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу үшін алмастыру тәсілін қолданған тиімді?
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі қосу тәсілімен қалай шешілетінін айтып беріңдер.
ІІІ. Мағынаны тану І топ тапсырмасы: Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер өзара қиылысады. Мысал: -0,5х+у=21,5х+у=6
ІІ топ тапсырмасы: теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер өзара параллель. Мысал: х+2у=43х+6у=-18ІІІ топ тапсырмасы: жүйедегі теңдеулердің графигі болатын түзулер беттеседі.
Мысал: 7х+2у=1235х+10у=60ІV. Есептер шығару. Жұптық жұмыс. Бір есепті үш тәсілмен шығару.
Оқулықпен жұмыс №1479
І топ 1) 3х+у=-1-4х+у=6 ІІ топ 2) 2х+у=45х-2у=1 ІІІ топ 3) 2х-у=03х-2у=-2V. Таңдау жауабы бар тапсырма. (тест)
Теңдеулер жүйесін шешіңіз:х-6у=175х+6у=13А) (5;-2)
В) (11;-1)
С) (-7;-4)
Д) (-13;-5)
Е) (-1;-3)
2. Теңдеулер жүйесін шешіңіз: х+2у=5-х+7у=13А) (1; 2).
В) (-5; 5).
С) (2; 1,5).
Д) (3; 1).
Е) (-1; 3).
3. Теңдеулер жүйесін шешіңіз: 4х-7у=-12-4х+3у=12А) (-4; 0).
В) (0; -4).
С) (1; 163).
Д) (0; -3).
Е) (-3; 0).
VІ. График бойынша есеп.
VІІ . Ой толғаныс. (бекіту)
Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер өзара параллель болса, онда теңдеулер жүйесінің шешімі бола ма? Иә; Жоқ.
Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер қиылысса, онда теңдеулер жүйесінің шешімі бола ма? Иә; Жоқ.
Теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің графиктері болатын түзулер беттесетін болса, онда теңдеулер жүйесінің шешімі бола ма? Иә; Жоқ.
2х+3у=12х2-5у=4 теңдеулер жүйесі екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі бола ма? Иә; Жоқ.
VІІІ. Рефлекция
Не білемін? Не үйрендім? Білгім келеді
ІX. Үйге тапсырма: №1474, 1476, 1482.
X. Бағалау.