2 сынып?а арнал?ан математика п?нінен саба? жоспары


Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушылардың екі таңбалы сандарды қосу мен азайту тақырыбының негізгі мәселелерін қайталап, білімдерін тиянақтау: - нумерациялық білім: ондықтар мен бірліктерден құралған сандарды жаза білу;
-тура және кері сандар қатары, алдыңғы, кейінгі сандарды табу, сандардың орналасу ретін білу:
-қарапайым есептердің өтілген түрін шығара білу;
-есептер құрастыра және шығара білу; берілгенге кері есеп құрастыра білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойының математикалық стилін, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту; меңгерген математикалық білімдерін өмірде қолдануға жан-жақты дайындауды жүзеге асыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; математиканы өмірде болып жатқан нақты құбылыстарды нақты жалпылауға жіне қоршаған болмысты танып-білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы оқушылардың түсініктерін, математикалық білім, біліктерін қалыптастыру; ой-өрісін кеңейту; шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды зеректікке, шапшаңдыққа, адамгершілікке, мейірімділікке; оқу-білімге, ізденімпаздыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Көрнекі-құралдар: интербелсенді тақта, түрлі дидактикалық материалдар, суреттер, ойындар.
Сабақтың түрі: дамытушылық.
Сабақтың типі: білімді тиянақтау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: талдау, жинақтау, жүйелеу; дербес, жұптық, ұжымдық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І.Психологиялық дайындық.
оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
бір-бірлеріне сәттілік тілеу.
ІІ.Қызығушылықтарын ояту.
«Гүлдерге орналастыр» ойыны.
Сандарды әуелі кему, сонан соң өсу ретімен орналастыр
51 47 26 48 36
МАҒЫНАНЫ ТАНУ.
1) «Ой қозғау» стратегиясы.
«Қай мысал шешілді?» ойыны. Мысалдар тақтада жазылған:
5+2 4+6 6-6 10-3
8+2 7+1 8+1 6-2
Жауабы жазылған карточканы көрсетіп, қай мысалдың жауабы екенін табу керек.
2) Қызықты есептерді ауызша орындау.
- Шатырда 7 антенна бар. Электр маманы оның төртеуін ғана бекітті. Қалғандарын оның ағасы бекітті. Ағасы қанша антенна бекітті. (7-4=3)
3)«». Қосу, азайту кестесін қайталау.
А) 7 мен 2-нің айырмасы нешеге тең
Ә) Азайғыш 10 , Азайтқыш 3 . Айырманың мәнін тап.
Б) 5-ті 3 бірлікке арттыр
4) «Кім жылдам» ойыны. Оқушылар үш топқа бөлінеді әр топ шайтан арбаға мініп есеп шығарады.
І топІІ топІІІ топ
9-110-18-1
8+19+17+1
6+45+45+4
70-1060-1050-10
5) «Теника жәрмеңкесі» ойыны. Тапсырма: есепті шығару арқылы керекті затты сатып алады.
Қағаз шығару компьютер телефон
(7+2)+1(5+5)-5(7+2)-5
Ұялы телефонфаксфота апарат
5+(4-2)6-(4+1)(10-3)+3
ІІІ.Сергіту сәті
Оң қолымда 5 саусақ
Сол қолымда 5 саусақ
Алақанды ашайық
5-ке 5-ті қосайық
Нешеу болар барлығы?
6) Мына сандарды жаз
2 онд.6 бірл.3 онд.0 бірл.
5 онд.6 бірл.3 онд.9 бірл.
7) «Допты қақпаға кіргізу » ойыны
Үш топ сайысқа түседі
І топ ІІ топ ІІІ топ
53+30 35+40 46+50
85-30 75-40 96-50
8) Есепті шығар
Алаңға футбол ойнауға «Алматы» командасынан 12 адам, «Астана» командасынан 10 адам шықты. Барлығы неше футболшы қатысты? Кері есепті ауызша құрастыр.
ІV. РЕФЛЕКСИЯ
9) «Құстарды танисың ба?» Тапсырма:Құстың атын тауып астындағы есебін шығар.
Қарға 62+30 Тауық 43-20
Үйрек 65-20 Тоқылдақ 45+20
Қаз 36-10 Сауысқан 92-30
Бір қазан 23+20 Кептер 46-10
Аққу 85-20
Шығармашылық тапсырма:
Ойлан тап.Шаршының айнадағы көшірмесін түсір .
О
7. ҚОРЫТЫНДЫЛАУ.
Үй тапсырмасы: 8 бет №2.
Оқушылардың бір-бірлерін бағалауы.
№ Аты-жөні Ой қозғау Қызықты есептер Матема
тикалық диктант Кім жылдам Теника жәрмең
кесі Допты қақпаға кіргізу Құстарды танисың ба? Шығарма
шылық тапсырма бағалау
1 2 3 4 5 6 5+2 4+6 6-6 10-3
8+2 7+1 8+1 6-2
7 10 10 8 0 9 7 4
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін
арттыру институты»
Ашық сабақ
тақырыбы:
Екі таңбалы сандарды қосу және азайту.
Дайындағандар: Май ауданы, Көктөбе жалпы орта білім
беретін мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі К.М.Тишбекова
Абай бастауыш мектебінің бастауыш сынып
мұғалімі Р.Шарипбекова
2013 оқу жылы