Е?бекпен тап?ан нан т?тті
Күні:
Тақырып: «Еңбекпен тапқан нан тәтті»
Қасиеттер: еңбекқорлық, татулық, шыдамдылық
Мұғалiм: Ақанова Әсел Сынып: 2 «В»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың «еңбек» ұғымы туралы түсініктерін кеңейтіп, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Дамытушылық: Еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, татулыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу; Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)
Оқулық;
Дәптер;
Күнделік;
Қалам)Сабақ барысы:
1.Ұйымдастырукезеңi: Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу . Оқу құралдарын әзірлеу: сабаққа назар аударту.
Тыныштық сәті. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз. Жаймен көзімізді ашуға болады.
Рахмет.
(Бірнеше оқушылардан алған әсерлері туралы сұрау)
Жаңа сабақ.
Еңбектің көзін тапсаң, байлықтың өзін табарсың
Ыбырай Жахаев
Осы сөзді қалай түсінесіңдер
4. Әңгiмелеу «Ең қымбат» ертегі
Баяғы заманда бір ауылда кемпір мен шал тұрыпты. Шал тал ағаштарының бұтақтарынан себет жасапты. Кемпір болса ұршықпен жіп иіріп, тоқыма тоқыпты. Олар осындай кәсіппен күн көріпті.
Бір күні кемпірі шалға: Атасы, біздің жұмыс жасауымыз қиындап кетті: Менің ұршығым сынып қалды, ал сенің пышағыңның сабы сынды. Сен орманға барып мықты ағаш кесіп жаңа ұршық жаса, өзіңе пышаққа жаңа сап жаса.
Шал кемпірінің тілегін орындау үшін орманға келеді. Ең жақсы талды таңдап алып балтасын құлаштап сермеп қалған кезде, орман ішінен бір атай шықты.Ол орман иесі еді.
- Менің ағаштарыма неге,тиесің,-деді атай. Ағаштар орманның сәні емес пе? Олардың да жаны бар. Одан да менен не қалайсың соны айт -бәрін беремін дейді.
Шал қуанып кетті. Үйіне кемпірімен ақылдасауға келді.
- Ал кемпірім орман иесінен не сұраймыз? Ақыласайық дейді. Көп ақша сұрасақ қайтеді? Ол бізге береді. Бізге ондай көп ақша не үшін керек. Біз оны не қыламыз? Ақшамыз көп болса оны қорушылар да көп болады. Ұйқымыз тынышсыз болады. Еңбектенбей тапқан ақшаның не керегі бар - дейді кемпірі.
- Онда табын –табын сиыр ,отар-отар қой сұрайық,дейді шал.
- Табын сиырға қалай ие боламыз. Үйде бір сиырымыз бар ғой сүті де мол, алты қойымыз бар жүнді мол береді. Одан артық не керек дейді.
- Ендеше кемпірім,мыңдаған тауық сұрайық. Қой, шала-ау оны қалай бағамыз?
Үш-төрт тауығымыз бар бізге сол да жетеді. Шал мен кемпір әрі ойланып, бері ойланып қалаған нәрсесінің бәрі өздерінде бар екенін, ал жоқ нәрсесін өздері еңбекпен таба алатынын түсінді.
- Бір кезде шал, кемпірім біз орман иесінен не қалайтынымызды таптым дейді.
Шал орманға кетті. Ал оның алдынан орман иесі шықты.
- Ал, шал не қалайтыныңды ойландың ба? -дейді.
- Ойландым,- деді шал.
- Кемпірімнің ұршығы, пышағымның сабы ешқашан ескірмесе сынбаса, сонда өмір сүруімізге қажетті нәрсені өзіміз табар едік, өз сүйікті ісімізбен айналысып бақытты болар едік, өміріміздегі басты байлығымыз сол болар еді.
- Сенің айтқан тілегің болсын деп орман иесі кетіп қалады.
Шал мен кемпірі сонан бері бұрынғыдан да бақытты көңілдері шат болыпты. Кемпірі ұршықпен жіп иіріп керемет бұйымдар жасаса, шалы ағаш бұтақтарынан бұрынғыдан да керемет себеттер тоқыпты. Олар тамаша бақытты өмір сүріп келеді, өйткені адал еңбек етіп, өз сүйікті істерімен айналысыпты.
Әңгіме бойынша сұрақтар:
1. Не себепті шал мен кемпір орман иесінен еңбек құралдарының сынбауын сұрады?
2. Олардың тілегін орынды деп ойлайсыңдар ма?
3. Сендер олардың орнында болсаңдар орман иесінен не қалайтын едіңдер?
4. Үйде сендердің еш іспен айналыспай бос отыратын кездерің бола ма?
5. Еңбекқор болу үшін,еңбегінің нәтижесі болуы үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?
- Адал еңбек адамды қуанышты сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.
5. Шығармашылық жұмыс.
«Еңбектің наны тәтті». Осы қанатты сөзді негізге ала отырып тапсырма беріледі. Топтық жұмыс.
Осы тақырыпты ала отырып, эссе жазу, сурет салу, өлең шығару
Балалар сендер өз жұмыстарыңды көрсеттіңдер. Сурет салдыңдар, эссе жаздыңдар, өлең шығардыңдар. Еңбектендіңдер.
Балалар сендер 3 сыныпта оқисыңдар өздеріңнің соңдарыңнан ерген інілеріңе, қарындастарыңа, сіңлілеріңе, бауырларыңа аға, апа ретінде болашақта үлкен азамат болып өсуі үшін, еңбекқор болуы үшін қандай өсиет айтар едіңдер. Еңбекқор адам болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек? Өсиет ретінде ереже жазыңдар.
6. Топпен ән айту. (Оқушылар орындарынан тұрып әнді орындайды.)
Қырманға кел, қалқатай
Еңбекке кел, қалқатай (сөзі өзгертілген)
сөзі. Т.Ысмайловәні. С.Мұхамеджанов
Кім сүйеді еңбекті,мен сүймесем,
Ту қададым тың жерге қол тимеген.
Жалқауланбай алыстан,ортаға кел,
Кім бар екен еңбекке бас имеген.
А-аа-аай,күрегімді қолға алып,
Жер қазайын қуанып.
Еңбекке кел, қалқатай, 2 ретБілегіңді сыбанып.
Еңбек десе өзіңе тең келмеген,
Бірге жүрші бидайға дестеленген.
Жалқау болсаң ақ саусақ,қызыл тырнақ,
Біз болар ек сендейді ескермеген.
А-аа-аай, күрегімді қолға алып,
Жер қазайын қуанып.
Еңбекке кел, қалқатай, 2 ретБілегіңді сыбанып.
7. Үй тапсырмасы.
1. Оқулықтың 104- бетіндегі «Алтын мүйіз» әңгімесін мазмұндау.
Соңғы тыныштық сәтi.
Біз бүгінгі сабағымызда «Еңбектің наны тәтті» тақырыбында әңгімеледік. Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүректеріңізге жеткізіп ,көкейлеріңізге түйіп алыңыздар. Бүгінгі керемет сабақ үшін рахмет!