Сайыс: «Информатика – ?асыр талабы» атты интеллектуалды? олимпиада.


Байқоныс орта жалпы білім беру мектебі
Математика, физика және информатика апталығы.

Жауапты мұғалім: Шаку С.
ӘБ меңгерушісі: Ахматова Р.Р
2013 оқу жылы
Сайыс: «Информатика – ғасыр талабы» атты интеллектуалдық олимпиада.
Мақсаты:Білімділік: оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, бақылап, бағалау, өз беттерінше білім деңгейлерін көтеруге жағдай жасау.
Дамытушылық: оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін,танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларды шапшаңдыққа, өз ойларын анық жеткізе білуге, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа, жан-жақты болуға, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілетін сайыс сабақ.Сабақтың әдісі: Топтық жарыс сабағыСабақтың типі: Білімді, іскерлікті, дағдыны қалыптастыру сабағы.Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер.Көрнекіліктер: Слайд презентация, плакаттар, карточкалар.Пәнаралық байланысы: Математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, орыс тілі.Сайыстың өту барысы:Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және білімге құштар жас өрендер! Бүгінгі «Информатика – ғасыр талабы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!Мынау ұшқыр заманда,Жаңалық енді ғаламға.Компьютер тілін меңгеру,Қажеті туды адамға, – дей келе бүгінгі сайысымыздың ережесімен таныстырып өтейік. Сайысқа бес топ қатысады.
1-кезең. “Таныстыру”
І-ші топ. «Алғырлар» тобыҰраны: Жарыс десе жанамыз Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Жеңіспен мәреге барайық, Жеңістің ұранын салайық.ІІ-ші топ «Тапқырлар» тобыҰраны:Қандай сынақ болса-дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске.Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым Көрсетеміз бізде қандай күш барын Алға қойған мақсатымыз бір екен, Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
II – ші топ: «Сұңқарлар» тобы
Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды Ой түйіндеп, жетелейді адамды
Сәлемі: Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып
1 – жүргізуші: Сайысымызда топтардың ұпайларын есептеп, әділ бағасын қадағалау үшін әділ – қазылар алқасын тағайындап алайық.Дүниедегі құбылыстың мәнін де,Интернеттің, жаңалықтың бәрін деМүмкін емес информатикасыз түсіну,Компьютер дүние кілті бүгінде, – демекші, заман талабына сай әрбір адам компьютердің қыр-сырын білгенге не жетсін! Біздің Алдар ағамыз да компьютерді меңгеруді бастапты, Интернет желісі арқылы мынадай хат жолдапты (алдын-ала «Звукозапись» бағдарламасында жазылған дыбыстық файл іске қосылады):«Мен Алдармын, Алдармын, елдің бәрін алдармын,Баста ақылдың жоғынан, сұрайтын көмек болармын!Қымбатты достар, мен жер шарын аралап жүріп Компландия деген елге бардым, сол жерде бір зерттелмеген арал бар екен, сол аралға барайын десем, жол бойы толған тапсырма, сендердің көмектерің керек болып тұр. Сапарға аттаналық, достар!»Жүргізуші: Ал, балалар! Аттанамыз ба?
2 кезең: “Ойлан, тап!”
Төменде тапсырмалар берілген. Берген жауаптарың дұрыс болса фигура жасыл түске, жауаптарың қате болса қызыл түске боялады. Әрбір сұраққа 3 ұпайдан берілсін.
кезең: “Дода”
Бұл сайыста ойыншыларға мына экрандағы 11 тақырыпты таңдау ұсынылады.
Ойыншылыр кезегімен тақырыпты таңдайды.
Алғашқы алты тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі.
11 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы саны айтылады.
4-кезең. “Кім жылдам?”
1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.
2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.
3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.
4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.
1. Бұтақ орнында мың бір инесі,Компьютер жаны мекені (кактус)2. Биологияда бұл паразит,Көзге зорға көрінер.Информатикада өлшем бірлік,Ақпараттарды өлшер (бит)3. Экранның бетінде оның тұрағы,Қашан болсын жыпылықтап тұрады (меңзер)4. Егер білсең айта ғойшы,Бұл қандай құрылғы.Ақпаратты қағаздағы,Компьютерге енгізеді? (сканер)5. Жануарға ұқсас атым бар,Бағдар көрсетер затым бар.Кілемше үстінде тұрамын.Ең қажетті құралмын. (тышқан)6. Бір сарайда тұрады екен,Бес атаның балалары.Қыдырмашы біреуі,Бір күн барда, бір күн жоқ.Оны есепке алсаң,Ұзын саны 107 (пернелік тақта)7. Пернетақта ауылында тұратын,Пернелік деген атаның.Бар екен 12 ағайынды,Немерелері алғашқы.Есімдері де өздерінің,Тек қана F (эф) әрпінен басталады (функционалдық пернелер)8. Ұзынтұра Жалқаубек,Тұрмай ылға жатады.Қозғала салса артынан,Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)9. Төрбұрышты әйнек,Тұнып тұрған әлек (монитор)10. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.Ойланып, білгіш болсаң жауап берші,Қалай деп аталады, аты оның? (тышқан)5– ші кезең“Қыл қалам шебері” бұл кезеңде оқушыларға берілген сөздер арқылы көрністі салу немесе көрніс көрсеті.
Ғаламтор, Компьтерледің орналасуы, компьютерде дұрыс отыру.
Ғаламтор, компьютердің қандай салаларда қолдануы, компьтермен оқушының арақашықтығы.
Ғаламтор, компьютерді мектепте кімдер қолданады.
Жүргізуші: Өрбітіп ойлар ойда қала берер, Білім сана толастап жана берер. Әділқазыларды ортаға шақрайық. Сайыскерлерге әділ баға берер.(Әділқазылар алқасына сөз беріледі).
Жүргізуші: Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті, қатысып, көңіл бөлгендеріңіз үшін көп – көп рахмет.Информатика нық басып ғаламатта,Ой бөлісіп заманды саралапты.Қош болыңдар, қымбатты көрермендер,Қайта айналып көріскенше саламатта.
Топ аты: «Алғырлар» тобыҰранымыз: Жарыс десе жанамыз Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.Сәлемі: Кластас ерігіп жүрме бос, Қол ұстас, бірігіп тізе қос. Жеңіспен мәреге барайық, Жеңістің ұранын салайық.
Топ аты: «Тапқырлар» тобыҰранымыз:Қандай сынақ болса-дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске.Сәлемі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым Көрсетеміз бізде қандай күш барын Алға қойған мақсатымыз бір екен, Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
Топ аты: «Сұңқарлар» тобы
Ұранымыз: Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды Ой түйіндеп, жетелейді адамды
Сәлемі: Ойын толқын жатқанда асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып





Ғаламтор, Компьтерледің орналасуы, компьютерде дұрыс отыру. (сөздер арқылы көрністі салу немесе көрніс көрсеті).
Ғаламтор, компьютердің қандай салаларда қолдануы, компьтермен оқушының арақашықтығы. (сөздер арқылы көрністі салу немесе көрніс көрсеті).
Ғаламтор, компьютерді мектепте кімдер қолданады. (сөздер арқылы көрністі салу немесе көрніс көрсеті).