«?ызы?ты ?аза? тілі ?лемі»


Интеллектуалды сайыс Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу. Оқушылардың білімі мен біліктілігі арқылы ой-өрісін дамыту, ұшқырлық ойлау қабілетін шыңдау, шапшаңдықпен нақтылыққа бейімдеу. Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.Алдын ала тағайындалған топтарды шақыру.Әділқазылар алқасын сайлау.Сайыстың мақсатымен таныстыру.Топтардың аттарымен, ұранымен таңбасымен танысу.І топтың аты – “Тұлпар”, ұраны “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар”, таңбасы – аттың суреті.ІІ топтың аты – “Домбыра”, ұраны “Бабамның үні, бабамның тілі- домбыра”,таңбасы дмбыра суреті Тұрсынхан Әбдрахманова деген әрі ғалым, әрі әнші, әрі ақын апамыз былай депті: Ана тілім – бәрін сөйлер шежіремТілсіз нені білдіре алам, не білем?!Тілім барда ғана мынау ғалымныңКілтін табар саналысы сезінем.О, адамдар, қадіріне жетіңдер, Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер! Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімінің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні дәлірек айтқанда, тұтастай кескін келбеті. Ана тіліміз туралы М.Мақатаев, Ә.Тәжібаев, М. Шаханов, Ж.Аймауытов сияқты көптеген ақиық ақындарымыз жырлар жазды. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні халықтық мереке. Тілді қастерлеу – ізгілік пен мәдениет белгісі. /Оқушылар қойылған сұрақтарға белгіленген уақыт ішінде жауап беруі тиіс/ Термин қай тілдің сөзі?Қазақ тіліндегі тыйым салуға қатысты сөздер қай терминге жатады?Сөз мағынасы нені зерттейді?“Фразеология” сөзінің баламасын табыңыз?Тілдің кіші бөлшегі не?Жалғаудың түрлерін ата?Неше септік жалғауы бар?“Ақ киізге көтерді” мағынасы не?Зат есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?Дыбысты немен таңбалайды?42 әріптің жүйелі тізбегі қалай аталады?Қазақ әліпбиінде қанша дыбыс бар?Ерінбесең – емерсің тақырыбы не?Қосарлы дыбыстардың саны нешеу?Әліпби сөзі қай тілден енген?Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыс жақтың қатысына қарай нешеге бөлінеді?Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата?Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады?Дауыссыздар ненің қатысына қарай 3-ке бөлінеді? Екпін түрі нешеу?Үндестік заңы нешеу?Қосымшаны тіл білімінің қай саласы зерттейді?“Лексика” сөзі қай тілден енген?Тыныс белгісін не зерттейді?Фонетика нені зерттейді?Пәлеқор сөзі буын үндестігіне бағына ма?Көзқарас қандай сөз?Дыбыс үндестігінің түрлерін ата?Орфография нені зерттейді?“Жаны зәр түбіне жету” мағынасы не?“Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас” тақырыбы не?Дауысты дыбыс еріннің қатысына қарай нешеге бөлінеді?Дауыстыларды саны қанша?Әліпбидегі 10-шы дыбыс қандай дыбыс?Сөз таптары нешеу?Қосымша нешеу?Жұрнақтың түрлерін ата?Зат есімнің мағыналық түрлерін ата?Сын есімнің шырайларын ата?І турдың қорытындысын тыңдау І бөлімнің қорытындысын тыңдау /Тиісті сөзді қойып бірнеше тілде айту/ ... қылды қақ жарған Атадан жақсы ұл туса,Есіктегі басын төрге сүйрер.Атадан ... ұл туса,Төрдегі басын жерге сүйрер. Ел қонбаса - ... азады,Жер болмаса - ер азады. ... ала болса, ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. ... тас жарады, Тас жармаса, бас жарады ... көпті жау алмайды,Ақылы көпті дау алмайды. ... өссе елдің көркі,Гүл өссе жердің көркі. ... таумен кездеспейді,Адам адаммен кездеседі. Қына тасқа бітеді,... басқа бітеді ... сүйектен өтеді,Таяқ еттен өтеді. ІІ бөлімнің қорытындысын тыңдау ІІІ бөлімнің қорытындысын тыңдау /Жасырылған әуендер бойынша әндерді табу/ ІҮбөлімнің қорытындысын тыңдау Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдіңтүрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) - Мен айыптымын, меннен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып мал беріп, досын Ақшаханның еліне көшіріп салады. Алтынмен ішін безеген,Сырты күміс ақ отауКелістіріп түзегенАрттыруға сайланды.Қырық түйе қазына,Қырық құл мен қырық күн,Қосып берді қазына.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) Балаға таңсық болып жүрген байғұсҮйіне алып келіп қылды тойды.Туғандай тумаса да қылайын деп,Кім деп ол баланың несін қойды?(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) Көтібар қызды қосты ӘлібеккеАтақты өзі батыр асыл текке.Жүз-жүзден кілем, тон, ішік қылып,Арттырды елу нарды әділетке.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) Балталы, Бағаналы ел, аман бол!Бақалы, Балдырғанды көл, аман бол!Кірім жуып, кіндігім кескен жерім,Ойнап – күліп, ер жеткен жер, аман бол!(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) Өлім деген тәңірі иесі,Желіккен құлан әнгісі.Құлан мен тұлпар желіккен,Жосыған құлан желіккен,Балаңды шайнап өлтіріпЖұлмалап жалмап кетіпті.(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) Үбөлімнің қорытындысын тыңдау /Өз өнерін көрсету/ ҮІ бөлімнің қорытындысын тыңдау /Екі топ жетекшісі А мен В әрпінен қалағанын таңдайды. А әрпін таңдаған топ - сын есім, В әрпін таңдаған топ – сан есім қатысқан мақал-мәтелдер айтады. Дайындыққа 1 минут/ ҮІІ бөлімнің қорытындысын тыңдау /Әр топтың жетекшілері шығып, берілген сөзінден бірнеше сөздер құрайды/ ҮІІІбөлімнің қорытындысын тыңдау Оқушылардың тыңдау және есте сақтау қабілеттері арқылы сайыс тапсырмаларына нақты жауапты ойлылықпен айта білетіндіктері байқалды. Жан-жақты білім танымдылықтары арқылы ізденіс, талпынысмүмкіндіктері көрінді. Сөйлеу дағдылысы, тіл мәдениетінденақты жауап беру ұшқырлығы сыналды. Бірін-бірі тыңдай біліп, бағалай білетіндіктері де байқалды. Оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрін қадір тұтып, адамгершілікқасиеттерге ие болды. Жеңімпаз топ анықталып, мектепәкімшілігінен мақтау қағазы тапсырылды.