Математика-информатика п?ндерінен сыныптан тыс іс-шара Сандар мені? ?мірімде
Математика және информатика пәндерінен 5 сынып оқушыларына арналған«Сандар-менің өмірімде» атты сайысМақсаты: математика және информатика пәндеріне оқушылардың қызығушылығын арттыру, логикалық және теориялық білімдерін нығайту.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, проектор, үлестірмелі қазағдар, қатысушылар орны.
Сайыс барысы:
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, қымбатты қонақтар! Келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын!
Намысын найзағайдай жарқылдап бір, Өр халқым дүниеге даңқыңды асыр. Дәуірдің бастау алған жиырма бірі – Еліме болсын ләйім алтын ғасыр. Ешкім де көзіне ілмес ноқталыны Ешқандай ондай ұлттың жоқ тамыры. Бабалар аңсап өткен кезге жеттік, Қолдасын көк туымды хақ тәңір
Бүгінгі «Сандар-менің өмірімде» атты сайыстың қатысушылары 5 «А» және 5 «Ә» оқушылары. Әр сыныптан 4 қатысушы келіп отыр.
Сайыс кезеңдерімен таныстырып кетейін:
1. «Ең мықты есептеуші»
2. «Венгр сөзжұмбағы»
3. «Зейінділікке тапсырмалар»
4. «Өз саныныды тап»
Жүргізуші:Ақ жол тілейміз! Сонымен, бірінші сайысымыздың алғашқы кезеңі «Ең мықты есептеуші» деп аталады. Бұл білім жарысында сіздерге өткен пәндер бойынша деңгейлік сұрақтар беріледі. Бір сұрақтың жауабы-5 ,10,15 ұпай. Қанша сұраққа жауап берсеңіз, сонша балға ие боласыз. Сұраққа ойлануға 10 секунд уақыт беріледі. Егер қатысушы жауап бере алмаса, келесі қатысушы жауап беруге құқығы бар.5 баллдық сұрақтар
1.Қай кезде екі санның қосындысы бірінші қосылғышқа тең болады?
Жауап: Егер екінші қосылғыш 0-ге тең
2. Екі әке және екі бала 3 апельсин сатып алды және оларды тең бөлді. Ол қалай болу мүмкін?
Жауап: Ата, әке, ұлы
3. Екі поез кездескенше 1 сағат бұрын қандай қашықтықта болды, егер бірінші поездің жылдамдығы 60 км\сағ, ал екіншісінікі 40 км\сағатына болса?
Жауап: 100 км
4. Бөренені 10 бөлікке бөлу қажет. Оны неше рет кеседі?
Жауап: 9
5. Бес үйме және жеті үймені шөпті бір жерге үйді. Неше үйме шөп шықты?
Жауап: Бір
6. Әдетте үнсіз тұрамын Белгі берсең ұғамынЖазуы бар қағаздыңҚұралы боп шығамын
Жауап : принтер
7. Барлық сурет , мәтінді Компьютерге енгізген Керек емес жерін де Компьтерден өшірген
Жауап : сканер
8. Бар нәрсеге жетікМиы күшті тетікОл арқылы сөйлесіп Кетесің шетелге де өтіп
Жауап: Компьютер
10 балдық сұрақтар:
1. Тізбектерді құру ережесін тауып, келесі мүшесін есептеп көр:
А) 3,13,23,33,…
Б) 1,2,3,5,8,…
Жауап : а) 43
Жауап: б)13
2. Қанша тетік тізілген Саусағыңды сезінген Барлық сенің ойыңды Компьютерге енгізген
Жауап: пернетақта
3. Әсия алма сатып алды. Оларды тарелкелерге бір-бірден салса, бір алма артық қалады, ал егер тарелкеге екіден салса, онда 1 тарелке артық қалады. Әсияда неше алма, неше тарелке бар?
Жауап : 4 алма, 3 тарелке
4. Пончиктің комбинезонында 17 қалта бар: 10 қалта алдында, қалғаны артында. Алдынғы қалталарында 2 пончиктен жатыр,ал артынғы қалталарында-3. Пончикта барлығы неше пончик бар?
Жауап: 41
15 балдық сұрақтар:
1. Суретте неше үшбұрыш бар?
41910149225
Жауап: 28
2. Компьютердің айнасы Бағдарыңды таңдашы Сурет, сөзін көрсетіп Тиер саған пайдасы
Жауап: монитор
3. Сүті бар бидонның салмағы 32 кг, сүтсіз 2 кг. Жартылай толтырылған бидонның салмағы қанша?
4. Тіктөртбұрыштың ұзындығы енінен 3 есе ұзын, ал периметрі 72см. Тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.
Жауап: 17 кг
20 балдық сұрақтар:
1. Жарыстың алдында төрт жанкүйер мынадай болжамдарын айтты:
А) Марат жеңеді, Берік – екінші орынға ие болады;
В) Берік – үшінші, Нұрлан – бірінші болады;
С) Марат – соңғы, ал бірінші – Олжас.
Жарыс біткеннен кейін әр жанкүйердің болжамы жартылай дұрыс болғаны анықталды.
Жарыста Марат, Берік, Нұрлан, Олжас қандай орындарға ие болды?
Жауап: Олжас -3, Нұрлан -1, Берік - 2, Марат - 4
2. 3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа табады. 9 тауық 9 күнде неше жұмыртқа табады?
Жауап:
3 тауық 1 күнде - 1 жұмыртқа9 тауық 1 күнде 3 жұмыртқа табады9 тауық 9 күнде - 27 жұмыртқа
3. Ребусты шеш (орыс тілде).Оның жауабын қазақша және ағылшынша айт.
Жауап: дочка, қыз, daughter
4. Ребусты шеш (орыс тілде).Оның жауабын қазақша және ағылшынша айт.
Жауап: силач, палуан, strong man
Жүргізуші: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» демекші, одан әрі сайысымызды жалғастырайық. «Венгр сөзжұмбағы» . Бұл кезеннің ерекшелігі сұрақтар информатика пәнінен ғана болады. Бұл кезеңде кестеден информатика пәнімен байланысты сөздерді табу керек. Ойлануға 3 минут беріледі. Сөздерді көп жазған бала, көп ұпай алады.
м т п л о т т н о м
и ы п р р т е и д е
к ш н и е е р о м м
р қ а н т р н н и т
о н т с ө з е т р о
п н и б а й т т е з
р м в п и к м е р е
о ә и а р с о ү а ф
ц т р и х е д я й л
е і у в ж л и я и ц
с н с д а ь ф и к а
с о р а б о н е н т
Жасырылған сөздер: Микропроцессор, тышқан, мәтін, плоттер, принтер, сөз, байт, пиксель, архив, абонент, модификация, ұя, файл, терезе, монитор, модем, интернет, байт, антивирус
Жүргізуші: Келесі 3-кезеңге көшетін уақыт та жетті. «Зейінділікке тапсырмалар» кезеңімізді бастайық. Ойыншыларға суреттермен берілген сұрақтар ұсынылады. Шешімін тез тапқан топ таңбаларын көтеріп,сұраққа жауап береді. Әр сұрақтың бағасы-10 ұпай.
Адамды тап
3 қоңыз бен 3 баланы тап
Суретте не көрдің?
Адамды, аюды тап, неше ит бар екенін сана
Жүргізуші: Құрметті қатысушылар, «Өз санынды тап » деп аталатын ендігі кезеңімізге қош келдіңіздер. Бұл сында арқаларыңызға сан жабыстырылады, көршінің сандарын көре отырып, өздерінің сандарынды тауып алу керек. Барлық сандардың қосындысы 100-ге тең екені мәлім. Бірінші жауап берген қатысушы максималды 8 ұпайға ие болады, қалғандары жауап беру ретіне байланысты бір ұпай кем алады.
Жүргізуші: Біздің елге таң қалған М. А. Шолоховтың мына бір тамаша сөзімен бөліссем деймін: «Мен сіздердің өңірді шын сүйіп кеттім. Қазақтардың мәдениетіне, тіліне және әдет-ғұрпына қатты қызығамын. Қазақстан – менің екінші Отаным болып алды» деген екен. Көрдіңіз бе, ағайын, біздің елге таңғалуда, олай болса, туымыз биік, еңсеміз жоғары болсын. Ол елді көтеретің, мақтан ететін «Білімділер» жасасың! Енді, ортаға сайысты қорытындылап, сайысқа қатысушыларды марапаттау үшін әділқазылар алқасына сөз беріледі. (Әділқазылар сөйлейді)Жүргізуші: Тіліміз аман, еліміз тыныш болсын, ағайын. Бүгінгі танымды зияткерлік сайыс көңілдеріңізден шықты деп сенеміз. Келген қонақтарға мың да бір алғысымызды білдіреміз. Көріскенше.