ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ЛЕЧЕБНАЯ ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА
Сабақ жоспары
Пән аты: қазақ тілі
Сынып: 5
Сабақтың тақырыбы: жаттығу жұмыстары
а) білімділік: жаттығу жұмыстары арқылы өткен тақырыпты пысықтау
ә) дамытушылық: өз ойын жүйелі түрде айта білуіне,жаза біліуіне сөздік қорын дамытуға, шығармашылықпен жұмыс істей білуіне машықтандыру;б) тәрбиелік: ана тілін сүюге, ұлттық салт - дәстүрді құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақтың түрі: дәстүрліСабақтың көрнекілігі: жаттығу жұмыстары
Пәнаралық байланыс: әдебиетСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ой толғауларын оқыту
Жаттығу жұмыстарын орындау
№ 1-жаттығу. Бір мағыналы сөздерді бір бөлек, көп мағыналы сөздерді
бір бөлек жаз. Сөздердің көп мағыналылығын мысалдар
келтіріп дәлелде.
Аңшы, ақыл, азық, ана, алтын, бұзау, бұлақ, бет, дәптер, кітап, қол, құлақ,
су, тау.
№ 2-жаттығу. Сөздердің тура немесе ауыспалы мағынада тұрғандарын
анықта. Өзің қалаған 5 сөз тіркесімен сөйлем құрастырып жаз .
Ашық: ашық бөлме, ашық терезе, ашық хат, ашық ауыз.
Жабық: жабық дүкен, жабық жиналыс, жабық есік, жабық мінез.
Суық: суық ауа-райы, суық күн, суық кабинет, суық адам, суық хабар.
Жылы: жылы киім, жылы қабақ, жылы сӛз, жылы үй, жүзі жылы.
Алтын: алтын сақина, алтын сырға, алтын сағат, алтын күз, қолы алтын,
жүрегі алтын.
№ 3-жаттығу. Мына мақал-мәтелдердегі сөздердің тура және ауыспалы
мағынасын ажырат.
1. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер.
2. Ӛнерлінің ӛрісі кең.
3. Ауызы күйген үріп ішер.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.
№ 4-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, жатта. Өлең ішінен ауыспалы
мағынада тұрған сөздерді тауып, көрсет.
Дарқан дала
О, дала! Мұхит дала, неткен кеңсің!
Ақынның ойынан да сен тереңсің.
Сар дала, сараң едің күні кеше,
Япырмай, бүгін неткен берегенсің!
Барқыт тау, жасыл дала, зеңгір аспан,
Күміс кӛл, ерке ӛзен алып қашқан,
Құмартып келем саған бала жастан,
Дариға, жер бар ма екен сенен асқан!
(Қ.Аманжолов)
№ 5-жаттығу.Үлгі бойынша берілген сөздердің омонимдік мағыналарын анықтап, түсінік бер.
Үлгі: Асық – 1. Асық ойнау (зат есім).
2. Үйге асық (етістік).
Асық, ана, айыр, ара, алма, ат, аяқ, асау, бақ, біз, бу, ет, ер, жау, жас, жаз,
жар, кӛрші, қой, қорық, мақта, мін, саз, сый, сен, тарау, тер, тоқсан, түс.
№ -6 жаттығу. Берілген сөздердің антонимдерін тап, олармен сөйлем
құрастыр.
Ақ, жақсы, ескі, қиын, кәрі, үлкен, терең, арық, ыстық, аш, ашық, ұзын.
№ 7-жаттығу. Ішінде антоним сөздер кездесетін мақал-мәтелдерге 10 мысал
келтір.
Үлгі: Жақсы берсең де дос, бермесең де дос. Жаман берсең – дос, бермесең
– қас. Көз – қорқақ, қол – батыр.
№ 8-жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мәтін ішіндегі «халық»,
«бүкіл», «данышпан», «уақыт», «әлем», «келешек» сөздерінің синонимдерін, «жылы», «бас», «біз» сөздерінің омонимдерін, «жоқ», «артық», «өмір» сөздерінің антонимдерін тап.
Әлем таныған Абай
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ғана емес, бүкіл адамзаттың ақыны. Сондықтан ЮНЕСКО шешімі бойынша 1995 жыл – Абай жылы аталды. Ұлы ақын Абайдың 150 жылдық мерейтойының аталып өтілуі туралы ЮНЕСКО-ның бас директоры Федерико Майор былай деді: «Абай - әлемдік маңызы зор тұлға. Ол оқырманға өзінің ақындық сезімімен ғана әсер етіп қойған жоқ, ол азаматтың санасына даналықтың дән ін сепкен данышпан, ойшыл. Оның гуманистік идеялары Еуропаның классикалық философиясымен қалай үйлесіп, ӛріліп жатқанына таң қалмасқа шара жоқ. Бір кезде қазақ ақынын толғандырған проблемалар қазіргі таңдағы кез келген халық өкілінің көкірегінде күмбірлеп жатыр десем, артық айтқандық емес. Егер біздің уақытымыз тұрғысынан қарасақ, Абай - әлемдік поэзия алыптарымен қатар тұрған ғаламат тұлға. Сондықтан да біз Абайдың 150 жылдығын 1995 жылы ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде салтанатты түрде атап өтуді дұрыс деп таптық».Әлем таныған Абай ӛмірі, оның шығармалары – келешек ұрпақ үшін үлгі, өнеге.
№ 9-жаттығу. Мына мақал-мәтелдердің ішінен антонимдерді тап.
1) Қорлық ӛмірден ерлік ӛлім артық.
2) Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.
3) Ақымақ бұзуға бар, түзеуге жоқ.
4) Ӛлі арыстаннан тірі тышқан артық.
5) Ер бір рет ӛледі, қорқақ мың рет ӛледі.
6) Алтау ала болса – ауыздағы кетеді, тӛртеу түгел болса – тӛбедегі келеді.
7) Ескіні жамап киіп, жаңаны іздеп тапқан артық.
8) Кӛп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол.
9) Ащы менен тұщыны татқан білер, алыс пенен жақынды жортқан білер
Бағалау
Жаттығу орындауға белсінділерді бағалау
Үй тапсырмасын беру
Ережелерді қайталау