Урок Жаны?да ж?р жа?сы адам Сыныптан тыс шара
«Жаныңда жүр жақсы адам»
\мектеп мұғалімдері мен жас ұстаздар арасындағы сұхбат алысу кеші\
Мақсаты: Жас ұстаздарға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсініктер айта отырып, тәжірибесі мол ұстаздарды үлгі ету. Олардың еңбек жолындағы жетістіктері мен шығармашылықтарын жас ұстаздарға насихаттау.
Міндеттері:
-Жас ұстаздарды адамдардың өзара қарым-қатынасындағы ынта-ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету.
-Жас ұстаздарды қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын әрі қарай дамыту;
-Жас ұстаздарды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайлыққа, жақсыны сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: «тілек ағашы», «жақсы тілекке толы жүрек», слайд, күн суреті, ұстаздардың суреті.
Өткізілу барысы:
«Жылы алақан» тренингі
«Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен»- деп жүргізуші барлық ұстаздарды ортаға жинайды. Үнтаспадағы баяу музыка орындалады. Әр бір мұғалім сөзін:«Жаныңда жүр жақсы адам» -деп бастап, көршісінің бойындағы құндылықтарын айтып, бір-біріне шығармашылық табыс, көтеріңкі көңіл күй, зор денсаулық тілейді. Осы ретпен ұстаздар әрқайсысы өз тілектерін жалғастыра береді.
«Аспан денелері арқылы топқа бөлу» (күн, ай, жұлдыз)
Кеспе әріптері арқылы бүгінгі кештің тақырыбын ашу. \үш топқа «Жаныңда жүр жақсы адам» деген сөз тартылып беріледі.\
Ерекше біл басқадан,
Адалдыққа бастаған.
Жаны жайсаң қашанда,
«Жаныңда жүр, жақсы адам» демекші, бүгінгі біздің «Жаныңда жүр жақсы адам» атты кешімізге қош келдіңіздер!
Назарымыз экранда болсын. «Жаныңда жүр жақсы адам» бейнеролик
Бүгінгі біздің аса қадірлі қонақтарымызбен таныс болайық. Олар Уразалиева Рауза Муратбаевна, Ахметова Фаузия Фазыловна, Раева Райса Сейдалиевна.
Үш топқа «ұстаз», «ұстаздың асыл қасиеттері», «жаныңда жүрген жақсы адамдарды атау» сөздері таратылып беріледі. Әрбір топ осы сөздерге қатысты өз ойларын жазып, қорғап шығады. \слайд көрсету\ 3 «б» сынып оқушыларының ұстаз туралы жыр жолдарын тыңдайық.
Мира Шектібайқызы мен Салтанатты ортамызға шақырайық. «Жақсы тілекке толы жүрек» (қорытындылау)
Ендігі сөз кезегін келіп отырған қонақтарымызға берейік.
Мұғалім мамандығың таңдауыңыздың себебі неде?
Сіз еңбек жолыңызды қалай бастадыңыз? Райса Сейдалықызы мектеп бітіргеннен кейін сіз бірден оқуға түспедіңіз? Сол кездегі Сейдалы Әшірбеков деген басшының қызысыз.
Ойын: Жүргізуші: «Бәріміз сауаттымыз, дегенмен әліппені білеміз бе?» - дейді. Ойыншы «А» әрпінен бастап, әліппе бойынша әрі қарай қысқа құттықтау сөз тіркестерін айтады. Мысалы, А – Ай дай сұлу болайық. Ә – Әрбір үйге Жаңа жыл қуаныш әкелсін. Б – Бақыт тілеймін. Ең күлкілі сөз тіркесін қатыстырып тілек айтқан ойыншы жеңімпаз атанады.
Сіздердің шәкірттеріңіз бен ата-аналарыңыздың жылы лебіздеріне назар аударайық.
\слайдтар көрсету\
Шағын концерттік номерлер
1.
2.
3.
Ойын: Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, ұстаз, әке, ана, бала, мектеп, ауыл т.б. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
«Тілек ағашы»
Ән: «Жақсы адамдар»\ хормен\