Та?ырыбы: Жаны?да ж?р жа?сы адам
Тақырыбы: Жаныңда жүр жақсы адам
Мақсаты:
Оқушыларға адамды жақсылыққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік беру.
Міндеттері:
Оқушыларды адамдардың өзара қарым – қатынасындағы ынта – ықылас, жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету;
Оқушылардың қоршаған ортаға, айналысындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту;
Оқушыларды сүйіспеншіліккке, сезімталдыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері
Оқушылар шеңбер құрып «Ауыл қарттары» әнін хормен орындайды.
Әңгімелесу
Айналадағы адамдардың жақсылығын қалай сезінесіңдер?
«Жаңында жүр жақсы адам» дегенді қалай түсінесіңдер?
Жақсы іс адамның қандай әрекеттерінде көрініс табады?
«Әрбір жақсы істің жарасымдылығы жүрекке нұр шашады» дегенді қалай түсінуге болады?
Ізгі ниет пен ыстық ықылас адамға не үшін қажет?
Мәтінмен жұмыс
Әже мен немере арасындағы мейірім мен шапағаттың нұрланған үстіне нұрлана беретін ғажайып бір сәуле секілді екендігін оқушыларға жеткізіледі. Мәтінмен жұмыс жасауда оқушылар қазақ халқының ұғымындағы « қасиет» сөзінің құдіретін, оның адам өміріндегі мәнін ұғынады.
«Қасиет» С. Бақбергенов
Мәтінді зер салып тыңдаған оқушылар мына сұрақтар төңірегінде толғанып, әрқайсысы өз тұжырымын жасайды.
Мейірімді әже неліктен ауыр сөз айтуға мәжбүр болды?
Немересінің әжесі айтқан бір ауыз сөзді ұмытпай жүруінің мәнісі неде?
Өздерінің де жақын адамдарыңнан қатты сөз естіген кездерің болды ма?
Адам бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?
Қандай қасиеттер адамның мерейін үстем етеді?
Дәйексөз
«Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да, ал жаман адамды көргенде өзінді – өзін зертте.» Конфуций
(Нақыл сөзді оқушылар дәптерлеріне түсірді)
« Әже туралы ән» Қарақаттың бейнебаяны интерактивті тақтадан көрсетілді . Оқушылар әнді бірге хормен шырқады.
Сергіту сәті
«Жаңбыр жауды» жаттығуы орындалды.
Тапсырма(әр оқушыға парақшалар таратылады)
Мына төмендегі сөйлемдерді өз ойларынша әрі қарай жалғастырыңдар.
Менің досым..................
Менің ойымша, жақсы адам болу үшін..............
Мен сыныптасымды оның......................үшін жақсы көремін.
Бәрінен де менің жақсы көретінім, адамның бойындағы.............. қасиетттері.
Мен сабақта жақсы нәтиже көрсетер едім, егер де.............
Үйге тапсырма
Оқушыларға үйге тапсырма ретінде «Қасиет» атты мәтіндегі мына сөздерді жаттап алу ұсынылды.
Бал болмаса, ара қасиетсіз,
Жаңбай қалған шала қасиетсіз,
Өнерсіз болса, бала қасиетсіз,
Әділетсіз болса, дана қасиетсіз,
Ащысыз болса, тұз қасиетсіз,
Ұятсыз болса, қыз қасиетсіз,
Көк шықпаса, жер қасиетсіз,
Өз ойы болмаса, ер қасиетсіз,
Жігері болмаса, жігіт қасиетсіз.
Жүректен жүрекке
Оқушылар шеңбер құрып тұрады . олар өздерінің жанында жүрген жақсы адамдарды көз алдыларына елестетіп, олады қандай қасиетіне қарап жақсы адам деп ойлайтындықтарын кезекпен айтып шығады. Мысалы:
1-оқушы:
Мен анамды жанымдағы ең жақсы адам деп білемін. Ол мені өмірге әкелді. Ақ сүтімен асырап, мәпелеп өсірді. Анамның маған деген шесіз махаббатын мен ештеңеге теңгермеймін.
2-оқушы:
Мен үшін ең жақсы адам – менің әкем. Әкемді қатты жақсы көремін. Біз екеуміз дос сияқтымыз. Мен көбінесе әкеммен ақылдасып, көп нәрсені әкемнен үйренемін.
3-оқушы:
Маған бәрінен әжем мен атам жақын. Олар мені кішкентай кезімнен өздері әлдилеп өсірді. Қазір де мен үшін олардың ыстық құшағынан, мол мейірімінен артық ештеңе жоқ.
4-оқушы:
Мен нағашы атамды жақсы адам деп ойлаймын. Жазда ауылға барғанда нағашыларым маған барлық ықыластарын арнап, маған деген сағыныштарын жеткізе біледі. Мен де оларды үлкен жүрекпен сүйемін.
Оқушылардың әрқайсысы кімді жанында жүрген жақсы адам деп, ойлайтындықтарын айтып, жалғастыра береді.
Мұғалім сөзі:
Адамдар бірін - бірі жақсы көріп, бір - біріне қамқор бола білсе, олардың қарым – қатынасынан сыйластық, жанашырлық, ізет, инабаттылық әрқашан сезіліп тұрады. Әр адам барша қауымды сыйлап, жанына жақын тарта білуі керек.
Құрметті балалар,осымен сабағымыз аяқталды.Келесі кездескенше аман сау болыңдар!