Саба?тан тыс іс-шара Математика саз ?лемінде


Математика саз әлемінде
Жүргізуші:
Қымбатты ұстаздар, өнер-білім сүйгіш жас достар.
Бүгінгі біздің « Математика саз әлемінде» атты кешімізге қош келдіңіздер! 
Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй - деп Абай атамыз жырлағандай сайысымызды ашуға рұқсат беріңіздер.
Сайысымыздың шарттарымен таныстыра кетсек, 
Сәлемдесу , таныстыру.
Сандарға байланысты әнді тауып, бір шумағын айтып беру керекМатематикалық жұмбақтарды шешу
Математикалық мақалдар айту (ішінде сандар болу керек)
Математикалық айтысМатематика , физика пәндеріне арналған ән шумақтары
Жүргізуші:
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,
Көңілім әнді ұғады,
Жүрегім бойды жылытып , деп әділ қазылар алқасын сайлап алайық
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Жүргізуші:
Жарыс заңы ежелден Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектен жалықпай Сәт сапар тілеп бәріңе Сайысты біздер бастайық Көрсетіңдер білімді Қалмаңыздар жасқанып. 
Ал енді топтарымызды ортаға шақырайық,
Қарсы алыңыздар!
І-топ «Сәулем-ай» ІІ- топ «Үкілім-ай»
Жүргізуші:
Математика сырлары, Қызықтырды біздерді Ойынға бірге қатысуға , Шақырамыз сіздерді. Білмеймін деп қысылма, Талабың болса бабында Өнерлінің ырысы, Жарқырап жатыр жолында .
1.Таныстыру сайысы.
Жүргізуші:
Оқушылар  сөз кезегін алады,
Таныс болған әндерді салады.
Әр топтың ән  өнерін көрейік,
2- сайысқа кезек берейік.
Сандарға байланысты әнді тауып, бір шумағын айтып беру керек (сандар қағазға жазылып, жасырын болу керек оқушылар кезекпен санды таңдайды) мысалы: 1; 2; 5; сияқты
Жүргізуші:
Қиыннан қиысады сөз сарасы,
Мақалдың  бар болар сан-санасы,
Әдебиет пәнінің бір өзінде,
Бар екен  сандарға да қатыстары
3.Математикалық жұмбақтарды шешу:
Жүргізуші:
Математикалық жұмбақтар.
информатикалық атаулар мен ұғымдар
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық кезек бізде дей отырыпМатематикалық-информатикалық жұмбақтарға кезек берейік.
1.«Ас -адамның арқауы»
Ал компьютердің асы? (электр тоғы)
2. Үлкен кіші сандарды сен
Ажыратқын келсе егерҚандай таңба қояр едіңҚане ойлан куәгер (теңсіздік)
3.Ақпаратты сақтап таратқанЖұртты өзіне қаратқан (монитор)
4. Патшаларға мола болғанГеометрияға мұра болған. (пирамида)
5.Тетігін баса алаңсыз,
Жазады қалам қағазсыз (компьютер)
6. Бірдей санды бірнеше ретКөбейтуден тұрадыЕгер оны ықшамдасаңҚандай атау болады? (дәреже)
7.Жануарға ұқсас атым бар,
Бағдар көрсетер затым бар
Кілемше үстінде тұрамынЕң қажетті құралмынБілсеңдер,қане айтыңдар (тінтуір)

8. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейдіКөңілге армандаған қона бермейдіБүтін нәрсе бөлігін көрсететінҚандай сан бар достарым пікір демейді. (бөлшек сан)
9. Нүктеден екі сәуледенҚұралған айтшы бұл не екен? (бұрыш)
10. Нәрселерді санағандаКерек ол бізге ауадайАйтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан)
Ендігі кезекті жанкүйерлерге берейік____________________________________
4. Тапсырма. Математикалық мақал - мәтелдегі қажетті санды табу керек.
1. (2) жарты –(1) бүтін.
2. 100 - ден біреуі шешен -(1000)- нан біреуі көсем.
3. (7) рет өлшеп (1) рет кес.
4. (1) кісі қазған құдықтан, (1000) кісі су ішер.
5. (30) Тістен шыққан сөз, (30) рулы елге жайылады.
6. Жігіт адамға (70) өнерде аз.
7. (6) ала болса, ауыздағы кетеді. (4) түгел болса, Төбедегі келеді.
8. (50) жылда ел жаңа (100) жылда қазан.
9. (100) сом ақшаң болғанша (100) жолдасың болсын.
10. Бесік баласы (5) түлейді.
11. (90) ауыз сөздің ,Тобықтай түйіні бар.
12.Білгенің бір (9 ),білмегенің ( 99 )
Жүргізуші :
Құлақ сал құрметті көрерменСөз бастайын термелетіп өлеңменТәрбиелі, білімді боп әрқашан5.Өс, өркенде қанат жайып кемелден - деп айтыс өнерін тамашалыңыздар
5-ші сайыс:Математиткалық айтыс (топ басшылар айтысады)
Руслан
Ассалаумағалейкум халқым менің
Иіліп сәлем беру салтым менің.
Математика апталығы құтты болсын
Ойлары оқушылардың жаңалыққа толсын.
Әрқашан еңбектері жемісті боп
Ежелгі гректердей мықты болсын.
Талай ғалым тер төккен біздер үшін
Оқып , білсін , үйренсін ғылым үшін
Үйреніңдер білімді ,іздеңіздер.
Ал достым айтыскер Аяжан деген
Екеумізде әр топтың басшысымыз
Жауап берші бірнеше сауалыма
Хабарың барма сенің тарихи мәліметтен.
Сүйікті алгебра пәніміз
Қай уақытта әлемге әйгілі болған
Алғаш рет алгебраны зерттеп жазған
Білсең кім, айтшы достым аты –жөнін.
Аяжан
Ассалаумағалейкум халқым менің
Иіліп сәлем беру салтым менің
Басталды міне апталықта
Жыр –шашуды мен дағы ала келдім
Ат қойдық тобымызға «Үкілім-ай» атты
Зерделеп отырсын деп әрбір затты
Бұл топта есепші мен әншілер бар
Кеудесі алаулаған, жалындаған
«Зерденің» әрқашанда орны бөлек
Баршаңа басын иіп тұрар ерек.
«Зерекпен» енді міне сайысуға
Дайын тұр көкке ұшатын қырандай боп.
Ал достым сауалыңа жауабым дайын менің.
Сұрадың алгебра жайлы мәліметті.
Айтайын мәлім етіп жауабын бұл сұрақтыңАлгебра пәніміз IX ғасырда әйгі болғанАлғаш рет алгебраны зерттеп жазғанБілсем мен әл- Хорезми болған еді.
Қарсылас Русланжан қалың қалай?
Отырмысың айтысуға жаның қалмайБілсең сен сұрағыма жауап бершіПифагор кім, неліктен ғылымда аты қалды?
Руслан
Жауабыңа сүйсіндім замандасымСен де оңай беріспес жеңісті қолдан дедімСауалың орынды, ізденгенің көріндіКім білмейді атақты ПифагордыТеоремасы үшбұрышқа қойылдыАшқан жаңалық теоремасы үшінЕртеде 100 өгіз де сойылды.
Жауабыма толса көңіліңАзда болса сұрағыма уақытыңды бөлгін.
Хабарың барма сенің теңгелерденАқын , жырау, күйші, батыр бейнеленген.
Қазақтың төл ақшасы теңгелерденАйтшы білсең 20 мен 10 теңгедеБейнеленген кім 100 теңгеде?
АяжанСауалыңа жауабым дайын құрбым,
Кім білмейді қазақтың төл теңгесінКім білмейді Абайдай ұлы ақындыБейнесі бедерленген 20-қ төл теңгедеАлгерамен әлемге әйгі болғанТөл теңгеде бейнесі жарқырағанӘл- Фараби есімін кім білмейді1 теңге мен 100 теңге белгісінде аты қалғанБілгенімді жасырман , айтайын ойды анығынан10 теңгеде бейнесі бар шоқ жұлдызымыз Шоқан аға ғой.
Жауабым көңіліңе ұнасаСауалым бар өзіңе ұнасаБіз міне 21-ғасыр ұрпағымызОйлансаң ой тоқтатып, өткен күнгеБабалар ерте кезде санаудыЕсептеуді қалай білді?
Руслан
Бабалар ерте кезде санағандаЕсепшотты ұсақ таспен , алмастырғанКейіннен тәжрибе толыққан соңАбакты есеп шоттай ойластырған.
АяжанЖарайсың, айтыскер ақын құрбымЖүйріктігің айтыста көрінді тымОсыменен аяқтайық енді бізКелесі кездескенше аман болыңызшы, сіз.
6-шы сайыс: Математика және физикаға арналған ән шумақтары
ФИЗИКА («Ана туралы жыр» әнімен )
Әлемдік тартылыс
Күшін сен сыйладың
Ауырлық,үйкеліс
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған
Тұрақты сандарды
Ом менен Нютонның
Әртүрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған
МАТЕМАТИКА ( «Ананың тілі» әнімен)
Мектепке келдім,ұстазды көрдім,
Жазу,сызу мен санау ұйрендім.
Сан менен өрнек, теңдеу мен бөлшек
Сырына оның үніліп көрсек
Математика - бар ілім басы,
Математика- ғылым патшасы.
Математика-өмір тірегі
Математика- шәкірт жүрегі.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз
Сенсіз уақытты біле алмаймыз
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз, Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе. Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда, Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт. Мықты болсаң – заманыңды көктеп өт- деп сайысқа қатысушы оқушыларымызды қошеметтеп қояйық.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, барлықтарыңыз да біздің ұстаздар сияқтысыздар.
Біз сіздерге жақсы көңіл- күй сыйлап, сіздердің естеріңізде қалғымыз келеді.
Ұстаз деген – сөйлер сөздің сәні,Ұстаз деген – осы өмірдің мәні.Жалпы қауым тәлім алып оданҰстазына бас иеді бәрі!Ұстаз деген – тәрбиеші тұлғаБілім берген ұлға және қызғаҚұрметтейді сыйлап, ардақ тұтыпШәкірттері бөлеп ән мен жырға –дей отырып сіздерге
_________________________________________________________________________
Жүргізуші:
Ұстазым, асыл ардағымСіңірген бақыт бұлағынҰстаздар айтқан ақылынЖүректен ұғып тұрамын
Кезекті сөзді қазылар алқасына берейік!
(жеңімпаз командасын марапаттау)Жүргізуші: Осымен «Математика саз әлемінде » атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!
1-ші сайыс 1-топ Таныстыру Ауырмайды жүрек әнімен
Бисмилла деп бастаймыз сөздің басын
Амандасып алайық қарсыласым
Бүгінгі сайысқа келген қауым
Қалайсыздар біз бастаймыз
Ауырады жүрек ауырады
Алгебраны егер білмесек
Ауырады жүрек ,ауырады
Физиканы егер білмесек
Ауырады жүрек ауырады
Кестесін де сызып білмесек
Аристотель, Ньютон, Әбу-насыр
Солардың ізімен келеміз
Ауырмайды жүрек ауырмайды
Бүгінгі сайыста жеңбесек
Ауырмайды жүрек ауырмайды
ҰБТ-дан тек «5» алсақ
Ауырмайды жүрек ауырмайды
Мұғалімдердің үмітін ақтасақ
2-топ таныстыру АЛГЕБРА МӘҢГІ ӘЛЕМДЕ
1.Бүгінгі мына жарыс охо-хоу
Талайдың арманы еді охо-хоу
Алгебра ең керегі охо-хоу
Білесің достым
2.Жетелеп алға мені охо-хоу
Ерекше пәндер еді охо-хоу
Геометрия егізі еді охо-хоу
Білесің достым
Қ-сы
Ай-ай-ай-ай,чип,чип,чип
Чип,чип,чип аха
Чип,чип,чип,чип
Алгебра мәңгі әлемде
3.Бүгінгі мына жарыс охо-хоу
Тамаша болар еді охо-хоу
Ойнаймыз да жеңеміз охо-хоу
Бүгінгі жарыста
4.Ұғыншы сенде осыны охо-хоу
Физика бірге жүреді охо-хоу
Математика мәңгі әлемде охо-хоу
Түсінші достым
Қ-сы
3. Тапсырма. Математикалық мақал - мәтелдегі қажетті санды табу керек.
1. ( ) жарты –( ) бүтін.
2. ( ) - ден біреуі шешен -( )- нан біреуі көсем.
3. ( ) рет өлшеп ( ) рет кес.
4. ( ) кісі қазған құдықтан, ( ) кісі су ішер.
5. ( ) Тістен шыққан сөз, ( ) рулы елге жайылады.
6. Жігіт адамға ( ) өнерде аз.
7. ( ) ала болса, ауыздағы кетеді. ( ) түгел болса, Төбедегі келеді.
8. ( ) жылда ел жаңа ( ) жылда қазан.
9. ( ) сом ақшаң болғанша ( ) жолдасың болсын.
10. Бесік баласы ( ) түлейді.
11. ( ) ауыз сөздің ,Тобықтай түйіні бар.