Отбасы — ба?ыт мекені ата-аналар?а арнал?ан психологиялы? ке?ес саба?
-184785-434340
А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Облыстық семинар-практикумде өткізілген мастар-класс «Отбасы бақыт мекені»
Ата-аналарға арттерапия және фототерапия элементтерімен
психологиялық кеңес сабағы
2014-15 оқу жылы
-184785232410
Мақсаты:
Ата-аналарға отбасылық құндылықтар жөнінде ой салу;
Отбасындағы жағдайды саралауға дағдыландыру;
Ананың рөлі бала үшін ерекше екендігін ұғындыру.
1.Танысу
Құрметті ата-аналар! Мына қағаз салфеткалардан қуыршақ бейнесін жасап, сол қуыршақ атынан өзіңіз туралы айтып берсеңіз.
2. Аяқталмаған сөйлем
Мен сөйлемді бастаймын, ал сіздер қағаздарыңызға жалғастырып, толықтырып жазып отырыңыздар:
Отбасы – бұл...
Менің балаларым...
Менің отбасымның қуанышы...
Менің отбасымның сәтсіздігі...
Менің отбасымда...болғанын қалаймын.
3. «Менің отбасым гүлдер бейнесінде» арттерапия
Л.Д.Лебедеваның авторлық әдістемесі
Әр ата-ана өз отбасын гүл бейнесінде бейнелеп, суретін таныстырып, әңгімелеп береді.
4. Мысал:
Ертеде бір отбасы болыпты. Ол қарапайым отбасы емес, құрамы 100 адамнан тұрыпты. Түгел бір ауылды бір отбасы мекен етеді екен. Сіздер «әлемде көп балалы отбасылар аз ба, олардың несі ерекше» дерсіздер. Бірақ бұл отбасы ерекше еді. Отбасында келісім мен түсіністік, махаббат пен молшылық орнаған. Яғни бір ауылда ұрыс-керіс те, төбелес пен келіспеушілік мүлдем болмапты.
Бұл отбасы туралы әңгіме ел басындағы ханға да жетіпті. Хан елдің айтқаны рас па, жоқ па өз көзімен көруге жолға шығыпты. Ауылға келіп, айналаның тазалығы, әдемілігі, молшылық пен бейбіт өмірді көргенде көңілі қуанып, таңқалып қалады. Балалары қуанышты, қарттарының көңілі тоқ. Хан бұл кереметтің құпиясын білгісі келіп отағасына келеді. «Маған айтшы, осындай бейбіт-тыныш өмірге қалай қолжеткізіп отырсыздар» отағасы қағаз бен қалам алып, жаза бастады. Ұзақ жазды. Болған соң қағазды ханға берді. Хан қағазды алып асыға оқи бастады. Қағазда үш сөз жазылыпты. МАХАББАТ, КЕШІРІМ, САБЫРЛЫЛЫҚ. Және жүз рет махаббат, жүз рет кешірім, жүз рет сабырлылық. Осы сөздер әрбір отбасының бақытты өмір сүруіне негіз бола алады – депті.
5. «Бақытты отбасы шеңбері»
махаббат
шыдамдылық
сабырлылық
бірлік
кешірім
қамқорлық
түсіністік
сыйластық
6. «Сіз қандай анасыз»
Мына үстел үстінде жатқан заттардың ішінен, сіз балаларыңыз үшін қандайсыз, сонымен ассоциацияланатын затты алып әңгімелеп беріңіз.
7. «Өзіңді және басқаларды суретті талқылау арқылы түсіну» фототерапия
Үстел үстіне әртүрлі тақырыпта түсірілген 140 фотосуреттерді (қосымша 1) жайып қойып, әр ата-анаға бір суретті таңдауын сұраймыз.
Суретті таңдағаннан кейін жүргізуші сұрақтар қояды, әр ата-ана өз ішінен сұрақтарға жауап беріп отыруы керек.
Сұрақтар:
Бұл сурет қалай пайда болған?
Суретте кім немесе не бейнеленген? Сурет не туралы?
Суретке қандай ат қояр едің? Неге?
Суретте қандай оқиға болып жатыр? Ол қай жерде түсірілген? Авторға осы суретті түсіруге не себеп болды деп ойлайсың?
Суретті қарап отырғанда ойыңызға келетін алғашқы үш сөз қандай?
Суретті қарап отырғанда қандай сезімдер пайда болады?
Сурет сізге нені еске түсіреді?
Суретте сізге ең ұнайтыны? Ең ұнамайтыны?
Бұл суретті толықтыратындай тағы не жетпейді деп ойлайсыз?
Осы суреттен нені өзгерткіңіз келеді? Дәл осы жерде өзгеріс енгізсеңіз сурет қандай болып көрінер еді?
Егер сізге осы сурет түсіріліп жатырған кезде өзгертуге мүмкіндігіңіз болса, нені өзгертер едіңіз?
Егер сіз автордың орнында болсаңыз бұл суретті түсіресіз ба? Неге ия? Неге жоқ?
Осы суретті кімге бергіңіз келеді? Егер біреуге берсеңіз оның себебін қалай түсіндірер едіңіз? Суретті бергенде өзіңізді қалай сезінер едіңіз?
Егер сурет сөйлей алатын болса, ол не айтар еді. Сурет пен екеуіңіз диалог құрғанда: не туралы әңгімелесер едіңіз? бұл әңгімелесу кезінде не сезінесіз?
Осы суретте хабарлама бар деп ойлайсыз ба? Ол құпия ма? Сұрақ па? Уайымдатады ма? Жамандық акеледі ме?
Бұл сурет сізден нені сұрамайды? Ол нені жасырып тұр?
Осы суретке не айтқыңыз келеді, не тілегіңіз келеді, не сұрағыңыз келеді?
7. Рефлексия
Осымен бүгінгі кеңес сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңызға алғысым шексіз. Әр отбасында тек махаббат пен түсіністік орнасын. Балаларымыз бақытты отбасында тәрбиеленсін. Мына қызыл және көк қағаздарға бүгінгі кеңестен алған әсерлеріңіз бен ұсыныстарыңызды жазып беріңіз.
356489067945
Нургалиева Айдана Атомвекқызы
А.Хұсайынов атындағы орта жалпы
білім беретін мектебінің педагог-психологі,
Жұлдыз ауылы, Казталов ауданы,
Батыс Қазақстан облысы