Казахский язык на тему Бастауыш болатын с?з таптары
Сыныбы: 8 «ә» Пәні: Қазақ тіліСабақтың тақырыбы: Қатемен жұмыс.Бастауыш болатын сөз таптары.
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік. Жазбаша грамматикалық сауаттылығында жіберілген олқылықтарды жою, білімдерін нақтылау;2. Дамытушылық. Ойын, есте сақтауын, көркем жазуын дамыту, талдау жұмыстары арқылы білім, білік дағдыларын жетілдіру;3. Тәрбиелік. Ұқыптылыққа, аңғарымпаздыққа тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру.Сабақтың барысы.1. Ұйымдастыру.Оқушымен амандасып, түгендеу. Сабаққа назар аударту.2. Сабақтың мақсатын қою.Жазба жұмысын жазуда жіберілген қателермен жұмыс жүргізу.Тілдік талдау арқылы теориялық білімін практикада қолдана білуге дағдыландыру.3. Білімді тексеру кезеңі.1. Диктантта жіберілген қателерді көру арқылы байқау, мұғалімнің түзетуі бойынша солсөзді салыстыру арқылы қате және қатесіз түрін табу.2. Сөйлем мүшелеріне талдау.
3.Морфологиялық талдау.Жаңа сабақ.
Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер болып екіге бөлінетінін өткен сабақта айтқан болатынбыз. Біз бүгін тұрлаулы сөйлем мүшесінің бірі бастауышқа кеңінен тоқталамыз. Оның құрамына қарай түрлерімен, қай сөз таптарынан жасалатынын меңгереміз. Олай болса, бүгінгі күннің жадын жазып, тақырыпты жазып алайық.Тұрлаулы мүше – сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш.Бастауыш – сөйлемде айтылған ойдың иесі, сөйлемнің негізі, басты өзекті мүшесі.
Бастауыштар құрылысына қарай мынадай болып болып бөлінеді:
Құрылысына
қарайСұрақтары: Кім? Не? Кімдер? Нелер? Кімім? Нем? Кімің?Нең?
Дара Омар қырман басында жүр.Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін КүрделіТуған жерім – әйгілі Шалқар өңіріКүле беру ыңғайсыз. ҮйірліЖұмысы жоқтық аздырар адам баласын– Енді, бастауыштың қай сөз таптарынан жасалатынына назар аударайық.
Бастауыш болатынсөз таптарыСөйлемдерЗат есімАбайлар Қарашоқыға түс ауа жетті.
ЕсімдікӨзіміз де жүргелі отырмыз.
Сын есімКөп қорқытады, терең батырады.
Сан есімБерерменге бесеу көп.ЕсімшеӘке көрген-оқ жонар,
Ана көрген-тон пішер.
Тұйық етістікТыңдау – мәдениеттіліктің белгісі.
Одағай«Ә, құдай!» – күйзелгеннің белгісі.
ҮстеуШапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.
Олай болса, бәріміз тақтаға қараймыз. Мына сөйлемнен тұрлаулы мүшені тауып көрейік:– Шығысқа қарай беттеген үлкен кеме теңізді тіліп келеді.Мұндағы, бастауыш – кеме, баяндауыш – тіліп келеді.Ал,енді сол тұрлаулы мүшелерді алып тастап оқып қарайық. Нені байқадық? – Айтатын ой аяқталды ма?– Яғни, бұдан біз нені аңғардық? Бүгінгі тұрлаулы мүшелер сөйлем құрауға негіз болады екен. Бұл тұрлаулы мүшелердің басты ерекшелігі.Кітаптарымыздан ережені оқимыз. Бастауыштың ережесі оқылады.Мысалы: Құнанбай да тысқа шықты. (Кім шықты?)Бастауыш – Құнанбай, баяндауыш – шықты.ІV. Дәптермен жұмыс.36 – жаттығу. Жазбаша орындалады.Ауылдың маңы – терең сай. (күрделі)Балалар шуы – ең тәтті шу. (күрделі)Асық ойнаған – озар.Доп ойнаған – тозар. (үйірлі)Жығылған тұра алады.(дара)Алтау ала болса – ауыздағы кетеді,Төртеу түгел болса – төбедегі келеді. (дара)Оның айтып отырғаны – рас. (күрделі)Ол өзі – мықты. (күрделі).
37 – жаттығу. Ауызша орындалады.1) У қарағай – зат есім.2) Ол – есімдік.3) Адамдар – зат есім.4) Ол – есімдік5) Жылқы – зат есім6) Бұғылар, еліктер – зат есім.7) Олар – зат есімЕнді бүгінгі сабағымызға байланысты тапсырмалар орындаймыз.
1.Зат есім ………. маған амандасты.2.Есімдік Ертең ………. он үшке келеміз.3.Сын есім ……….. – ісімен жақсы.4.Сан есім ……….. екіге де, үшке де бөлінеді.5.Есімше ……….. білер бір сөзді.6.Тұйық етістік ……….. оңай, істеу қиын.7.Одағай ………… – жекіру одағайы.Яғни, балалар байқап отырғанымыздай, бастауыш көбінесе зат есімнен жасалады екен.V. Бекіту.Сонымен, балалар, біз бастауыш дегенде нені айта аламыз?
VІ. Үйге тапсырма. Шығармашылық деңгейдегі тапсырманы орындау.Сын есімді, сан есімді, есімшені, тұйық етістікті, одағайды бастауыш етіп сөйлем құрап келеміз
Бағалау.