Саба? жоспары математика 3-сынып ?а??а — денені? тірегі


Сабақтың тақырыбы: Қаңқа — дененің тірегі.
Сабақтың мақсаты: Балаларға адам организмінің тірегі болып табылатын қаңқа жөнінде жалпы түсінік беріп, оның құрылымымен таныстыру; өзіндік бақылаулар мен байқау нәтижелеріне, тәжірибелік жұмыстарға сүйене отырып талдау жасауға үйрету, тазалық дағдыларын, байқампаздың қабілетін дамыту. Сабақтың көрнекілігі: «Адам қаңқасы» плакаты.
Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту. Өзекті сұрақ.
Біз адам - табиғаттың бір бөлшегі екенін білеміз. Ол еңбек етеді, ойлайды және жануарлардан осынысымен ерекшеленеді («Адамның дене құрылымы» атты кестені ілеміз).
Адамның барлық дене мүшелерінің бір-бірімен мықты байланыста екенін дәлелде. Адам организмі біртұтас дүние деуге бола ма?
II. Жүзеге асыру.
Жаңа тақырып бойынша жұмыс.
Практикалық жұмыс.
Балалар басын, маңдайын, желкесін, шынтағын, тізесі мен қол саусақтарын ұстап көреді.
Сендер нені ұстап көрдіңдер? (Сүйектерді)
Олар қандай екен? (Қатты, мығым)
Қорытынды. Сүйектер бір-бірімен мықты байланысып тұр, солардан қаңқа құралады.
2. «Қаңқа» плакаты бойынша жұмыс істеу.
- Қаңқаның бөліктерін ажырата білу керек. Оқулықтағы тапсырма бойынша тәжірибе жұмысы.
3. Мәтінді оқу, адам қаңқасы және дұрыс отыру туралы негізгі ойларды анықтау.
- Мәтін бойынша әңгімелесу.
- Адам қаңңасы қандай рөл атқарады?
4. Негештің сұрағы:
- Адам неге құлаудан, бір жерін соғып алудан сақтануы қажет?
Балалар сабақта өздері жасаған бақылау нәтижесі бойынша қорытынды шығарады, сызба құрастырады.
Қаңқа дене тұлғасын құрайды, қозғалысты қамтамасыз етіп, маңызды ішкі ағзаларды зақымданудан қорғайды. Қаңқа қол мен аяқ, бас, кеуде мен барлық дене мүшелері үшін тірек рөлін атқарады. Адам денесінің сымбаттылығы да қаңқаға байланысты.
Адам дұрыс отыруға, дұрыс жүріп-тұруға дағдылануы үшін не істеуі қажет?
Дұрыс жүріп-тұрмау салдарынан жүрек, өкпе мен ішкі ағзалар қызметі бұзыла ма?

Үй тапсырмасы. Дене сымбатын сақтау ережелерін қалыптастыру. «Қаңқа - дененің тірегі» мәтінін оқу.