Саба?ты? та?ырыбы: Баяндауыш. Баяндауыш болатын с?з таптары


Қазақ тілі пәні 8 сыныпСабақтың тақырыбы: Баяндауыш. Баяндауыш болатын сөз таптарыЖалпы мақсат: Оқушылар сөйлем мүшелері туралы түсініктерін кеңейтеді. Баяндауышпен танысады, баяндауыш болатын сөз таптарын ажыратады.Сілтеме: «Қазақ тілі» жалпы білім беретін мектептің 8 - сыныбына арналған оқулық С. Аманжолов, А. Аманжолов, Г. Қосымова «Мектеп»2004Оқу нәтижесі: Сабақ оқушыларды оқуы үшін жауаптылыққа, қалыпты емес ойлау тәсілдері тақырыпты түсінуге ынталандырады.Түйінді идеялар: «Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, араласпаңыз. Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды және оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді» «Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау»(1998)Сабақта қолданылатын материалдар: А4 парақтары, парақшалар, тақырыптық презентациялық жазбалар, үлестірме парақтарОқыту әдістері: 1. Топтық жұмыс2. Жеке жұмысТапсырмалар Оқыту барысындағы мұғалімнің әрекеті/жетелеуші сұрақтарПсихологиялық ахуал туғызу2 минут Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, топқа бөліну ұсынылады.1. «Кел, балалар, оқылық,Оқығанды көңілге,Ықыласпен тоқылық»2. «Ғылым таппай мақтанба,Орын таппай баптанба»3. «Білім - таусылмайтын кен,Ақыл - сарқылмайтын бұлақ»I тапсырма«Ой шақыру»5 минут - Адамдар бір - бірімен не арқылы түсініседі?- Тиянақталған ой не арқылы жүзеге асады?- Сөйлем дегеніміз не?- Сөйлем құрылымына қарай нешеге бөлінеді?- Сөйлем мақсатына қарай нешеге бөлінеді?- Хабарлы сөйлем дегеніміз не?- Сұраулы сөйлем дегеніміз не?- Бұйрықты сөйлем дегеніміз не?- Лепті сөйлем дегеніміз не?- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?- Дара мүше, күрделі, үйірлі мүше дегеніміз не?- Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай нешеге бөлінеді?- Бастауыш дегеніміз не?II тапсырма«Ойлан,жұптас, пікірлес»Оқушылар топтарға бөліне отырып, әр топта ұсынылған тақырыппен танысады. Оларға қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алу тапсырылады. Жинаған мәліметтерін тірек сөздер арқылы түсіндіреді.I топ:- Баяндауыш - сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі- Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс - әрекетін, қимылын, жай - күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.- Баяндауыш сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайды. Кейде сөйлемде бастауыш айтылмаса да, баяндауыш бар жерде бастауыш жоғалмайды.- Баяндауыш құрылысына қарай дара, күрделі, үйірлі болып жіктеледі.II топ- Баяндауыш - сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі- Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс - әрекетін, қимылын, жай - күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.- Баяндауыш болатын сөздер көбінесе жіктік жалғауларында кейде атау тұлғада, тәуелдік, септік тұлғада тұрады.- Сөйлемде етістік, сын есімдер, зат есімдер баяндауыш болады.III топ- Баяндауыш - сөйлемдегі тұрлаулы мүшенің бірі- Баяндауыш сөйлемдегі бастауыштың іс - әрекетін, қимылын, жай - күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіреді.- Сан есімдер, есімдіктер, көмекші етістік пен еліктеуіш сөздер баяндауыш болады.