»?аны??ан ж?не ?аны?па?ан бу«та?ырыбына ашы? саба?ыны? саба? жоспары
Сабақтың тақырыбы: Қаныққан және қанықпаған бу.
Мақсаты:
Білімділік: Булану және конденсациялау ұғымдарын терең меңгертіп, қаныққан және қанықпаған бу туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Қоршаған ортаға деген ғылыми көзқарас және ой-өрісін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұжымшылдыққа, шапшаңдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді игеру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: СТО әдістері, ЖИГСО әдісі
Пәнаралық байланыс: математика, информатика, география.
Көректілігі: интерактивті тақта, плакат, ақ қағаз.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. «Оқыған білер, әр сөзді» /сөзтуым шешу /.
ІІІ. Жаңа білімді игерту /ЖИГСО әдісі/
ІV. Жаңа сабақты бекіту /5 жолды өлең стратегиясы /.
V. «Ойлан тап» /Семантикалық карта толтыру /.
VІ. «Кім жылдам» Есептер шығару.
VІІ. Қорытындылау, үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұымдастыру бөлімі.
ІІ. «Оқыған білер, әр сөзді» /сөзтуым шешу/.
1. Кебудің жедел түрі?
2. Джоульмен өлшенетін физикалық шама?
3. Сұйықтың бетінде жүретін булану?
4. Жылу берілудің бір түрі?
5. Сұйық күйден қатты күйге айналу процесі?
6. Жылу берілу кезінде алынған энергия?
7. Будың сұйыққа айналу құбылысы?
0254000
ІІІ. Жаңа білімді игерту /ЖИГСО әдісі /.
Жоспар: 1. Қаныққан бу
2. Қанықпаған бу
3. Бізді қоршаған ортада судың булану және конденсациялануының маңызы
1. 3 қатарға мәтіндерді тарату, №1, 2, 3.
1-қатардың оқушыларына №1, 2-қатардың оқушыларына №2, 3-қатардың оқушыларына №3 мәтінді тарату.
2. Әрқайсысы өз бетімен оқып шығып, бірлесіп талқылайды
Ең маңызды жағдайды қағаз бетіне түсіріп, тақтаға іледі.
3. Әрқайсысы көрген-білгенін ортаға салады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту /5 жолды өлең стратегиясы /.
Бұл стратегия бойынша оқушылар оқулықтағы мәтіннен мына сұрақтарға жауап жазулары керек.
1. Кім? не? /1 сөз /
2. Қандай? /2 сөз /
3. Не істейді? /3 сөз /
4. 4 сөзден тұратын сөйлем.
5. 1-сұраққа синоним /1 сөз /
М-ы: 1. Бу
2. Қаныққан, қанықпаған
3. Кебеді, буланады, тарайды.
4. Қануға жетпеген бу қанықпаған бу.
5. Су немесе сұйық.
V. «Ойлан тап» /Семантикалық карта толтыру /.
Физикалық шамалар мен формулалар χ = ρ /m
Дж / кг с = Q / m(t2 – t1)
Дж / кг*°С кг Q = cm(t2 – t1)
Дж q = Q / m
Дж / кг (t2 – t1) = Q / cm
°С
Жылу мөлшері + Масса + Температура +
Заттың меншікті жылу сыйымдылығы + Меншікті жану жылуы + Меншікті балқу жылуы + VІ. «Кім жылдам» Есептер шығару.
№1.1
Алынған жылу мөлшері 9 · 106 Дж. Механикалық энергияға тең болу үшін, неше тонна шымтезек жағу керек?
№1.2
Бастапқы температурасы 27 °С массасы 1 кг қорғасынды балқыту үшін қандай жылу мөлшері қажет?
№1.3
Ішінде 0,52 кг бензин жанғанда қыздырғыштан 9240 кДж пайдалы жылу алынған. Қыздырғыштың пайдалы әсер коэффициентін анықтаңдар.
№1.4
100 г металдың температурасы 20 °С-тан 40 °С-қа өзгергенде ішкі энергиясы 280 Дж тең болған. Металдың меншікті жылу сыйымдылығын табыңдар. Ол қандай металл?
№1.5
Массасы 2 кг бензинді массасы 3 кг спиртпен араластырғанда шығатын қоспа отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері қандай?
VІІ. Қорытындылау.
Үйге тапсырма §16 оқып келу. Есеп №160 – 164 / Есептер жинағы, 27 бет/.
Габбасова Ботакөз Шайхыманқызы
физика пәнінің мұғалімі
№ 45 ЖОББМ Орал қаласы