Е?бек — б?рін же?бек. 3 сынып



Өзін - өзі тану 3 сыныпТақырыбы: Еңбек - бәрін жеңбек.Еңбек – қуаныш,Жалқаулық айырылмас азап. (Абай)Мақсаты: « Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.Міндеттері:• еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсіндіру;• еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;• еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Құндылық:еңбекке сүйіспеншілік
Қасиеттер :жауапкершілік, шыдамдылық , төзімділік.
1Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті.Орманға ойша серуен.
2Үй тапсырмасын тексеру .Мақал-мәтелдер.- Алдыңғы сабақтарда біз өнер мен білімді игеру мен ақылды болу үшін көп еңбектену қажеттігі туралы қызықты шығармалармен таныстық. Адам еңбектің дәмін тер төккенде ғана жақсы сезінеді. Бүгін біз осы туралы әңгімелесеміз.3ӘңгімелесуАвтор пікірі ------------------------------------ Оқушы пікіріЕңбек адамға не үшін қажет?Қандай еңбек түрлерін білесің?Еңбекқор деп қандай адамды айтамыз?Өзің қандай еңбекті ұнатасыңдар?Оқушылардың сабақтан ұкқан ойлары жаттығу - ойлану арқылы бекітіледі.Бізде ойланып еңбектеніп көрейік. Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс істейік.1. тапсырма: Еңбек туралы мақал - мәтел айту, мағынасын түсіндіреді.2. тапсырма: Н. Жанаевтың « Еңбек сүйсең»өлеңінің бір шумағын түсіндіріп беру.4ДәйексөзТақтадағы дәйексөздің мәні түсіндіріледі.Абайдың «Еңбек – қуаныш,Жалқаулық айырылмас азап»деген мақалының мағынасы түсіндіріледі.Абай атамыздың бес асыл ісін ата- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни адам бір іске күш - қуатын, ақыл – ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені жалқаулық, еріншек адамның өзін және өмірін тоздырады. Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманың орындалса, өзіңді бақытты санайсың.Тапсырма«Өздеріңнің жақын адамдарың қандай еңбек түрлерімен айналысады?» Әңгімелеп бер.Жаңа ақпарат.Оқушыларға еңбек, еңбекқорлық сөздерінің мағынасын ашып түсіндіру.«Адал еңбектің нәтижесі адамды қуанышқа бөлейді. Адам өз мақсатына ерінбей еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады».5Соңғы тыныштық сәті. Үнтаспа тыңдауБаланың өзінің ішкі күйіне үңілуге, олардың саяхаттан алған әсерлерін сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады.Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тынысалуларыңды ойланып бақытты, махаббат пен тыныштыққа толы таза шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашаңдарда болады.Қорытындылау- Адал еңбек адамды қуанышқа сезінуге, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да сыйлы, беделді болады. Әрқашан өз ісімізге адал болып, еңбектің тәтті дәмін сезіне білейік. Адал еңбекті бағалап, қадірлейік.
Топпен ән айту.ай
Болайықшы осындай (А. Меңжанова)Жақсы бала еңбекшілЕр азамат болады.Қ - ыҚиындықты жеңіп кіл, Құшағы гүлге толады. Еңбекшіл осындай,Болайықшы досымай.ту 22.01.15Жакупова Б К