Тіл дамыту Ойын ж?не тіл дамыту
Жолдыбай негізгі мектебі«Еркетай» шағын орталығы
Тіл дамыту сабағынан ашық сабақ:
Жауапты:
Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Ойын және тіл дамыту.
Сабақтың мақсаты
Білім беру: Тілдік қорын, таза сөйлеуін, заттардың қасиеттерін айыруға үйрету.
Дамыту:Ойын ойнау арқылы балалардың білім деңгейін дамыту.
Тәрбиелеу:Ойыншықтарды қадірлеп ұстай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: қалта, әр түрлі қатты және жұмсақ ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, қайталау әдісі.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:
-Қане, балалар бәріміз бірге орнымыздан тұрып ҚР әнұраннын орындайық.
Қайырлы күн балалар! Бізде бүгін тіл дамыту сабағы.Қанеки, бәріміз орнымыздан тұрып, бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап , қолдарымыз арқылы бір-бірімізге жылулық сыйлап «Тілек шеңберін» жасайық.
Біздің топта ұл-қыздар, Тату-тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамдарға Тек жақсылық тілейміз. ІІ. Жаңа сабақ. «Ойын және тіл дамыту» Кенеттен есіктен қолында сандығы бар бір апай келеді. -Сәлеметсіңдер ме балалар! -Сәлеметсіз бе апай! -Балалар мына менің қолымдағы сандықтың ішіндегі заттардың не екенін біле алмай жүрмін.Сендер маған не екенін анықтауға көмектесесіңдер ме? -Көмектесеміз! -Жоғары шығыңыз, әже.Біздің өнерлі, білімді балалар сізге сандықты ашып не бар екенін көрсетеді. Тәрбиеші сандықты алып, ішіндегі ойыншықтарды алу үшін кезекпен балаларды шақырады.
-Мынау не?
-Бұл балапан.
-Ал балапан қандай?
-Дұрыс балапан кішкентай, жұмсақ.
- Ал мынау не?
-Бұл қоян.
Тәрбиеші балаларды кезекпен, қалтадағы ойыншық біткенше, шақырып, оның түсіне, пішініне, қасиетіне назар аудартып балалардан сұрақ-жауап арқылы білім деңгейін тексереді. ІІІ.Ойын-жаттығу: « Мен қамқор баламын» Балалар өз қалаулары бойынша үстел үстіндегі түрлі суреттердің (әже, ата, ана, әке, іні-қарындас, аға, ағаш, гүл, құс, ит, мысық, т.б) ішінен біреуін таңдап алып, оған қандай қамқорлық көрсететінін айтады. -Қамқор бала ағашқа су құяды, топырағын қопсытады. -Қамқор бала әжесіне-атасына су, орындық, таяқ әпереді. ІҮ.Сергіту сәті. Орнымыздан тұрамыз Қолды белге қоямыз, Бұрыламыз оңға бір Бұрыламыз солға бір Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ Жақсы сергіп қаламыз. Ү.Би: «Қыздар мен ұлдар.» ҮІ.Тыныштық сәті: -Балалар, денелеріңді түзу ұстап , бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар, еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап , бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанып сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады. ҮІІ. Қорытынды -Бізге қонаққа кім келді? - Апай сендерге не әкелді? -Біз апайға қалай көмектестік? -Сандықтың ішінде не бар? Апай: «Рахмет сендерге, балалар. Өркендерің өссін!Ал мынау менің сыйлығым,мен оны апайларыңа беріп кетемін, ал апайларың сендерге таратып береді. -Сау болыңдар балалар.» -Сау болыңыз, әже! Балалар, бүгінгі сабағымыз қызықты өтті ме?Өйткені біз өзіміздің сүйікті ойыншықтарымыз туралы әңгімелестік, олар туралы көп мағлұмат алдық.Білімімізді толықтырдық, сөздік қорымызды дамыттық, алған білімдерімізді көрсеттік.Осымен тіл дамыту сабағымыз аяқталды, ертең өткенімізді сұраймын үйлеріңе барғасын ата-аналарыңы, аға-сіңлілеріңе айтыңдар, жақсы ма?!