Конспект урока на тему: ?ылымды дамытатындар – ?алымдар.


Сынып 10 Пән: қазақ тілі Қоғамдық – гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Ғылымды дамытатындар – ғалымдар.
Мақсат: Қазақ халқының ғалымдарының еңбектерін зерттей отырып, білімдерін бекіту. Сөйлеу мәнерін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту ізденімпаздық қасиеттерді қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әр түрлі ақпараттарды қолдану білу, сын тұрғысынан ойлау, сұхбаттасу және бағалау әдістерін қолдау.
Оқудың нәтижесі:
Ғалымдардың өмірбаяндарын, зерттеген жұмыстарын білу.
Топтық, жұптық жұмыс істей білу, тақырып бойынша сөйлесу, логикалық ойлау.
Ғалымдардың қалдырған асыл мұраларының маңыздылығын түсіну.
Негізгі ойлар: Ғалымдардың еңбектері, зерттеген жұмыстары елеулі орын алатының және еліміздің асыл мұралары екенің жеткізу.

Сабақтың кезеңдері Мұғалімінің іс- әрекеті Оқушының іс- әрекеті
Кіріспе бөлім:
1. Эмоционалдық орта қалыптастыру – 2 мин
2. Ұйымдастыру кезеңі.
3. Тақырыптың өзектілігі- 5 мин (ДО) «Миға шабуыл»
(АҚТ) слайдтарды көрсету
Топтық жұмыс:
Амандасу. Қалпақтар арқылы эмоционалдық ортаны қалыптастыру.
-Теңізде бірнеше «Сиқырлы сандар» жазылған кемелер жүзіп жүр. Теңіздің сол жағасында Асқар таулар көрініп тұр.
-Қазір сендер тақтаға шығып, өздеріне ұнаған кемені алып, сандардың жұмбағын ашасыңдар: 870 – 950, 1904 – 1985, 1835 – 1865, 640, 14-15, 200, 1899 – 1964.
Қалай ойлайсыңдар біздің сабағымыздың тақырыбы қандай болады?
- Мақсатымыз?
- Осы атақты ғалымдарды «Асқар таулар» деуге болады ма? Түсіңдіріңдер? Топтарға түрлі түсті қағаздар арқылы бөліну. Оқушылар қалпақтарды киіп бір-біріне жақсы тілектер айтады.
Әр топта бағалау парақтары жатыр.
(Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау)
Оқушылар тақтаға шығып, кемені таңдап алып, жазылған санын оқып, мағынасын ашады.
Оқушылардың жауаптары:
- Осы ұлы ғалымдар бізге асқар тау болып көрінеді, өйткені олар ұлы ғалымдар, қалдырған мұралары өте көп.
Негізгі бөлім.
Тақырып бойынша жұмыс істеу.
1. (ДО) «Жоба жасау» – 8 мин
2. «Қарлы кесек» - 5 мин

3. (СТО) «Ой толғау» (7 минут)
Сергіту сәт
4 .(АҚТ) «Ғажайып 7 саны» ойыны. (8 минут) Әр топқа суреттер салынған конверттер беріледі. Әр топ оларға сүйеніп жоба жасайды, сонан соң оны қорғайды.
Бағалау критериялар арқылы бағалау өткізіледі.

Сөз тіркестерді аудару, синонимдердің сыңарын тауып, 2 сөйлем құрау.
Ой қозғау. «Бұл кім?» ойыны бойынша карточкалар беріледі.


Ойын бірнеше категориялардан тұрады.
1 - Әл-Фараби, 2 –Қаныш Сәтбаев, 3 –Ш.Уәлиханов, 4- Ә. Марғұлан.
Стикерлер арқылы бағалау: қызыл – «5», жасыл – «4», сары – «3»
(Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау)

Топтар кезекпен сөз тіркестерді оқып, аударып, синонимнің сыңарын табады.
(Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау)
Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар карточкалардағы мәтінддерді оқып, ғалымдардың аттарың айтып береді және берілген бірнеше грамматикалық тапсырмаларды орындап, талдайды.(Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау)
Оқушылар берілген категорияларды таңдап алып, сұрақтарға жауып береді
(Оқу үшін бағалау және оқыту үшін бағалау)
Қорытындылау
(ДО) «Сұрақты ұста» оқыта үйрету – 5 мин


Түрлі түсті гүл жапырақшалары арқылы өткенді бекіту.
-Қалай ойлайсыңдар, мен сендерге не үшін түрлі - түсті қағаздарды бердім?
Әл- Фараби: «Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады», - деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
-Осы ұлы адамдар бақытты болды ма?
-Ғылым дегеңіміз не? –
-Ғылымды дамытатыңдар кімдер?
-Ғалымдар қандай адамдар?
-Осы ұлы адамдар сияқты болу үшін не істеу керек?
-Қазір сендердің алдарыңда қандай мақсат тұр?
- Сендердің жауаптарын қорытындылау үшін мен, Қаныш Сәтпаев сөздерімен аяқтаймын: «Ғалым болу үшін, ең алдымен, адам болу керек. Ғалым барлық өмірін, еңбегін өзі үшін емес, халық үшін, адамзат үшін сарп етеді», - деген.
Адам болу керек деген сөздерді қалай түсінесіңдер?
Мұғалім оқушыларға допты лақтырып, сұрақ қояды. Допты ұстаған оқуғы жауап береді де, мұғалімге қайтадан допты лақтырады.
-Ғалымдар әр түрлі мезгілде өмір сүрді, жазған еңбектері де әр түрлі, бірақ олар ғылымды дамыту үшін өмір сүрді.
-Олар өз елі, халқы үшін еңбек етіп, нағыз бақытты адамдар болды.
Бағалау – 3 мин
Рефлексия – 2 мин
«Екі жұлдыз бір тілек»

Әр топқа жапырақ сияқты стикерлер беріледі.
Бағалау парақтары арқылы сабақты қорытындылау.
Мұғалімнің қорытынды бағасы
Оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін, тілектерін жазып, ағашқа іледі.

Ресурстар:
Оқулық, компьютер, слайдтар, постерлер, суреттер, тірек сызбалар, карточкалар, стикерлер, бағалау парақтары, смайліктер, фломастерлер, түрлі түсті қағаздар.
Үй тапсырмасы: «Ғалымды дамытатыңдар - ғалымдар» тақырыбы бойынша шағын шығарма жазу.
Қолданылған стратегиялар:
«Миға шабуыл», «Қарлы кесек», «Сұрақты ұста», «Екі жұлдыз бір тілек»