?аза? тілі п?нінен ашы? саба?: ??рмалас с?йлемні? тыныс белгілері


Қазақ тілі Уақыты: Кабинет: Сабақтың атауы Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
Сілтеме Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Үлестірмелі парақшалар
Жалпы мақсаттар Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісі дұрыс қойып, жазуды үйрету.
Күтілетін нәтижелеріА: Құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін қоюды біліп түсінеді
В: Тыныс белгісіне қарап құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдерді анықтайды және мәтіндегі құрмалас сөйлемдердің тыныс белгісін қояды.С: Құрмалас сөйлемдер арқылы мәтін, өлең құрастыра алады.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, мақалдың мағынасын ашу,Көрнекілігі: суреттер, тапсырамалар, таблица,
Оқыту  нәтижесі Топқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық атмосферасы Әрбір адам – досым, сыныптасым, Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық. Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық, Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену.  Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 
Үй тапсырмасын сұрау 1. Жаңа сабақты сызбаларда берілген сұрақтар арқылы, пікірталас:Тіл және сөйлеу не үшін қажет?Ата - бабамыз бізге мұра етіп нені қалдырды?Пікірталас барысындағы оқушылардың жауабын тыңдау.2. Сөйлеу түрлерін таныстыру.СөйлеуАуызша ЖазбашаӘңгімелесу СызуПікілесу сурет салуХабарласу ТаңбалауКітап оқу хат жазу3. Дәптермен жұмысӘрбір аяқталмаған сөйлемді оқып, оның астындағы берілген сөздердің біреуін ғана пайдаланып, сөйлемдегі ойды аяқта.1). Жексенбіден кейін ________________________( жыл, сағат, дүйсенбі)2). Алманың ішінде әруақытта ________________________( құрт, тұқымы, гүл)3). Тау өзенінің ағысы ________________________(ақырын, күлкілі, қатты)4). Бүгіннен кейін ________________________(биыл, ертең, былтыр)5). Әкеден кейін ________________________( немере, бала, шөбере)6). Сағат тілі ________________________( жоғарыдан төмен қарай, оңнан солға қарай, солдан оңға қарай қозғалады).
Қызығушылықты ояту Мағынаны тану
Жаңа сабақ «Жұптасып ойлан, талда» әдісі 1-жаттығу: Жұпта тапсырманы талдап, құрмалас сөйлемдерді анықтайды
2-жаттығу Өлеңді жатқа айту. Сөйлемдердің тұрлаулы мүшелерін топта анықтау.
Дәптерге құрмалас сөйлемдер арқылы «Туған күн» тақырыбына мәтін құрастырып жазу. Топта талдап, жақсы шыққан мәтінді оқу.
3- жаттығу: Тиісті тыныс белгісін қойып, мәтінді көшіріп жазу.
4-жаттығу: жұппен жұмыс
Мәтіннен құрмалас сөйлемді тауып, көшіріп жазу. Бастауышы мен баяндауышын табу. Мәтін мазмұнын жұпта талдау.
Сергіту сәті Тербеледі ағаштар,Алдымен жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар,
Үп-үлкен  боп өседі.
Ой толғаныс 1989 жылдың 22 қыркүйегінде Қазақстан Республикасында « Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тіліне « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» мәртебесі берілді. 1993 жылдың 28 - қаңтар күні ҚР - ның Конституциясы қабылданды. Онда «Қазақ тілі» болып бекітілді.Тіл - ұлттың жаны, тіл - ұлттың асыл қазынасы - дей отырып бүгінгі сабағымызды анықтаймыз.
Үй тапсырмасы 5-жаттығу 6-бетте Күнделіктеріне жазады
Рефлексия .Бүгінгі сабақта
мен үйрендім: маған қызықты болды
маған қиын болды мен түсіндім
Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Оқушылар толтырады