: ?сімдікті? ?сімді (вегетативті) м?шеcі ретінде тамырды? сырт?ы ж?не ішкі ??рылысы


Сынып: 6 «ғ»
Тақырыбы: Өсімдіктің өсімді (вегетативті) мүшеcі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің өсімді мүшелеріне жалпылама сипатама беріп, соның бірі – тамырдың түрлерін, өзара ерекшеліктерін атап көрсету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – тамыр, тамыр жүйесі деген ұғымдардың мәнісін ашып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электрондық оқулық, бейне фильмдер.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Кейбір оқушыларға карточкалар таратылады. Сол арқылы бағаланады.
1 – карточка
І. Әр ұлпаның құрылысы мен атқаратын қызметіне қарай кестедегі бос орынға тиісті рет санын жаз.
Түзуші Жабын Негізгі(қоректік, фотосинтездеуші) Тірек Өткізгіш Бөліп шығарушы
1. Жасушалары бір-бірімен тығыз жанасқан, алғашында тірі, біртіндеп қабықшасы қалындап өлі жасушаларға айналады; су мен улы газдарды ішке өткізбейді; өсімдікті ыстықтан, суықтан, қатты желден қорғайды. 2. Тірі жасушалар тобынан тұрады; зат алмасу нәтижесінде түзілген нәруыз, көмірсу мен майлардың артығын қорға жинайды. Ішінде хлоропластары бар тірі жасушаларда органикалық зат түзіледі; жапырақ пен сабақтағы жасушалардың арасындағы кеңістіктерде ауа, су жиналады; ол өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін арттырады. 3. Жасушалары алғашында тірі болғанымен өсе келе қабықшасы қалыңдап, цитоплазмасы кеуіп, өлі жасушаға айналады да, беріктігі болаттай болады. Қанша дауыл соқса да жапырақтары жыртылмай, нәзік сабақтары сынбай өсуіне себепкер болады. 4. Жасуша қабықшасы жұқа, цитоплазмасы толық, вакуольдері ұсақ сабақ пен тамырдың ең ұшында болады, өсімдіктің ұзарып, жуандап өсуіне әсер етеді. 5. Өсімдік мүшелерінің әр жерінде шашыраңды орналасады. Жасуша пішіндері атқаратын қызметіне байланысты қабықшасы жұқа, көп уақытқа дейін тірі қалпында сақталады, кейде басқа ұлпа жасушаларының арасында шашырап жатады. Зат алмасу нәтижесінде бөлінген заттар өсімдікті малға жем болудан, зиянды микробтар мен жәндіктерден сақтайды, жабын ұлпамен тығыз байланысты. 6. Атқаратын қызметіне байланысты жасуша пішіндері түрліше болып өзгерген. Жасуша қабықшасы сүректенген қалың, өте көп майда саңылаулары бар, сол арқылы ерітінді сүзіліп, екінші жасушаға өткізіледі.
ІІ. Өң мен тоз қай ұлпаға жатады, астын сыз.
1. Түзуші; 2. Өткізгіш; 3.Жабын; 4. Тірек; 5. Негізгі; 6. бөліп шығарушы.
«Білімінді сына» тапсырмасын тексеру
2 – карточка
І. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жаз
Биологиялық диктант
1. Тек ...2 жасушалары ғана бөлінуге қабілетті. 2. Өңнің кейбір жасушалыры ұзарып өсіп ... айналады. 3. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің төменгі сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы өте жақсы дамыған ... болуы. 4. Қоректік ұлпа мен фотосинтездеуші ұлпаны қосып ... деп атайды. 5. ... жасуша қабықшасы жұқа бір-бірімен тығыз орналасқан ұсақ тірі жасушалардан тұрады. 6. Шайыр жолы, эфир майы каналы, сүт жолдары, бездеуітті, жабысқақ түктер, безді қабыршақтар, шірнеліктер ... ұлпаға жатады. 7. Тамырдың топырақтан сорып алған минералды тұздарының судағы ерітіндісін, жер үсті мүшелеріне ... жеткізеді. 8. Өсімдіктерде тірек ұлпасы ... болып саналады. Жапырақ сағағына, жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ... . 10. Жабын ұлпа ... деп бөлінеді.
Жауаптары: 1)ұлпаларының; 2) түзуші ұлпа; 3)түзуші ұлпаның; 4)өң, тоз, қабық; 5) түкке; 6) негізгі ұлпа; 7) тірек ұлпасы; 8) қаңқасы; 9)өткізгіш ұлпа; 10) бөліп шығарушы ұлпа.
ІІ. Түсініктеменің рет санының сәйкес келетіндерін кестедегі ұлпаларға жаз.
Түзуші Жабын Тірек Негізгі Өткізгіш Бөліп шығарушы
1. Қыртыс; 2. Ауа кеңістігі жасушалары; 3. Талшықты өсімдіктердің тіңдері; 4. Сүзгілі түтік жасушалары; 5. Безді қабыршақтар; 6. Өң жасушалары; 7. Тамыр ұшы жасушалары; 8. Түтік-талшық шоқтары; 9. Су жинаушы жасушалар; 10. Жаңғақ, алхоры, шие, шабдалы өрік сүйектері; 11. Жапырақтың жұмсақ бөліміндегі хлорофилді жасушалар; 12. Тоз; 13. Шайыр, сүт жолдары; 14. Сабақты жуандататын жасушалар; 15. Сабақ, жапырақ, тамыр, тамырсабақ, жеміс, тұқымдарда органикалық заттарды қорға жинаушы жасушалар. 16. Алмұрт, беже жасушаларының жұмсағындағы қиыршық жасушалар. 17. Екі ұшы сүйірленіп келген түтік жасушалар. 18. Буынаралығында орналасқан жасушалар. 19. Шірнеліктер; 20. Өсімдік мүшесінің негізін құрайтын жасушалар; 21. 3 қырлы, 4 қырлы, көп қырлы сабақтардағы қыр түзетін жасушалар. 22. Жас сабақ ұшынағы жасушалар; 23. Жабысқақ түктер; 24. Қабырғасы көп саңылаулы жасушалар.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Сызба №1
Өсімдік мүшелері
Вегетативті /өсімді/ Генеративті /көбею/

Тамыр, сабақ, жапырақ Гүл, жеміс, тұқым
Өсімді мүшелерге – тамыр, сабақ, жапырақ жатады.
Тамыр – топырақтың ішінде жататындықтан өсімдіктің жер асты мүшесі. Оның атқаратын қызметі: топырақтан су мен минералды тұздардың ерітіндісін сору; өсімдікті топыраққа мықтап бекіту; қоректік заттарды қорға жинау. Су мен минералды тұздардың ертіндісін сору қызметіне байланысты өң жасушаларынан тамыр түктері түзіліп, өткізгіш жүйелері дамып көлемін ұлғайтса, ал топыраққа мықтап бекіну қызметі оның орталық бөлімінде тірек ұлпалары түзіліп, беріктігін күшейте түседі. Сабақтан айырмашылығы – тамырдың алғашқы қабығы тез түсіп отырады, жапырақ (тіпті қабыршақ түрінде де) шығармайды. Тамыр сабық сияқты ұшынан өседі (тамыр ұшы оймақшамен қапталып тұрады, ол қорғаныштық қызмет атқарады).
Сызба№2 Өсімді мүшелер жүйесі

Өркендер жүйесі Тамырлар жүйесі

Сабақ, жапырақ тамыр

Өсімдікке өсу, қоректену, көлемін ұлғайту, тіршілігін сақтап қалу үшін қажет
Сызба№3
Тамыр шығу тегіне қарай

Негізгі жанама
қосалқы

Тұқымның ұрық негізгі тамырдың жан- сабақ пен жапырақтан
тамыршасынан жағынаннан таралады өсіп шығады
Тамырлар негізгі, жанама, қосалқы деп үш түрге бөлінеді. Негізгі тамыр тамырдың ұрық тамыршасынан дамиды, ол тік төмен қарай бағытталып өседі. Тамыр мен сабақтың ұштасып жалғасқан жерін тамыр мойыны дейді. Өсу барысында негізгі тамырдан, тарамдалып жанама тамырлар шығады. Олар тік төмен бағытталмай жан-жаққа таралып жайлып өседі. Қосалқы тамырлар сабақ пен жапырақтан өсіп шығады да бүкіл тамыр жүйесінің көлемін ұлғайтады. Ол дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, пияз, жүгері, күріш) негізгі тамырдың орынын басады. Қосалқы тамырлар неғұрлым жиі өссе өсімдіктің топырақтан қоректенуі жақсарып, соғұрлым мол өнім алынады. Негізгі тамыр, жанама тамыр, қосалқы тамырлар жиынтығы тамыр жүйесі деп аталады.
Тамыр жүйесі – бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығы.
Сызба №4
Тамырлар жүйесі

Кіндік тамыр шашақ тамыр
Негізгі тамыр жақсы дамыған негізгі тамыр болмайды
Қос жарнақты өсімдіктерде болады дара жарнақты өсімдіктерде болады
жанама немесе қосалқы тамырлар
шашаққа ұқсап топталып тұрады
Негізінен кіндік тамыр жүйесі және шашақ тамыр жүйесі деп екі типке бөлінеді. Кіндік тамыр жүйесінде білуленген жуан негізгі тамыры бар, оның жан-жағынан әр түрлі бағытқа жанама тамырлар таралады. Кіндік тамыр жүйесі бар өсімдіктер: сәбіз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, т.б.(қос жарнақты өсімдіктердің барлығында болады). Шашақ тамыр жүйесінде ерекшеленіп білінетін негізгі тамыр болмайды. Қосалқы тамырлардың қаулап өсуі біркелкі жуандықта шашақталып жан-жаққа жайыла өседі, көбінесе дара жарнақты өсімдіктерде (бидай, жүгері, күріш, тары, сұлы, пияз, барлық пиязшықты өсімдіктер) болады.
ІV. Бекіту.
Тамыр - өсімдіктің бірліктік, вегетативтік мүшесі, шектеусіз жоғары өсуі, оң геотропизмдік қасиеті бар, құрылысы радиалды және ешқашан да жапырағы болмайды.
Тамыр жүйесі деп бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың (негізгі, жанама, қосалқы) жиынтығын айтады.

Тамырдың қызметтері
Тамыр арқылы топырақтан суды және онда еріген минералды тұздарды сабаққа өткізеді;
Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады;
Әр түрлі органикалық заттарды (аминқышқылдар, гормондар, т.б.) синтездейді.
Кейбір тамырлар қоректік заттарды қорға жинайды;
Басқа өсімдіктердің тамырларымен, микроорганизмдермен, саңырауқұлақтардың жіпшелерімен әрекеттеседі;
Вегетативтік көбеюге қатысады.
Үй тапсырмасы. §7 оқып, 8-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу.