С?йлемні? т?рлаулы м?шелері ашы? саба?
Сабақ жоспары
Күні: 26.01.15ж
Сыныбы: 5 «ә»
Пән аты: қаза тілі
Сабақтың тақырыбы: тіл дамыту жұмыстары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың білімдерін жинақтау,өз ойларын жинақы, көркем тілмен жеткізе білуге дағдыландыру, сөдік қорларын байыту.
Дамытушылық: оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, логикалық ойлау қабілеттерін кеңейту, талдау жасау.
Тәрбиелік:тіл құдіретін сезіне білуге ,оны құрметтей білуге,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар: тақырыақа байланысты суреттер, үлестірме қағаздар, тірек сөздер.
Сабақтың типі: білімді бекіту.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау жұмыстары.
І Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу;
2. Сабаққа дайындығын тексеру (құрал-жабдықтар кабинет тазалығы т.б)
3. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Сабақ барысы:
Оқушылардың үйден құрастырып келген сөзжұмбақтарын тексеремін. Ереже сұрау арқылы өткен тақырыпты тиянақтаймын. Оқушылардың тілін дамытуға, ойларын еркін жеткізуге байланысты жаттығу жұмыстарын орындатамын. Оқушыларды партада отырған қатары бойынша 3 топқа бөлемін. Әр топ өз топбасшысын сайлайды. Үш оқушы берілген жұмбақтарды шешу арқылы өз топтарына атау алады. 1.Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі 2. Адам көркі – шүберек, Ағаш көркі – жапырақ
3. Пішіні жүрекке ұқсас, ерекше дәмді жидек. Құлпынай . Гүл тобы, Жапырақ тобы, Құлпынай тобы. 1тапсырма: Берілген тірек сөздерге байланысты әр топ 3 мақалдан құрастыру керек. Отан, білім, еңбек. 2тапсырма: «Синонимдер тізбегі». Әр топқа екі сөз беріледі. Сол сөздердің синонимдік қатарларын табу керек: алғыр, ақылды, қымбат, батыр, келбет, алыс. 3 тапсырма: аудиотыңдалым. 4тапсырма: Әр топқа 1 жаңылтпаштан беріледі, жаңылмай айтып шығулары тиіс:1. Пеш үстінде бес мысық Пеш ішінде бес мысық Бес күзетші, бес пысық .2. Үш кісі ішік пішті Бес кісі ішік пішті Неше кісі ішік пішті? 3. Бес түп алма Бестік алғандікі Төрт түп алма Төрттік алғандікі. 5тапсырма: Берілген жұмбақтың жауабын тауып, сөйлем құрау. 1.Ұшады қанатсыз, зырлайды аяқсыз (зымыран) 2. Аспанда жүзеді қанатын қақпайды, Жерде де жүреді бауырлап жатпайды (ұшақ) 3. Әр желінің асты толған көк қоян, Жаз болғанда көк қоянды жеп қоям (қияр).
Қорытынды: Бекіту сұрақтары арқылы:
1.Кәсіби сөздер дегеніміз не?
2. Ауыл шаруашылығына байланысты кәсіби сөздерді ата.
3.Термин сөздер дегеніміз не?
4. Төл термин сөздерге мысал келтір
5.Термин сөздерден айырмашылығы қандай?6. Диалект сөздер дегеніміз не?
Бағалау:_________________________________________________________
Үй тапсырмасы:
Менің сүйікті пәнім тақырыбында термин сөздерді пайдалана отырып мәтін құрау, термин сөздердің астын сызу.