?аза? тілі п?нінен ашы? саба? Т?рлаулы м?шелерден ?ткенді ?айталау


ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДЕН ӨТКЕНДІ ҚАЙТАЛАУ
Білімділік:сөйлем түрлері мен құрамы,сөйлем мүшелерінен алған білімдерін бекіту.
Дамытушылық:өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін артыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге жаттықтыр.
Тәрбиелік:мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталау сабағы.
Әдісі:сұрақ-жауап,талдау,топпен жұмыс,ізденушілік.
Көрнекілігі:тірек сызбалар,слайдтар.
Пәнаралық байланыс:әдебиет.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру:оқушылармен амандасу,түгендеп,сабақтың мақсатын хабарлау,оларды топқа бөлу,бір-бірінің жауабын тыңдауды,бағалауды ескерту.
2.Үй тапсырмасын төмендегі жоспар бойынша сұрау: 1.Сөйлем.Оның түрлері.2.Сөйлемнің құрамы.3.Сөйлем мүшелері.
Сөйлем мүшелері болу үшін қандай белгілер болады?
1.Толық мағаналы сөз болу керек.
2.Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек.
3.Сөйлем мүшелерінің сұрауына жауап беру керек.
Сөйлем мүшелері:
Тұрлаулы:Бастауыш,Баяандауыш.
Тұрлаусыз:Анықтауыш.Толықтауыш,Пысықтауыш.
Сабақтың барысы бес кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең:«Талдау-табыс кілті».Оқушыларды екі топқа бөлу,сөйлемдер беріп,талдату.
1-топ-«Білгіштер».Оларға талдауға берілетін бастауышқа байланысты сөйлемдер.
Қосымша қойылатын сұрақтар: Бастауыштың анықтамасы,олардың жасалу жолдарын сұрау.
2-топ-«Тапқыштар».Оларға талдауға берілетін баяндауышқа байланысты сөйлемдер.
Қосымша қойылатын сұрақтар.Баяандауыштың анықтамасы,олардың жасалу жолдарын сұрау.
Екінші кезең:«Кім көп біледі?».мақал-мәтел айтудан жарыс.
Үшінші кезең:«Сұрақ-жауап»Сынақ өткізу.
-Сынақ өткізу барысында сұрақтың екі жауабын,яғни«ия»немесе«жоқ» деп жауап беру керек.Бұл кезеңге тек қана екі топтың басшылары қатысады.
Төртінші кезең:«Аукцион».Сөйлемдерді сипаттап,талдау.Сөйлемдерді мағынасына қарай ажыратыңдар.
Бесінші кезең:«Жорға»жедел жауап ойыны:
1.Қазақ тілінде неше жалғау бар?
2.Дауысты дыбыс нешеу?
3.Екпін қай буынға түседі?
4.Үндестік заңы нешеге бөлінеді?
5.Сөз табы нешеу?
6.Сөздік құрам неден тұрады?т.б.сұрақтар.
Қортындылау.
-Сабақта нені меңгердік?
-Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы зерттейді екен?
-Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
-Сөйлем мүшелері құрлысына қарай нешеге бөлінеді?
-Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін атаңдар,бастауыш пен баяндауыштың сөйлемдегі қызметі қандай?
Бағалау.Жеңімпаз топты анықтау.Сабаққа қатысулары бойынша әр оқушыны бағалау.
Үйге тапсырма.Адамгершілік,имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу.Оларға синтаксистік талдау жасау.