??рамында?ы жай с?йлемні? ал?аш?ысы тияна?сыз болып, со??ысына ба?ына байланыс?ан ??рмалас с?йлем т?рі саба?тас ??рмалас с?йлем деп аталады. ??рмалас с?йлемні? бірінші жай с?йлемі тияна?сыз, сонды?тан ?з алдына б?лек айту?а келмейді. ??рмалас с?йлем
Сабақтың тақырыбы : Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Сабақтас құрмалас сөйлем туралы түсіндіріп, құрылысын, жасалу жолдарын мысалдармен дәлелдеу арқылы білімдерін арттыру
Дамытушылық : Ынта қойып тыңдау, жазу,талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын ,сөз байлығын дамыту, салыстыра білуге дағдыларындыру
Тәрбиелік : Отанын сүюге, тарихын бағалауға, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Сабақтың әдіс- тәсілдері : түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, талдау, топтық жұмыс, саралау, бірін- бірі бағалау
Көрнекіліктер : суреттер, тірек- сызба, қоржын, таспа, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс : музыка, тарих, әдебиет
Күтілетін нәтижелер :
Сабақтас құрмалас сөйлемі бойынша барлық ережелерді біледі, мысал келтіре алады.
Білімін шешім қабылдауға пайдаланады, саралайды, талқылайды.
Сөйлем құрастырады, өз пікірін айтады, алған білімінің құндылығын анықтайды. Талантты және дарынды оқушылар .
Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын сұрау ;
3. Үй тапсырмасын қорыту ;
4. Жаңа сабақты түсіндіру ;
5. Жаңа сабақты бекіту ;
6. Жаңа сабақты қорыту ;
7. Бағалау ;
8. Үйге тапсырма ;
Ұйымдастыру кезеңі а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә) Сабаққа назарын аудару.
Сабақты біз бастайық,
Ортаға ой тастайық.
Үлгерімін сыныптың,
Көрсетуден қашпайық.
Сынып үш топқа бөлініп, әр топқа жетекші бекітіліп, бағалау парағы беріледі. Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.
1-топ «Бәріміз біріміз үшін»
2-топ «Талпынған жетер мұратқа»
3- топ «Бірлігі күшті ел озады»
Үй тапсырмасын сұрау :
Менің өмірім, байлығым тілімде,
Өйткені әр адам сөйлер ана тілінде.
Сүю үшін туған жерді, Отанды,
Сезім болу керек менде де, сенде де.
Бүгінгі сабақ ерекше сабақ , өйткені біздің сабағымызға қонақтар қатысып, өз бағаларын бергелі отыр, сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік танытып, білгендеріңді көрсете аласыздар деп ойлаймын.
Ой қозғау
Жұлдызшалардағы жасырынған сұрақтарға жауап беру
Сөйлемнің қандай түрлері бар?
Құрмалас сөйлемнің түрлерін ата?
Астана қаласы туралы салалас құрмалас сөйлем айт.
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?
Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдыр.
Абай Құнанбайұлын қатыстырып салалас құрмалас сөйлем құрастыр.
Қазақстанның рәміздерін қатыстырып, салалас құрмалас сөйлем құрастыр.
Үй тапсырмасын қорыту :
Тірек –сызба арқылы сабақты қорытындылаймын.
Жаңа сабақты түсіндіремін :
Бүгінгі сабақта нені білуіміз керек?
--- Сабақтас құрмалас сөйлемнің өзіне тән белгілері ;
--- Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесі ;
--- Баяндауыштарының жасалу жолдары ;
Құрамындағы жай сөйлемнің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлем түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.
Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі тиянақсыз, сондықтан өз алдына бөлек айтуға келмейді.
Құрмалас сөйлемнің екінші жай сөйлемі тиянақты, өздігінен дербес айтыла береді.
Сабақтас құрмаластың жасалу жолы бағыныңқы сөйлемнің баяндауышына қарай белгіленеді.
Салыстыру әдісі
Салалас құрмалас сөйлем Сабақтас құрмалас сөйлем
1.Биыл қыс суық болды,бірақ 1. Биыл қыс суық болғанымен,
қар аз жауды. қар аз жауды
2. Күз болды,дымқыл тұман 2. Күз болып , дымқыл тұман
жерді басты жерді басты
Венн диаграммасы
Салалас Ұқсастығы Сабақтас
1.Алғашқы жай сөйлемдері тиянақты. 1. Синтаксис 1. Алғашқы жай сөйлемдері тиянақсыз
2. Тең дәрежеде байланысады . 2. Құрмалас 2. Бағына байланысады
сөйлем
3. Жалғаулық шылаулар, интонация 3. Күрделі ойды 3. Бағыныңқы - басыңқы
арқылы байланысады . білдіреді.
Құрамындағы бағыныңқы сыңарлардың мағыналарына қарай сабақтас құрмалас сөйлем алтыға бөлінеді:
1.Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
2. Мақсат бағыныңқылы сабақтас
3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас
4. Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас
5. Себеп бағыныңқылы сабақтас
6. Шартты бағыныңқылы сабақтас
Жаңа сабақты бекітемін :
Топтық жұмыс.
1.Тақтадағы суреттер бойынша , сабақтас құрмалас сөйлем құрастыру.
2. Шығармашылық жұмыс Таспадағы термені тыңдап, ой толғау.
3. Бір елді бір ел жақсы білсе, жақсы өнегесін де алар. Синтаксистік талдау, фонетикалық талдау.
Кім жылдам? Тақтадағы берілген сөйлемдердің қайсысы құрмалас сөйлемнің қай түріне жатады?
Сөз тапқанға қолқа жоқ. Оқушыларға қима қағазға жазылған әртүрлі әріптер үлестіремін. Сол әріп бойынша бір мақал-мәтелден айтады.
Жаңа сабақты қорыту : Оқушылар қоржыннан асық алып, сұрақтарға жауап береді.
Бағалау : Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : 162-бет, 174-жаттығу.