Д?ниетану саба? жоспары Жануарлар неліктен ??рып кетеді? 3 Б сынып


Пәні: дүниетану
Сыныбы: 3 «Б»
Сабақтың тақырыбы. Жануарлар неліктен құрып кетеді?
Сабақтың мақсаты: Қызыл кітапты оқуды әрі қарай жалғастыру; балаларды қоршаған дүниеге қамқорлық жасауға, аялауға үйрету; Жер бетіндегі барша адамзат баласына арналған экологиялық ережелер.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, «Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері» тақырыбындағы суреттер, «Қазақстандағы сирек кездесетін жануарлар», «Қызыл кітап» кітаптары.
Сабақтың барысы:
Мұғалім өткен материалдарды пысықтау мақсатында Жер бетіндегі тіршілік шеңбері тақырыбына қайта оралады.
Табиғатта барлық батпақты жер кеуіп кетсе не болады?Қасқырларды құртсақ ше?
Балалардың жауаптары нәтижесінде Жер бетіндегі тіршілік айналысынан тұратын тізбек құралады:
Батпақ - жәндік - құрбақа - құтан және т.б.
Оқулық бойынша жұмыс.
а)«Жануарлар неліктен құрып кетеді?» тақырып мәтінін оқу.
ә) Суреттерді қара.
б)Оқылған мәтіннің мазмұны бойынша әңгіме:
Адамдар құрып кету алдында тұрған аңдар мен құстарды сақтап қалу үшін не істеп жатыр?
Қорықтар, ұлттық бақтар не үшін қажет?
Топтарға бөлініп жұмыс істеу.
Қызыл кітап бізге қандай мәлімет береді?
Ол адамдарды неге үндейді, нені ескертеді?
Балаларға арналған хабарлама.
Алдын ала дайындалған балалар Қазақстан заңдарыменқорғалатын қоқиқаз, барыс, қызғалдақтың, балықтардың сирек түрлері туралы өңгімелеп береді.
Табиғатта өзін-өзі ұстау ережелері.
Топтарға бөлінген оқушылар осы ережелерді пысықтайды.
Негештің сұрағы:
Жануарлар неге жойылады? Оның басты себептері неде?
Сабақты қорыту.
Ауаның ластануы неге әкеліп соқтырады?
Ауаны, су мен топырақты қалай таза сақтауға болады?
Жерді қоршаған дүниені сақтау үшін адамзат баласы неістеуі керек және не білуі қажет?
Үй жұмысы. Мәтінді оқу. Өзіңнің Қызыл кітабыңды жаса.