№9 орта мектеп жанында?ы ша?ын орталы? т?рбиешісі: Суленова А?тол?ын ??мырс?а мен к?гершін
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеуметтік орта»Бөлімі: «Көркем әдебиет» Тақырыбы:«Құмырсқа мен көгершін»
Мақсаты:Білімділігі: Әңгіменің мазмұнын түсінуДамытушылығы: Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеткізе білуТәрбиелілігі: Жақсылық жасауға тәрбиелеу
Жылулық шеңбері:Біз кішкентай баламыз,Өсіп-өніп толамыз. Көкке қарай талпынып,Күнге қанат қағамыз.Әлемдегі барлық адамдарға, Тек жақсылық тілейміз!
Сұрақтар-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?-Қазір жылдың қай мезгілі?-Күзде неше ай бар?-Күзде күн қандай болады?-Күз туралы қандай тақпақтар білеміз?-Балалар бір жылда неше мезгіл бар?-Қазір жылдың қай мезгілі?-Күзде неше ай бар?-Күзде күн қандай болады?-Күз туралы қандай тақпақтар білеміз?
Жұмбақтар1)Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа) 2)Бір палуан өзі күшті, қайраты мол,Өзінен үлкен затты көтерер ол.(Құмырсқа)3) Еркін самғап ұшсын деп, Мәпелейміз баптаймыз. Бейбітшілік құсы, - деп Қайсы құсты мақтаймыз.(Көгершін)
Сұрақтар: 1. Құмырсқа қандай жәндік? 2. Олардың үйі қалай аталады? 3. Құмырсқа туралы қандай ертегілер білесіңдер?
4.Көгершін қандай құс? 5. Олар немен қоректенеді?
Сергіту сәті: «Ақ көгершін» әніАқ көгершін, көгершін,Қолғанат құс сен едің.Бар, кезіп қайт ел үшін,Кең дүниенің көлемін.Әділеттің құсы деп,Көз алмастан жолыңнан.Бақыт болып қоншы деп,Ұшырамын қолымнан.Сергіту сәті: «Ақ көгершін» әніАқ көгершін, көгершін,Қолғанат құс сен едің.Бар, кезіп қайт ел үшін,Кең дүниенің көлемін.Әділеттің құсы деп,Көз алмастан жолыңнан.Бақыт болып қоншы деп,Ұшырамын қолымнан.
«Құмырсқа мен көгершін» ертегісін оқып беру Бір құмырсқа сусап, су ішуге өзенге түсті. Бейшараны толқын соғып, суға кетіп қала жаздады. Сол мезгілде аузында тістеген бір бұтағы бар көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көреді-дағы аяп, бұтағын оның үстіне тастай берді. Құмырсқа бұтаққа мініп, толқынмен судың жиегіне шығып, қазадан құтылды. Мұның артынан манағы айтылмыш көгершін өзеннің жағасына қонып, бір аңшының құс аулауға құрып қойған ауының астындағы бидайды теріп жей бастады. Аңшы ауды басып қалып көгершінді ұстап алуға даярланып жатқанын құмырсқа көрді-дағы, өрмелеп келіп, аңшының аяғын қатты шағып алды. Аңшы ауды қоя бергенде көгершін көтеріліп ұшып кетеді.
Сурет бойынша әңгімелету
Ұя құрастыру
Күтілетін нәтиже Қорытынды Білуі керек:Әңгіменің мазмұнын білуі Игереді:Өз ойларын еркін айта білуді Меңгереді:Көмектесу арқылы бір-біріне жақсылық жасай алатынын.