Атырау облысты? №3 мектеп-интернатында ?ткізілген Асыл ?жем, а? ?жем сайысыны? жоспары
Тақырыбы: Асыл әжем, ақ ажем.
Асыл әжем, ақ ажем.
Армысыздар құрметті көрермендер,шараға қатысушы әжелер.
Ана жанын әже болсаң ұғарсың,Алдыңда ол биік құзар шың.Немере үшін кеуде керіп мақтанып,Немере үшін биіктен де құларсың.Әже мерейі күн көзімен пара -пар,Тұла бойға қуат болып таралар.Өмірімізге шуақ шашып әрқашанКөп жасаңыз, ақ ниетті аналар.
Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Асыл әжем ,ақ ажем» атты шарамызға қош келдіңіздер.
Құрметті әжелер, армысыздар,
Бәріңізде есен-саумысыздар.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.
Үлкен кіші, жасыңыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді әжелер
Гүл-гүл жайнап біздің мынау төрімізге ,-дей отырып ортаға шараға қатысушы әжелерімізді шақырайық.
Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Болашақ тобындағы Ерназар мен Жеткізгенің әжелері Гүлнәр әжей мен Жамал әжейді ортаға шақырамыз
Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүретін Көктем тобындағы Лираның әжесі Сандуғаш әжейді қошеметпен қарсы алайық!
Әже біздің күніміз Әжемнің біз гүліміз Балаларды қуантып, Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Еркемай тобындағы Бекзат пен Абдрахим әжелері Маухида әжей мен Марғуа әжейді ортаға шақырайық.
Таусылмайтын өлеңі
Күнде айтып береді
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді –деп Анелдің әжесі Ания әжейді шақырамыз.
Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Балдәурен тобындағы
Мейірімнің күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі Тыныштық әжейді ортаға
шақырамыз!
Енді әжелерімізбен таныс болсақ , әділ қазы алқасымен таныс болыныздар.
Кім жеңеді сайыста үміт алда, Қобалжу бар жүректе күдік барда Әділ - қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда,- әділ қазы алқаларымен таныстырып өтсем.
Мектеп директоры Ғали Ақсерік Құлжанұлы
Оқу ісінің меңгерушісі Светлана Сайханқызы
Тәрбие ісінің меңгерушісі Арай Балтабекқызы
Әділ қазы алқасымен таныс болсақ, әжелерімізді шарамыздың шартымен таныстырып өтсем.
Шартымыз 6 кезеңнен тұрады
1. « Мен,әжемін,ұрпағын әлдилеген » ( яғни,әжелеріміз өздерін таныстырады)2. « Көтерйік көңілді ән-жырменен» (әжелер өз өнерлерін көрсетеді)
3. «Сыр сандық»сұрақ – жауап бөлімі.4. Салт-дәстүрден көрініс( ұлттық салт-дәстүрімізден сахналық көрініс қояды)5. Ою оя білесіз бе?6. Үй тапсырмасы: Қолөнер бөлімі (үйден дайындап алып келген қолөнерлерімен таныстырады)
Шартымызбен таныс болсақ,шарамызды бастаймыз.
Асылдай әжелерім қартаймашыТаудан аққан бұлақтай сарқылмашыӨздеріңді мәңгілік аялаймызКөк аспанда жұлдыздай жарқылдашы.
1 – кезеңіміз таныстыру бөліміне берсек,әрбір шараға қатысушы әжелер өздерін таныстырып өтсе.
Әжемнің саясында ер жеттім мен
Аялы ақ бесікте тербетілген
Әжемдей ақ ниетті абзал жанды
Таппаймын айналсам да жер бетінен,-дей келе,келесі кезекте әжелер өз
өнерлерін көрсетеді,әжелеріміздің өнерін тамашалайық.
Болашақ тобындағы Ерназар мен Жеткізгенің әжелері Гүлнәр әжей мен Жамал әжейдің өнерлерін тамашалайық.
Көктем тобындағы Лираның әжесі Сандуғаш әжейдің өнерін тамашаласақ.
Еркемай тобындағы Бекзат пен Абдрахим әжелері Маухида әжей мен Марғуа әжейдің өнерлерін тамашаласақ.
Жұлдыздар тобындағы Анелдің әжесі Ания әжейдің ортаға
шақырамыз.
Көп-көп рахмет әжелер сіздерге .
Келесі кезеңіміз Сыр сандық деп аталады,яғни сұрақ - жауап ,әжелерімізден сыр сандықттан билеттер алуын сұраймыз.
Әжелеріміз дайын болғанша ортада Нұрбай Нұрсұлтаның орындауындағы Ақ атам,асыл әжем әнін қабыл алыңыздар.
Анам мені тербетіп,Өсіп кеттім ержетіпСол бесігім үйімдеСақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу немесеЖолың болсын деселікЖолыңа нұр төселікЖарылқасын алдыңнанТұсауыңды кеселік.- деп келесі кезеңіміз ұлттық салт-дәстүрден көрініске кезек берелік.5 – кезең
Шеберлерім өнер тамып қолынанЖаңылмаған ата-баба жолынанШебер қолдар өз өнерін көрсетсіңБіз айтайық төрелігін соңынан
енді келесі кезең «Ою оя білесіз бе?» деп аталады,ою ою үшін әжелерге қағаз,қайшы беріледі.
Енді ортаны ашайықІнжу маржан шашайықӘн мен биді шалқытып.Жанаргүлді тамашалайық!Жиналған халық таңғалсынӨнерден күмбез жасайық!
Әжелеріміз дайын болғанша ән Жанаргүлдің орындауында Асыл әжем қабыл алыңыздар.
Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға
Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда
Қол өнер әдемі сәнділікпен
Көз тартып ұрпақтарға алмасуда ,-дегендей біздің келесі кезегіміз үй тапсырмасы: Қолөнер бұйымын қорғау
Енді әділқазылар алқасы дайын болғанша асыл әжелерімізге арналған әсем әнді қабыл алыңыздар
Қайырымды қасиеттіЕң ардақты ақ әжемӘрбір сөзі өсиеттіБаға жетпес, бал әжемАман – есен жүріңізшіБар тілегім сол әжем – дей отырып,бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар.
Болашақ тобы:
Хасарова Гүлнәр
Бисенғалиева Жамал
Көктем тобы:
Ерғалиева Сандуғаш
Еркемай тобы:
Калхашева Маухида
Ибраева Маргуа
Жұлдыздар тобы:
Тайпанова Ания