Саба?ты? та?ырыбы:Атам мен ?жем


Тақырыбы: Атам мен әжемСабақтың мақсаты:1. Білімділік: Атам мен әжем тақырыбы бойынша өтетін сөздерді сөйлеуде дұрыс пайдалана білу. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Тақырып төңірегінде сөйлей білу.2. Тәрбиелік: Өз туған еліне, тұрған жеріне, сол арқылы Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, елді, жерді сүюге тәрбиелеу, табиғатты аялауға шақыру.Мемлекеттік тілді үйренуге баулу.4. Дамытушылық: Сөздік қорларын молайту, тілге тән дыбыстарды, жаңа сөздерді дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Естіп, тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу,жазу, әрекеттерін дамыту.Сабақтың түрі: аралас сабақ.Сабақтың әдіс тәсілі: Модульдік технологиядағы өзара бақылау, оқыта үйрету ойындары, топтық жұмыс, қайталау, сұрақ-жауап, түсіндіру, коммуникативтик.Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үнтаспа, доп,дөңгелек кеспелер, рөлдік ойындар.Пәнаралық байланыс: орыс тіліСабақтың барысы.1. Ұйымдастыру кезеңі Амандасу (Ай, күнді белгілеу, сыныпты түгендеу)Фонетикалық сәт.Ын- ің ға -геАл - ән он - өнҰн- үн қа – кеҚарға, қарға, қарғалар,Қар үстінде жорғалар.2. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.Өткен сабақтардағы сұхбатты, жаңа сөздерді өзара тексеру, өзін-өзі бақылау тәсілдерін қолдану.3. Жаңа сабақ.Оқыңыз – читайте Алыңыз - возьмитеІшіңіз – пейте Көріңіз - смотритеЖазыңыз – пишите Беріңіз - дайтеОтырыңыз - садитесь. Тыңдаңыз - слушайте.Жаңа сөздерді 3-4 рет қайталау. Осы сөздермен сөз тіркесін құрау.Суретпен жұмыс. 1 тапсырма. Бұл кім? Бұл - НұрханНұрхан неше жаста?Нұрхан сегіз жаста.Бұл кім? Бұл – СанаСана нешінші сыныпта оқиды?Сана екінші сыныпта оқиды.Ойын. «Ата мен бала» Жұптық жұмыс.Сұрақтарға жауап беріңдер.- Ата, сәлеметсіз бе?- Сәлемет пе,балам.- Хәліңіз қалай?- Жақсы,рақмет.- Үйде кім бар?- Үйде әжем бар.- Әжең не істеп отыр?- Әжем кітап оқып отыр.- Ата, мен мектепке барамын.- Бар, айналайын.Сергіту сәті:Қане қанат жазайықҚарлығаш боп ұшайықҰшып,ұшып алайықОрнымызға қонайық.Дәптермен жұмыс. Кеспе қағаздарымен жұмыс.Ата, алма...Әже, айран...Ернұр аға кітап...Айсана әпке жаңалық...Керекті сөздер: алыңыз, ішіңіз, оқыңыз, көріңіз.Тіл дамыту тапсырмасы.Мәнерлеп оқып, балаларға түсіндіру. Жеке, топтық жұмыс жасату, оқыту.Әжем.Мен әжемді сүйемін,Киімді өзім киемін.Ақылына көнемін,Өлең айтып беремін.Ойнап келсем, Күнім! Деп,Қарсы алады күлімдеп.Мен сабақты оқимын,Әжем кілем тоқиды.Сабақты қорытындылау кезеңі- Балалар, бүгін сабақта не үйрендік, не түсіндік,қандай жаңа сөздермен таныстық?Оқушылардың білімдерін бағалауҮй тапсырмасы.5 тапсырма 65 бет. Үлгі бойынша төрт сөйлем жаз.- Балалар, сендермен сабақ өткізгенімнен өте жақсы әсер алдым!- Сау болыңдар!