Саба? жоспары Мені? ?жем, а? ?жем!


Тақырыбы: «Менің әжем ,ақ әжем!»
Мақсаты: Балаларға наурыз мерекесін ұғындыру.Жас ұрпақты ата-баба дәстүрімен
тәрбиелеу.Әже тәрбиесін үлгі ету.Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың
өнегесін күнделікті өмірде пайдалану.Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды
құрметтеуге үйрету.
Сайыстың жүру тәртібі:
1.Ұйымдастыру.Тәрбиешінің кіріспе сөзі.
2.Әже мен немерені таныстыру3.Әділқазылар алқасын таныстыру4.Сайыстың шарттарымен таныстыру5.Сайысты қорытындылау.
Жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем
Жарығымен ,шуағымен Күн Ана,
Алып келдің жер бетіне гүл көктем.
Осыншама жақсылық алып келген Наурызым,
Төрлет бізге нұр бөлеп,
Шуақ шашып ақ жүзің.
Наурыз мерекесіне сай ұйымдастырылған «Менің әжем,ақ әжем!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.,Мейірімді ол кісі,
Қандай ғажап күлкісі-дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы
әжелерімізбен немерелерін ду –қол шапалақпен ортамызға шақырайық!
Кім жеңеді сайыста үміт алда,
Қобалжу бар жүректе күдік барда
Әділ-қазы алқасы атыңды ақта
Жүректерге арман мен бақыт жолда-деп әділ-қазы алқасысымен таныстырамын.
Енді сайысымыздың шартымен танысайық
1.Өзін, өз отбасымен таныстыру2.Өз өнерін көрсету
3.Салт-дәстүрден көрініс. Шаш алу дәстүрі
4.Ою оя білесіз бе?
5. «Сыр сандық» сұрақ-жауап сайысыАқнұр: Құтты болсын Ұлыстың ұлы күні!
Шаттандырған елімді тәңір нұры.
Табиғатты түлеткен нұрландырып,
Құтты болсын Наурыздың жаңа күні.
Данияр:Наурыз келді алақай,
Кел билейік балақай.
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
1-кезең Әжелеріміздің алғашқы кезеңі «Таныстыру»
Әжем болса қасымда
Көтерінкі көңілім
Алтын әжем тілекші Немерелер өмірін- деп
Инабат қызымызды «Тәтті-тәтті» әнімен ортаға шақырайық.
2-кезең «Өз өнерін көрсету»
Әжелеріміздің өнерін тамашалайық
Жанұзақ: Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Әлфия: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
3- кезең Ұлттық салт-дәстүрден көрініс. «Шаш алу» дәстүрі.
Әлпештеген баласын,
Ана –бақыт ана жыр,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын-деп аналарға арналған өлең,тақпақтарын айтады.
Айбол: Наурыз бұл мереке,
Құтты болсын береке.
Қыдыр ата келсін,
Жақсы тілек берсін! (Қыдыр ата келіп бата береді).
4- кезең «Ою оя білесіз бе?»
Расул: Қарды ертіп жылғасы,
Наурыз келді жыл басы
Мейрамында халықтың
Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз ( Наурыз көже беріледі)
5-кезең «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысыГүлбақыт: Көктем келді балақай,
Жасарды жер алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
«Әже»әнімен Нұрдәулетті шақырайық
Бақытгүл:Қош келдің,Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты Жылда осылай келе берсін жасарып,
Гүлге бөлеп нұрға бөлеп аймақты
Би: «Айгөлек»
Қорытынды бөлім.
Әділ қазылар алқасына сөз беріліп, әжелеріміз марапатталады.
Білгір әже
Мейірбан әже
Алтын оймақты шебер әже
Бұлбұл әнші әже
Ойшыл әже
Жүргізуші:Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой-сынағы,тәрбие көзі қалдырған
Салт –дәстүрді ардақтайық ағайын
Қазақ атты үлкен –кіші балдырған.-дей келе бүгінгі
«Менің әжем ақ әжем»атты әжелер арасындағы сайысты жабық деп жариялаймыз.
Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет! Сау болыңыздар!
Жаманкулова Алтын Токжановна «Боранқұл бөбекжайы» МКҚК