«Тарих ?асырлар ку?сі» тарихи танымды? сайыс
Сабақтың тақырыбы: «Тарих ғасырлар куәсі» тарихи танымдық сайысСабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың ҰБТ-ға дайындығын бақылау, тарих пәніне қызығушылығын арттыру.Дамытушылық: а) тарихи деректер бойынша тапсырма жасай білу дағдысына үйрену ә) Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту б)өз пікірін қорғай білу дағдыларына төселдіру Тәрбиелік: а) бабалардың ерлік рухын сезіндіру арқылы азаматтық тәрбие беру ә)тарихты оқып,үйренуге және ұлттық намыс қалыптастыру б)ерлікке батырлыққа,Отанын сүюге,оған қызмет етуге, Отанды қорғауға тәрбиелеу Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеруСабақтың түрі: ашық тәрбие сағатыКөрнекілігі : Интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздерСабақтың барысы: Ұйымдастыру:Оқушылармен сәлемдесіп , оқушыларды ортаға дөңгелендіріп отырғызу.«Тарих рецептімен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтынкілт – сол» - деп Ермұқан Бакмаханов ағамыз айтқандай, сіздер « Тарих ғасырлар куәсі» атты тарихи танымдық сайысымызға қош келдіңіздер! Бұл білім сайысына 10 оқушы қатысқалы отыр. Олар өздерінің осы уақытқа дейінгі ҰБТ-ға дайындықтарын ортаға салмақшы.Олай болса сайысымыздың әділ бағасын шығару үшін әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтейін:Сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін:Өткел кезеңі: А) Тарихқа саяхат ( Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады.)Ә) Әріптер сөйлейді (Қойылған сұрақтың жауабы алфавиттегі әріптен басталады немесе аяқталады. Әр жауапқа 1 балдан қойылады)Б) Тарихи оқиғалар ( Слайдта көрсетілген уақыт аралығында қандай оқиғалар болды табу керек. Әр жауапқа 5 балдан қойылады.)Самғау кезеңі: А) « Тапқыр болсаң тауып көр» Хронологиямен жұмыс (10 мин уақыт беріледі.Әр жауапқа 1 балдан қойылады)Ә) «Иә» ма, «Жоқ» па ойыны (Әр оқушыға 5 сұрақтан қойылады. Әр жауапқа 5 балдан қойылады)Б) «Тарихи көмбе» (Тарихта кездесетін сөздердің мағынасын ашу.Әр жауапқа 5 балдан қойылады)Осы екі кезеңнен 50 бал жинаған оқушы келесі кезеңге өтеді.Шарықтау кезеңі: А) Тарихи басқатырғыш ( Берілген басқатырғыштан дұрыс жауабын табу. Әр жауапқа 5 балдан)Ә) «Ойды аяқтау» (20 сұрақ қойылады .Әр жауапқа 1 балдан)Б) «Кім, не жазған...» (Слайдта берілген сөздердің егесін табу. Әр жауапқа 5 балдан)Осы кезеңнен ең көп бал жинаған 3 оқушы келесі кезеңге өтеді.Шырқау кезеңі: А) Қазақстан мәдениетіӘ) «Суреттер сыр шертеді» ( Берілген суретте кім немесе қандай оқиға баяндап беру керек. Әр жауапқа 1 балдан)Б) «Эрудит» (Слайдта басқа пәндерден мұғалімдер сұрақ қояды. Әр жауапқа 1 балдан)Жерұйық кезеңі.( Жеңіп шыққан оқушымен супер ойын ойнау)Білімдіден шығады алғыр шешен,Шешендікпен болған ғой барлық көсем.Сайра шәкірт, суырып шарықташы,Қалмасын бұл сайыста сенің есең,- дей келе сайысымызды бастайық.Өткел кезеңі: Тарихқа саяхат Әр оқушыға 10 сұрақтан қойылады.Әріптер сөйлейді:А – Еліміздің оңтүстік станасы: АлматыӘ – Абылай ханның шын есімі : ӘбілмансұрБ – Астана қаласының символы : БәйтерекВ – 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға : Валюта енгізілдіГ – Тарихтың атасы: ГеродотҒ – Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген атақ : Ғасыр адамыД – алла тарапынан берілетін әмір, міндет пен тыйымдардың жиынтығы: ДінЕ – «Алтын адам» қайдан табылды : Есік қорғанынанЁ – Конституцияның құрылымы : 9 тарау 98 бапЖ – «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам : Ж.МолдағалиевЗ – Сиырдың пірі : Зеңгі бабаИ – Елбасымыздың мамандығы: Инженер- металлургЙ – «Алаш» сыйлығын алған жазушы, қажы: Халифа АлтайК – Қазақтың соңғы ханы: КенесарыҚ – Ж.баласағұнның ХІ ғ. жазған еңбегі: «Құтты Білік»Л – кеңес үкіметінің басшысы ЛенинМ – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі : Мұхтар Құл-МұхамедН – Күйші, сазгер, дирежер, домбырашы:Н.ТілендиевҢ- Қазақстанның ең биік шыңы : ХантәңіріО- Қазақстанның бірінші астанасы: ОрынборӨ – Қазақстандағы түсті металлургияның орталығы:ӨскеменП – Жоғарғы заң шығарушы орган : ПарламентР – 1995ж «әлемнің әйгілі әйелдері» деген энциклопедияға енген адам: Р.БағылановаС – Сүтке араластырылып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы : СөкТ – Қазақстанды алғаш тәуелсіз ел деп таныған ел: ТуркияУ – Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті: УызҰ – Кеңес Одағы мен Германия арасындағы соғыс: ҰОСҮ – Жыл мезгілін қазақтар қандай жұлдызға байланысты білген: ҮркерФ – «Екінші ұстаз» атанған ғұлама: фарабиХ – 2009ж. 25 ақпан мен 6 наурыз аралығында Қазақстанда болған оқиға : Халық санағыҺ – Қазақстан Республикасына сіңген еңбегі үшін, оның тәуелсіздік жолында күресі үшін берілетін орден: Халық ҚаһарманыЦ – Астана қаласының бұрынғы атауы: ЦелиноградЧ – қазақтың ұлы ақыны :АбайШ – аса көрнекті сазгер, ән жанырының майталманы:Ш.ҚалдаяқовЩ – Биыл Тәуелсіздікке неше жыл : 22 жылЪ –Халықаралық тіл: Орыс тіліЫ – Қазақтан шыққан суретші қыз: Г.ЫсмаиловаІ – « Көшпенділер» триллогиясының авторы: І.ЕсенберлинЬ- Қазақтың ең биік тауы: Тянь-ШаньЭ – Халықтардың әдет – ғұрып , салт – дәстүрін зерттейтін ғылым:ЭтнографияЮ – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен табыстарының бірі : ОюЯ – Кеңес Одағы батыры атағын алған мерген: ӘлияТарихи оқиғалар: 1773-1775жж – Е.Пугачев көтерілісі1783-1797жж – С.Датұлы көтерілісі1723-1727жж – «Ақтабан шұбырынды , алқакөл сұлама» жылдары1837-1847жж – Кенесары Қасымұлының көтерілісі1836-1838жж – Исатай мен Маханбеттің көтерілісі1914-1918жж – І дүние жүзілік соғыс1939-1945жж – ІІ дүние жүзілік соғыс1918-1920жж – Азамат соғысы«Тапқыр болсаң , тауып көр» хронологиямен жұмыс«Иә» ма, «Жоқ» па ойыны1.1710ж жоңғарларға қарсы біріккен әскер жасақтарын құру туралы үш жүз өкілдерінің алғашқы құрылтайы өткізілді ИӘ2. Жоңғар қазақ жеріне 7 бағытта 700 мың әскермен кірген Жоқ3. 1723-1727 жылдары «Елімай» әні дүниеге келді ИӘ4. «Қара сиыр» деген жердегі шайқаста жоңғарлар елеулі жеңіске жетіп, қазақ даласын қанға бояды Жоқ5.Шәкәрім Құдайбердіұлы «Абай Жолы» роман эпопеясын жазды Жоқ6. Қызылорда Қазақстанның астанасы болды ма ИӘ7. Қазақтың тұңғыш ғарышкері Талғат Мұсабаев Жоқ8. Қазақстаның қазіргі астанасы Алматы Жоқ9. Тудың авторы Шәкен Ниязбеков ИӘ10. «Диуани Хикмет» еңбегінің авторы Яссауи ИӘ11. Қазақстанда 16 облыс бар ЖОҚ12. Синантроп «Қытай адамы» ИӘ13. Ең жас дін Будда діні ЖОҚ14. Торғайда ең алғаш мектеп ашқан Ыбырай Алтынсарин ИӘ15. Абылай хан Түркістанда жерленген ИӘ16. Қазақстанның халқының саны 20 млнға жетті ЖОҚ17. Ұлт – азаттық көтерілістің басшысы Амангелді Иманов ИӘ18. Қазақтың алғашқы ханы Абылай ЖОҚ19. Жылқының сұті шұбат деп аталады ЖОҚ20. Қазақстанның Тәуелсіздік күні 16 желтоқсан ИӘ21. Парадарайа сақтары Жетісуды мекендеген ЖОҚ22. Қызылорданың ескі атауы Ақмешіт ИӘ23. ҚР бірінші президенті Н.Ә Назарбаев ИӘ24. Түйе жыл санауға кіреді ЖОҚ25. Австролопитек ең алғаш табылған адам ИӘ 26. Қазақстанның ең биік шыңы Хантәңірі ИӘ 27. Алтын Орданың астанасы Сығанақ ЖОҚ28. Ғұндар 24 тайпаға бөлінді ИӘ29. ғұндардың алғашқы билеушісі Мөде шаньюй ИӘ30. Қаңлылардың астанасы Чигучен ЖОҚ31. Сақ тар 3ке бөлінеді ИӘ32. Абайдың шын есімі Ибрахим ИӘ33.Абылайдың шын есімі Мұхамед Қанафия ЖОҚ34. Төле би Абылайға Сабалақ деп ат қойған ИӘ35. ҰОС 6 жылға созылды ЖОҚ36. Томирис сақтардың патшайымы ИӘ37. А.Македонский сақтармен 3 жыл бойы соғысты ИӘ38. Жыл басы Наурыз ИӘ39. Екі мәрте кеңес одағы батыры атағын алған Т.Әубәкіров ЖОҚ40. Микролит ұсақ тастан жасалған еңбек құралы ИӘ41. Шыңғысханның шын есімі Темучин ИӘ42. Шыңғыс хан енгізген заңдар жинағы «Жеті жарғы» ЖОҚ43. «Жеті жарғыны» жасаған Тәуке хан ИӘ44. Қазақтың алғашқы ханы КЕРей мен Жәнібек ИӘ45. Найман одағының тайпа саны 8 ИӘ46. Керулен өзенінің бойында керейіт тайпасы мекендеген ИӘ.47. Ресей жеріндегі қыпшақтар Кундар, командар ЖОҚ48. Ұлы Жібек жолының шығысқа шығатын қақпасы Жетісу ИӘ49. Әмір Темір Барлас тайпасының өкілі ИӘ 50. Қазақстанның казіргі астанасы Астана қаласы ИӘТарихи көмбеСардоба – Құдық үстіне салынған құрылысДың – Киіз үй тәріздес құрылысГурхан – Қарақытайлардағы билеушінің титулы (хандардың ханы)Харадж – жер салығыЖабғу – оғыздардың билеушісінің титулыДиаспора – өз елінен тыс жерде өмір сүретін этностық топРепрессия – түп тамырымен жою,басып,жаншу жазалау шарасыГуньмо – үйсіндердің билеушісінің титулыИқта – сыйлыққа берілетін жерБеклербек – әскери істерді басқарушы Қара будун - қарапайым халықТашнау – лас суларды ағызытын құбыр (канализация)Тарихи басқатырғышБЫАЙЛА – АбылайХНА ОДРАЫС – Хан ордасыНБЛАҒАСҰ – БаласағұнРАҢАҚЫАЙ – АңырақайАНХ ҒСЫҢЫШ – Шыңғыс ханАРЛАШДОА – Алаш ОрдаҚӘРІАБЫЙЛ – ӘбілқайырІТЕЖ РЫЖАҒ – Жеті ЖарғыДРОА ЛЫНАТ – Алтын ОрдаВРАЗЕНАБА – НазарбаевОйды аяқтауАтақты күрішсі – Ыбырай Жақаев Атақты тары өсіруші – Шығанақ БерсиевАтақты Шопан – Жазылбек Қуанышбаев Шоқынған қазақ – Яков БеляковТұңғыш ғарышкер – Тоқтар Әубәкіров Тұңғыш шахтер – Түсіп Күзембаев Қазақтың соңғы ханы – Кенесары Қазақтың биші қызы – Шара Жиенқұлова Қазақтың бұлбұл қызы – Майра ШамсутдиноваҚазақ халқының ұраны – Алаш Отырардың билеушісі – қайырханОтбасының қамқоршысы – Ұмай анаКіші жүздің биі – Әйтеке би Ұлы жүздің биі – Төле би Орта жүздің биі – Қазабек биҮш жүздің басын қосқан хан – Тәуке ханЕң жас дін – Ислам діні Киіз үйдің төбесі – шаңырақПулеметші қыз – МәншүкМерген қыз – ӘлияКім, не жазған.....«Сақ, Сармат, Үйсіндердің келбеттері андрондықтарға ұқсас», - деп жазған антрополог О.Смағұлов“Қазақ жүздерінің құрылу себебі , қазақтар көшіп- қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған”,- деп жазған Ш.Уәлиханов “Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды”, -деп жазған А.Байтұрсынов “Сақтар – әлемдегі ең әділ, шыншыл халық”,- деп айтқан Геректер “ Сақтар дұшпанға – қатал, досқа – адал”- деген грек тарихшылары “Өзбек ұлысында үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі, ержүректері қазақтар” екені жайлы жазған Рузбихан “Тарихты білмей, өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау – қиын”, деп Әл- Фараби айтқан