«Елім мені?» атты танымды? сайысы
Тақырыбы: «Елім менің» атты танымдық сайысы
Мақсаты:
Білімдік: Қазақстан тарихы бойынша жинақтаған білімдерін, танымдық қабілеттерін арттыру.
Дамытушылық: Сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге талпындыру.
Тәрбиелік: Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Түрі: Танымдық сабақ
Жабдығы: Интерактивті тақта, «Елім менің» атты жазуы бар плакат, шарлар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Таныстыру (топ басшылары, топтың аты)
Ойын шарттарымен таныстыру
Сәлеметсіздерме құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Елім менің» атты танымдық сайысқа қош келдіңіздер!
Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.
Ендеше бүгінгі ойынға қатысушы топтармен танысайық:
Алғыр тобы. Топ басшысы:
Сұңқар тобы. Топ басшысы:
Қыран тобы. Топ басшысы:
Бүгінгі сайыс 5 айналымнан тұрады.
Сұрақ-жауап
«Аңдап айтып, анық сөйлеу»
Тарихи тұлғалар
Полиглот
«Әріптер қозғалысы»
ІІ. Негізгі кезең.
Олай болса сайысымызды бастайық.
1 – айналымның шарты бойынша. Әр бір топқа 10 сұрақ қойылады, сол сұрақтарға жауап беру керек.
Дайын болсаңыздар алғашқы айналымды ашық деп жариялаймын.
Алғыр тобы:
Адамзат тарихының дамуының алғашқы кезеңі.
Арал бойында Сырдың төменгі ағысын мекендеген сақтар.
Ғұндардың мемлекет басшысының титулы қалай аталады?
Епті адам өмір сүрген кезең?
Сақтарды грек авторлары қалай атайды?
Үйсіндердің басшысы қалай аталады?
Қ.Р Конституциясы неше бөлімнен тұрады?
Парсы жазба деректерінде сақ тайпалары неше топқа бөлінеді
Батыс Түрік қағанатының жазға орталығы ?
Ғұн тайпаларындағы ру саны.
Сұңқар тобы:
Қаңлы мемлекетінің астанасы.
Мезолит дәуірінің кезеңдері
Саналы адам табылған үңгір
Батыс Түрік қағанатының астанасы.
Қарлұқ қағанаты өмір сүрді:
Түрік қағанатының Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып бөлінген уақыты?
Үйсіндер орталығы
Мезолит жаналықтарының бірі, микролиттер дегеніміз не?
Мөде тәңірқұтының билік еткен жылдары?
Қытай жазба деректеріндегі б.з.б. ІІ-І ғасырларда Қытай өкіметімен қарым-қатынаста болған мемлекет?
Қыран тобының сұрақтары:
Ғұн мемлекетінің негізін салған кім?
Жаңа тас ғасыры, неолит қай кезеңдерді қамтиды?
Сақтарды ирандықдар жазба деректерде қалай атаған?
Батыс Түрік қағанатындағы «қара бұдұндар»деп кімдерді атайды?
Түргеш қағанатының өмір сүрген уақыты.
Қарахан мемлекетінің негізін салушы:
Оғыздардағы әскербасы қалай аталады?
Х ғасырда ислам дінін мемлекеттік дін етіп жариялады.
Үйсін мемлекеті қай аумақта шоғырланған:
Орталық Азия мен Оңтүстік Қазақстан жеріндегі қаңлы ескерткіштері үш мәдениетке бөлінеді. Сол мәдениеттерді атаңыз?
2 айналымның шарты бойынша студенттердің сөз сауаттылықтарын тексеру мақсатында сөздер беріледі. Сол сөздерді қатысушылар сөз құрамын әріптеп қатесіз айтып және мағынасын түсіндірулері тиіс.
Олай болса екінші айналымға кезек берейік.
Алғыр тобы: Тиграхауда, Қауыншы, синантроп
Сұңқар тобы: Парадарайя, тәңірқұты,питекантроп
Қыран тобы: Хаомаварга, Битян,неандерталь
3 айналым: Бұл айналымда топ басшылар өз топтарына қағазда жазылған тұлғаларды 2 мин аралығында түсіндіруі тиіс. Ал, топ мүшелері сол тұлғаны табуы керек. Қатысушыларға сәттілік тілей отырып, үшінші айналымды бастаймыз.
1. Нұрсұлтан Назарбаев
2. Қыз Жібек
3. Абай Құнанбаев
4. Ахмет Байтұрсынов
5. Әлия Молдағұлова
6. Исатай Тайманұлы
7. Төле би
8. Тәуке хан
9. Қайрат Рысқұлбеков
10. Абылай хан
1. Герадот
2. Бауыржан Момышұлы
3. Әлихан Бөкейханов
4. Әйтеке би
5. Махамбет Өтемісұлы
6. Мәншүк Мәметова
7. Төлеген
8. Қорқыт ата
9. Ыбырай Алтынсарин
10. Керей хан
Мөде
Рақымжан Қошқарбаев
Бекежан
Қабанбай
Қазыбек би
Кеңесары Қасымұлы
Лаззат Асанова
Жәнібек хан
Бейбарыс сұлтан
Мұхтар Әуезов
4 айналым: Полиглот. Бұл айналымның шарты бойынша топтарға қойылатын сұрақтардың жауаптарын үш тілде айту керек.
1. 603 жылы Түрік мемлекеті 2 - ге бөлінді: (Батыс, Шығыс - Восток, Запад - West, East)
2. «Қара бұдын» деген кімдер?.... (Халық – Народ – Реорle)
3. 960 жылы Мұса Боғра хан қандай жаңалық енгізді?... (Дін – религия – religious)
4. Түрік қағанаты... (Мемлекет – Государство – country)
5. Ақшалы сауда айналысының болғандығын неден білеміз?.... (Археологиялық қазба жұмыстарынан - работа - work )6. Қарлұқ қағанаты неше жыл өмір сүрді?... (200 жыл - год – year)
7. Түріктер неге табынған?... (Отқа – огонь – fire)
Соңғы айналымға кезек берейік. Бұл айналымда оқушылар берілген сұрақтардың жауаптарын сол әріптерді пайдалана отырып , жауап беруілері керек.
Зеңгібаба қай түліктің атасы: сиыр
Ақ түсінің синонимі: қара
Қыстың көркі: қар
Балды жинаушы: ара
Шын сөзінің синонимі: рас
Күннің түсі: сары
Красканың қазақшасы: сыр
ІІІ. Қорытынды кезең. Жеңімпаз топты анықтап, марапаттау.
«Елім менің » атты танымдық сайысын аяқтаймыз. Назар қойып, тыңдағандарыңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!