Тарихи танымды? кеш 9-10 сыныптар.


Өткеніміз- өнеге, күткеніміз келешек.
(тарихи танымдық кеш)
Кештің мақсаты: Туған жерін сүюге, оларға туған топырағының сонау тереңде жатқан
тарихын таныту. Егемендіктің мәнін түсіндіру, бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін
зерделеумен оларды Отаны үшін отқа түсетін елжанды азамат етіп тәрбиелеу.
Кештің басталуы:
Елге айналдың , Отаным, есімі ұлы,
Аштың әлем халқына есігіңді.
Зорға жеткен ардақтап осы күнді
Түзе халқым, салтың мен бесігіңді
Құлақ кесті құл емес, қазақ тіпті,
Сезінетін шақ туды азаттықты,
Отаншылдық бір айбын көтерілсін
Толқындай теңіздің ғажап күші.
Тігілген соң Ақ орда шаңырағым,
Тұғырыңа қонуда сан қыраның
Отан деген оранып от құшаққа
Кәусарына шөлімді қандырамын.
Сенен ғана өрбиді күш, жыр-әнім,
Қазақстан, о, менің тұрағым.
1-оқушы:
1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. 2,5 ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді.
2-оқушы:
Бұл кеш Қазақ ордасының құрылуының 543 жылдығына, Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығына, Қазақстан Республикасының тәуелсізжігінің 20 жылдығына(барлығы хормен) арналады.
3-оқушы:
Отан деген не? Отан денгеніміз- адамның туып-өскен жері, туған-туыстарымен, жақындарымен бірге тұратын ата мекені. Біздің Отанымыз - Қазақстан Республикасы. Адамның бақытты өмір сүруі көп жағдайда Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты.
4-оқушы:
Тұрғанға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адал атта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял,
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
5-оқушы:
Мен қазақпын, мың өліп , мың тірілген
Жүрегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкіммен күн түрілген.
С.Тұрысбектің «Көңіл толқыны» күйі орындалады.
6-оқушы: «Тоқсан екі баулы қыпшақ» тарихында Шыңғыс хан шапқыншылығының өте
ауыр із қалдырған, 200 жылға созылған үздік-создық шайқастардың халық үшін ауыр зардаптар әкелгені мәлім.
7-оқушы:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Сен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
8-оқушы:
Арыстан елге Отан болған Тұран
Тұранда қазағым да хандық құрған.
Алғашқы рет қазақта- Жәнібек хан
Тұранның талай жерін билеп тұрған.
9-оқушы:
Аспанда жарқ-жарқ жарындар,
Аққан судай зымырады ғасырлар
Тұрды күтіп аласапыран мезгілдер
Бел-белестер, қилы-қилы асулар
10-оқушы: Қазақ халқының көкірегінде шер болып қатқан осы бір кезең, туған жерінен,
елінен, жұртынан айырылған ен далада жосыған халық. Жоңғар шапқыншылығы – тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды ,Алакөл сұлама» деген атпен қалды.
Қарт баласына:
Сен ғанасың, құлыным, сен ғанасың,
Мен де көпке бармаспын сен қаласың
Ойра болған орданыңорнына екп,
Отау тігіп, оттарын сен жағарсың («Елім-ай» әні орындалады.)

11-оқушы:Қазақ халқының тарихында бұл шапқыншылық өте ауыр із қалдырды. Жүз елу
жылға жуық созылған үздік-создық шайқастар екі жақтың да келешегі үшін ауырзардаптар әкелді.
«Үш бәйтерек» /үш би туралы / ән орындалады.
12-оқушы :Қазақ халқы Ресей патшасының отаршылдық саясатынв қарсы үздіксіз күресті.
Ресей мен Кеңес империясының орталығына қарсы үлкенді-кішілі 300-ден астам көтеріліс болып өткен. Олардың ең ірілері : Сырым Датұлы бастаған 1793-179 жылдардағы Кіші жүз
қазақтарының көтерілісі ;
Исатай Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы көтеріліс;
1916 жылғы Торғай және Жетісудегі ұлт-азаттық қозғалыс-қазақ
халқының тәуелсіздік жолындағы күрестің шыңы.
13-оқушы:Күштеп ұйымдастыру қазақ халқының шаруашылығына үлкен зиян келтірді.
Құлақ естімеген, көз кзрмеген озбырлықтар жасалды. Соның салдарынан халық аштыққа
ұшырады. /1920-1930ж.ж. ұйымдастыру/, Қазақстандағы 1- аштық 1921-31ж.ж. 2-ші аштық
1931-33 ж.ж./ голощекиндік геноцидтік солақай саясаттың салдарынан 1937-1938 жылдары енді өркендеп келе жатқан Қазақстан мәдениеті мен әдебиетіне үлкен қастандық әкелінді. Сол бір алапат жылдары 100000-нан астам қазақ жауапқа тартылды. Олардың көпшілігі алаштың бетке ұстар арыстары еді.
«Туған жер» әні орындалды.
14-оқушы:
Қазағыма азапты жазған ба?
Ел ішінде індет, жала қонғанда
Шәкіртімнің сақалына жармасып
Ауыз салды Жүсіпбек пен Мағжанға
Қырандармен сұңқарлардан айырылдық
Топшы сынып, бір қанаттан майырылдық
Қамалған соң тот баспайтын азамат
Жалтақтардың сөзін тыңдап қайырылдық.
15-оқушы: Дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы, осы оқиғаның бас қатарларында : Сабира, Қайрат ағамыз 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Олар елінің болашағы, тәуелсіздігі үшін күресті.
1-жүргізуші:
Сөйтіп, дүние жүзіндегі үлкен де қуатты елдердің бірі Кеңес мемлекеті ыдырауға айналды.
/1922-1990/. Әр республика өз алдынадербес мемлекет боламыз деді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіз Республика деп жарияланды. Бұл күн Қазақстан тарихында Тәуелсіз Республиканың туған күні ретінде алтын әріппен жазылған. Алғаш құттықтаған елдердің бірі болған Түркия.
2-жүргізуші: Мемлекетіміздің Елтаңбасы, Туы мен Әнұран /1992ж./ Мемлекеттік белгі
нышандары құрмет тұту әрбір Қазақстан азаматының міндеті.
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де
Өзіңді өзің еткен бақ
Тәуелсіздік төрінде
Асқар тау да – сенікі
Бақша - бау да сенікі
Қалтқысыз доспенен
Қатал жау да сенікі
Барлығы бірге ------------------------------ Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да,
Жас, Қазақстаным
Белді бекем буын да.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Қазақстан Республикасының келешегі қандай болмақ? Бұған Республика Президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» үндеуінде жауап берді. Онда былай делінген: «Біздің
мақсатымыз – гүлденген қоғам орнату. Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты.
Біздің алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығымыз. 2030 жылға қарай Қазақстан Орталық Азия барысына айналады және өзге дамушы елдер ге үлгі болады деп сенемін».
Кеш: «Егеменді Қазақстан» әнімен және Қазақ елі, Әнұранымен аяқталады.