?ажайып ала? тарихи танымды? ойын


«Ғажайып алаң»Ойынның мақсаты: Қазақстан тарихы пәні бойынша алған білімдерін пысықтау.Қажет көрнекі құралдар: айналдырма барабан, суреттер, сыйлықтар, т.б.Ойынның барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі-Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін сіздер «Ғажайып алаңға» келіп отырсыздар.Бұл алаңда біз қазақ халқының тарихына тоқталамыз.Ойынның тартысты және қызықты өтуі сіздерге байланысты . Олай болса мен сіздерді ойынның шартымен таныстырайын.ІІ. Ойынның шарты1. сыныптан 9 оқушы қатысады.
2. Ойын 5 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде де салт-дәстүрлерден сұрақтар қойылады. Бұл кезеңдерде жеңіп шыққан жеңімпаздар финал ойынына қатысады. Финалдан шыққан оқушы «Супер ойынға» қатысады. «Супер ойынды» ойнау - ойнамауды ойыншы өзі шешеді. Егер ойнайтын болса, барабан бетіне супер ойын сыйлықтары ілінеді. Барабанды айналдырып сыйлығын таңдайды, яғни нұсқағыш қайсысына тоқтайды соны алады. «Супер ойынның» жеңімпазы арнайы сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталады. 3. Ойын кезегін күтпей жауап берген оқушы ойыннан шығарылады немесе бірден жауап берген кезде бір әріптен қате жіберсе ойыннан шығады.Шартты белгілер:Барабан бетіндегі «Б» (банкрот) белгісі жинаған ұпайларыңызды түгелдей күйдіріп, әріп немесе сөз айту мүмкіндігінен айырып, келесі адамға кезегіңіз беріледі. Барабан бетіндегі «телефон» белгісі сіздіңбіреуге көмекке жүгінуіңізге болатынын ескертеді. Егер бұл талапты орындай алмасаңыз, кезегіңізді келесі ойыншыға беруіңізге тура келеді. Ал егер талапты орындасаңыз, ойынды жалғастырасыз. Тақтаға жасырын сөздер беріледі. Бұл сөздерді барабанды айландыру арқылы ойыншылар табады. Әріптеп табу арқылы немесе бірден жауабын беру арқылы табуға болады. Егерде жасырынған сөзде ойыншы айтқан әріп екі немесе одан да көп кездесетін болса, сәйкесінше сонша есе ойыншының ұпай саны еселенеді. Тақтада айландырма барабан ілініп тұрады. Бұл барабанның бетінде сандар белгіленген. Сандарды жинау арқылы ұпайын толықтырады. Егер оқушы финал ойынына шықса, осы жинаған ұпайларына сыйлық сатып ала – алады. Ол үшін тақтада бағалары белгіленген сыйлықтар тізімі ілінеді, осы сыйлықтардың бағасына қарап жинаған ұпайына шақ сыйлық сатып алады. ІІІ. Ойынның жүргізілу барысы І кезең Қаратау
Қазақсчтанда алғашқы адамдардың еңбек құралдары табылған тауІІ кезең Шілікті
Шығыс Қазақстаннан табылған алтын адам қалай аталады.
ІІІ тур Аттила
400-453 ж өмір сүрген атақты ғұн билеушісі
Финал ойыны ҚарғалыАлматы маңындағы қай шатқалдан үйсін зергерінің тамаша туындысы диадема табылды. Супер ойынЖеңімпаз «Супер – ойынды» таңдаған болса, бір минут уақыт беріледі. Тақтадағы жасырын сөздің сұрағымен таныстырамын. Сіздің жасырын сөзден үш әріп айту мүмкіндігіңіз бар (ойыншы үш әріп айтады, егер айтқан әріптері сәйкес келсе әріптерді ашасыз).Қазақтың белгілі ғалымы. Жезқазған өңірінен көне заманда 1 млн қола өндірілгенін зерттеген. СәтбаевОйлану уақытыңыз басталды.Қорытынды: Осымен балалар ойынымыз аяқталды. Ат салысып қатысқандарыңызға үлкен рахмет. Келесі ойынды бұдан да қызықты ғып өткізейік. Сау болыңыздар!