Ежелгі заман?а саяхат. Тарихи-танымды? ойын
«Куропаткино орта мектебі» КММ
Ежелгі заманға саяхат
(Тарихи-танымдық ойын)
Өткізген: Баймади Г.
2015-2016оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі заманға саяхат
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың Ежелгі Қазақстан тарихы мен ежелгі дүние тарихынан өткен тақырыптар негізінде алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау, жинақтау.
Дамытушылық: Деңгейлік тапсырмалар, көрнекіліктер арқылы оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздылық қасиеттерге жетелеу.
Тәрбиелік: Оқушыларды белсенділікке, жылдамдыққа, зеректікке тәрбилеу
Кезеңдері:
Таныстыру
Білім биржасы.
Құпия ұяшықтар
Басқатырғыштар базары.
«Тарихи домино» ойыны
Құпия сұрақтар.Оқушылардың білім деңгейіне байланысты деңгейлік сұрақтар беріледі.
Білім биржасы
«Алғырлар» тобына.
Египетті ежелгі заманда қалай атаған?
А) «Қара су»; Ә) «Қара жер»; Б) «Қара саз».Египеттіктер үшін аса зор ролі болған өзен.А) Евфрат; Ә) Тигр; Б) Ніл.Египетті алғаш біріктіруші патша кім?
А) Тутмос; Ә) Менес; Б) Рамзес.Египеттің алғашқы астанасы қалай аталады?
А) Фивы; Ә) Мемфис; Б) Ахетатон.Египеттегі құдық қалай аталады?
А) шадуф; Ә) шығыр; Б) шарық.Египеттің негізгі байлығы не?
А) мақта; Ә) тас; Б) зығыр.Перғауын билігінің символы.
А) шоқпар; Ә) асатаяқ; Б) қылыш.Египетте жаңа құдайды енгізіп, оған арнап Ахетатон қаласын салдырған перғауын.А) Тутанхамон; Ә) Тутмос ІІІ; Б) Эхнатон.Эхнатон перғауынның әйелінің есімі.
А) Нефертити; Ә) Клеопатра; Б) Хатшепсут.Египетте кімдер перғауыннан кейін беделді болды?
А) жазғыштар; Ә) қазылар; Б) әкімдер.
«Тапқырлар» тобына.
Египет тілінде «Үлкен үй» деген мағына беретін сөз.А) Перо; Ә) Зеро; Б) Неро.Храмдардағы дін иелері кімдер?
А) бақсылар; Ә) шамандар; Б) абыздар.Перғауындар мен шонжарлардың өмірі мен мүлкіне қастандық жасағандарды аяусыз жазалаушылар.
А) әкімдер; Ә) қазылар; Б) жазғыштар.Тутмос ІІІ оңтүстіктегі қай елге жорық жасады?
А) Сирия; Ә) Вавилон; Б) Нубия.Египеттің әскерінің негізгі бөлігі қандай әскерлер болды?
А) жаяу әскерлер; Ә) атты әскерлер; Б) теңіз флоты. Нубия елінде перғауындарды қызықтырған қандай бағалы металл болды?
А) күміс; Ә) алтын; Б) платина.Египеттіктердің иероглифтерінің саны қанша болды?
А) 500; Ә) 750; Б) 1200.Египеттіктердің медицина құралдары қандай металлдан жасалды?
А) қоладан; Ә) болаттан; Б) күмістен.Египеттегі ең бірінші пирамида қай перғауынға арналып салындыА) Хеопс; Ә) Рамзес; Б) Жосер
Египет әдебиетінің біздің заманмызға жеткен дастаны.
А) «Синухет әңгімесі»; Ә) «Гильгамеш туралы дастан»; Б) «Гайавата туралы дастан».
Құпия ұяшықтар
Басқатырғыштар базары.
Екі топқа сөзжұмбақтар беріледі. Қай топ бұрын әрі дұрыс жауап берсе, сол топқа жоғары ұпай беріледі. (Сөзжұмбақтар қосымша берілген.)
“Иә” немесе “Жоқ”
Ғалымдар Танзания (Шығыс Африка) жерінен табылған алғашқы адамды “саналы адам” деп атады?
Питекантроптың қаңқасы алғаш рет Ява аралынан табылған.
Қазақстан аумағында алғашқы адамдар бұдан 1 миллиондай жыл бұрын пайда болған.
Алғашқы адамдардың кәсібі – балықшылық
“епті адам” кейінгі палеолитте қалыптасты
Кроманьондық адамның табылған жері - Франция
Туысқан адамдар ұжымының атауы рулық қауым
Мұздықтар бұдан 10 мың жыл бұрын ери бастады
Садақ пен жебе палеолитте пайда болды
Пиктография папирусқа жазылған суреттер
Ғалымдар қазақтардың киіз үйлерін андрондықтардың баспаналарына ұқсатады
Жеке меншік неолитте қалыптасты
«Тарихи домино» ойыны.
“Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі
ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған” деп айтқан академик?
В.П. Алексеев
“Саналы адам” өзінің арғы тегіне қарағанда көп ірі жетістіктерге жетті. Ол ........ ,
........меңгерді.? “Саналы адамның” миы ...........миынан ............үлкен болды.
“Саналы адам” өзінің арғы тегіне қарағанда көп ірі жетістіктерге жетті. Ол тік жүруді, анық
сөйлеуді меңгерді.? “Саналы адамның” миы “епті адамның” миынан екі есе үлкен болды
Парсы тілді халықтардың мұра болып жеткен ең көрнекті әдеби шығармасы – Авеста. Бұл
шығармада уағыздалатын діни ілімді алғаш ........... ілімі деп атады. Л ілімнің мәні – жақсылық
құдайы ........ Мен жамандық құдайы ........ Арасындағы күрес әлемдік дамудың негізі деуінде.?
Парсы тілді халықтардың мұра болып жеткен ең көрнекті әдеби шығармасы – Авеста. Бұл
шығармада уағыздалатын діни ілімді алғаш Заратуштра ілімі деп атады. Мәні – жақсылық
құдайы Ахурамазда Мен жамандық құдайы Анхра Манью Арасындағы күрес әлемдік дамудың негізі деуінде.?
“Қатесін тап”
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ кезеңдерге, яғни тас дәуірі, мыс дәуірі, темір дәуірі және қола дәуірі деп төрт кезеңге бөлінеді.
Адамзат тарихы өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында ұзақ кезеңдерге, яғни тас дәуірі, қола
дәуірі дәуірі және темір дәуірі деп үш кезеңге бөлінеді
«Құпия сұрақтар».
Тақтадағы Ежелгі Египет деген сөздегі әріптерді таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
Египетке таяу жердегі басы адам, денесі арыстан бейнесіндегі мүсін.
Ертеде адамдар сфинксті қалай атаған?
Египеттіктер су сағатын және тағы қандай сағатты ойлап тапты?
Египеттіктердің жазу жүйесі қалай аталады?
Египеттіктер аспан әлемін бақылау арқылы қандай табиғат құбылысын байқаған?
Египеттегі күн құдайының есімі.
Египеттегі ақыл мен білімнің құдайы.Перғауындардың пирамидалары қай жерде орналасқан?
Египеттегі ең биік пирамида қай перғауынға арнап салынған?
Жосер перғауынға арнап салынған пирамиданың ерекшілігі неде?
Хеопс пирамидасын салу үшін жиырма жыл уақыт кеткені туралы мәлімет қалдырған грек тарихшысы.
Қорытындылау: Әділқазылар алқасы топтардың ойынын бағалап, жеңімпазды анықтайды.