Саба? жоспары №186 сынып


Сабақ: 18Тақырыбы: Өркеннің көптүрлілігі: вегетативтік және генеративтік, жерүстілік және жерастылық, қысқарған және ұзарған өркендер. Өркеннің түрөзгерістері.
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі – вегетативті мүшесі генеративтік, жерүстілік және жерастылық, қысқарған және ұзарған өркендер. түрөзгеріс түрлерін, олардың өзіндік ерекшеліктерін оқушы тұлғасына жете түсіндіру.
Тәрбиелілігі – түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Дамытушылығы – пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: плакаттар,
Сабақтың типі: құрастырылған
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Өсу нүктесі қайда болады, қай ұлпаға жатады, қандай қызмет атқарады? Сабақтың ұшынан өсуін дәлелдейтін тәжірибені түсіндіріңдер. Сабақтың бойлап өсуін тоқтатуға болама ма, болса қандай шаралар қолданылады?
.Шырпуды қай кезде, қандай мақсатта жүргізеді? Ағаш діңінің сүрек қабаты басқа қабатына қарағанда қалың болу себебі неліктен? Сабақтың жуандауы қандай ұлпаға байланысты?
Жылдық шеңбер қалай түзіледі? Жылдық шеңберден қандай құбылыстарды байқауға болады? Бұтақтарға жылу, ылғал жетіспейтін себебі неде?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
-49530015240Түрі өзгерген жер үсті сабақтар
Сояу: долана, жабайы алмұрт, жабайы алма және т.б.
Шырынды: кактус, сүттіген және т.б.
Қауданды (чоган) қырыққабат түрі өзгерген алып бүршік
00Түрі өзгерген жер үсті сабақтар
Сояу: долана, жабайы алмұрт, жабайы алма және т.б.
Шырынды: кактус, сүттіген және т.б.
Қауданды (чоган) қырыққабат түрі өзгерген алып бүршік

-495300116205Түрі өзгерген жер асты өрендер
тамырсабақ
түйнек
пиязшық
жатағын (бидай, қоңырбас, бетеге)
қысқарған (бүлдірген, шыршай)
шырынды (қырлышөп, құртқашаш)
түйнек тәрізді (канна)
картоп
пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа
00Түрі өзгерген жер асты өрендер
тамырсабақ
түйнек
пиязшық
жатағын (бидай, қоңырбас, бетеге)
қысқарған (бүлдірген, шыршай)
шырынды (қырлышөп, құртқашаш)
түйнек тәрізді (канна)
картоп
пияз, сарымсақ, сүмбілшаш (гиацинт), лалагүл, жабайы жуа, қызғалдақ, бәйшешек, қазжуа

ІV. Бекіту.
Тамырсабақ пен тамырдың айырмашылығы
Тамырсабақ Тамыр
1. Тамырсабақтың ұшында бүршік болады. 1. Тамыр ұшындай оймақшасы бар.
2. Буын және буынаралығынан тұрады. 2. Буын және буынаралықтары болмайды.
3. Жапырақтары қабыршақты, қоңыр түсті. 3. Жапырақ болмайды.
4. Қабыршақ қолтығында бүршіктер орналасады. 4. Бүршіктері жоқ
5. Бүршіктен дамиды. 5. Ұрық тамыршасынан дамиды.
6. Тек көпжылдық өсімдіктерде болады. 6. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің барлығында болады.
Түйнек пен тамырдың айырмашылығы
Түйнек Тамыр
1. Түйнектің сыртында жапырақ іздері (көзшелері) бар. 1. Тамыр ешқашақ жапырақ шығармайды.
2. Бүршіктері кезектесіп орналасады, одан өркен дамиды. 2. Бүршіктері болмайды.
3. Жарық түссе, түйнек дереу жасыл түске боялады. 3. Қанша жарық түссе де тамырдың түсі өзгермейді.
Үй тапсырмасы. Осы күнге дейін өтілген тақырыптардың барлығын қайталап келу, келесі сабақта тест жұмасы алынады.