Екі ?рнекті? ?осындысыны? квадраты ж?не айырымыны? квадратыны? формулалары(7 сынып)
Кабакбаева Гульдана Кумекбаевна
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
Б.К.Мергенбаев атындағы №226 гимназияның
ІІІ деңгейді игерген, ІІ санатты математика пәні мұғалімі
Сабақтың
тақырыбы: Есеп шығару (Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадратының формулалары)
Сабақ негізделген оқу мақсаты Бүтін өрнекті түрлендіруде екі өрнектің қосындысының квадраты және айырымының квадратының формуласын қолдана білу, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде көрсетілген формулаларды кері тәртіпте қолдана білу бейімділіктерін дамыту.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар істей алады: а±в2=а2±2ав+в2 формуласын қолдана алады
Оқушылардың көпшілігі істей алады: Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадратын көпмүшеге түрлендіре алады, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеуде көрсетілген формулаларды кері тәртіпте қолдана алады
Кейбір оқушылар істей алады: көрсетілген формуланы қолданып өрнекті көпмүше түрінде жазуды тұжырымдай алады.
Тілдік мақсат Оқушылар: Өз ойын еркін жеткізеді
Негізгі сөздер мен тіркестер: Бірмүше, көпмүше, екі өрнек, қысқаша көбейту формуласы
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
Екі өрнектің қосындысының квадраты және айырмасының квадраты
Талқылауға арналған сұрақтар:
Бірмүше дегеніміз не?
Көпмүше дегеніміз не?
Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
Екі өрнектің қосындысының квадратын көпмүшелердің қосындысы түрінде жазуға болама?
Қысқаша көбейту формулалары деп нені айтады?
Тыңдалым, оқылым, жазылым бойынша ұсыныстар:
Формуланы қолдану, формуланы кері тәптіпте орныдай алу
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз Ресурстар
Басы
1мин
5мин Сәлемдесу
Ұялы телефон (4 түрлі-түсті үлестірме, ауызша сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылар топқа бөлінеді)
5 санының квадраты неге тең?
3 санының екі еселенген көбейтіндісі неге тең?
Теріс сан мен оң санның көбейтіндісінде қандай сан шығады?
Теріс сандардың көбейтіндісінде қандай сан шығады?
Есепте: (-2)·3=
3 минут
Ұялы телефон бейнесінде үлестірме қағаздар
Ортасы
5мин
15 мин
5мин
І. Формуланы еске түсіру, қайталау (5 минут)
Формуланы құрастыр (топтық жұмыс)
а±в2=а2±2ав+в2
Формуланың бөліктері беріледі дұрыс тәртіппен құрастырады. 2 топқа 1 формула беріледі, топтар алмастырып тексереді.
Тақтада дұрыс жауабы арқылы тексереді
ІІ. Есептің жалғасын тап: (15 минут)
Берілген тапсырма бойынша әр оқушының қоржынында 5 ұпай болады.
І
1.Амалды орында: 2х+32=4x2+12х+9
2.Амалды орында: 2-3у2=4-12у+9у23.Екімүшенің квадраты түрінде жаз: 0,04а2-2ав+25в2=0,2а-5в24. Екімүшенің квадраты түрінде жаз: 14х2+7ху+49у2=12х+7у25.Теңдеуді шешіңдер: 3х+42-9хх+3=409x2+24х+16-9x2-27х=40-3х=24
х=-8
ІІ
1.Амалды орында: (3х+2)2=9х2+12х+4
2.Амалды орында: (3-2у)2=9-12у+4у2
3.Екімүшенің квадраты түрінде жаз: 25а2-2ав+0,04в2=(5а-0,2в)2
4. Екімүшенің квадраты түрінде жаз: 49х2+7ху+0,25у2= (7х+0,5у)2
5.Теңдеуді шешіңдер: (2х+3)2-4х2+12х+9=0
4х2+12х+9-4х2+12х+9=0
24х+18=0
24х=-18
х=-0,75
(Әр дұрыс шығарылған есеп үшін 1 ұпай беріледі, барлығы 5 ұпай, сағат тілінің бағытымен алмастырып, жұппен тексереді, жұптасқан оқушы ұпайын жазып береді)
ІІІ. Деңгейлік тапсырма: (15 минут)
Міндетті деңгей
Өрнекті көпмүше түрінде жазыңдар:
1)(х-с)2; 2)(в+су)2; 3)(2ах-3в)2
Мүмкіндікті деңгей
Өрнекті екімүшенің квадраты түрінде жазыңдар:
1)с2x2-4асх+4а22)в4у2+6в2аху+9а2x2Шығармашылық деңгей
(а+в+с)2=а2+в2+с2+2ав+2ас+2вс формуласын қолданып, өрнекті көпмүше түрінде жазыңдар:
(х-су+в)2
Деңгейлік тапсырма бойынша 6 есеп 6 ұпаймен есептеледі, толық 6 есепті шығарған оқушы 6 ұпай алады.
Сабақ бойынша барлығы 11 ұпай.
Үлестірме қағаздар
Слайд1
Алгебра дидактикалық материалдар
Ә.Н.Шыныбеков
Алматы «Атамұра»2007
Слайд2
Слайд3
Алгебра оқыту әдістемесі (ӨЖ№4)
Ә.Н.Шыныбеков
Алматы «Атамұра»2012
Слайд4
Слайд5
Соңы
7 мин
3 мин Анықтаманы толықтыр: (3 минут)
-Екі өрнектің қосындысының .................... бірінші өрнектің квадратына, ................ екі еселенген бірінші және екінші өрнектердің ..............................., плюс екінші өрнектің ................. тең.
-Екі өрнектің ................................ квадраты, бірінші ............................... квадратына, минус .................................... бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, ..................... екінші ................................. квадратына тең.
Рефлексия (2 минут) «Биопоэма»
1.Есімің...............................................................................................................
2.Сабақтың қызықты кезеңдерін атаңыз...................................................................
3.Есепті талдап шығару сен үшін қиын болды ма? .......................................................................................... Үлестірме қағаздар
Оқушыларды бағалау (сабақ бойынша алған ұпай сандарын оқушылар шығарады)
10-11 ұпай «5»
7-9 ұпай «4»
4-6 ұпай «3»
Рефлексия Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?
- Бүгін оқушылар не білді?
- Сыныптағы ахуал қандай болды?
- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақ барысында оқушылар формулаларды қайталап, еске түсірді және оны есептер шығарғанда қолдана алды. Сыныптағы ахуал оқушыларға жұптық тапсырма берген кезде бір-бірімен ақылдасып, бірінің түсінбеген есептерін бірі түсіндіріп отырды. Бұл оқушылардың алдағы уақытта есеп шығаруына септігін тигізеді деп ойлаймын. Оқушылар берілген тапсырманы белгіленген уақытқа сәйкес аяқтап отырды. Сондықтанда бұл сабағымда өткен сабақтарда жіберіліп жүрген қателіктер жойылды деп ойлаймын. Жоспарланған уақытымда сәйкес сабақты аяқтадым. Қорытындылай келе, оқушылар берілген деңгейлік тапсырманың «шығармашылық деңгейінде» қиналғандарын байқадым.