Тіл дамыту бойынша саба? жоспарыны? та?ырыбы ?Р р?міздері,Елта?ба, Ту, ?н?раны МАД


Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы: ҚР рәміздері, Елтаңба, Ту, Әнұраны.
Сабақтың мақсаты: 1) Қазақстан Республикасының Рәміздері, белгілері жайлы мағлұмат беру.
2) Байланыстырып сөйлеуге, ойларын жүйелеп жеткізуге, мәнерлеп оқуға ынталандыру.
3) Патриоттық сезімдерін ояту.
Қолданылатын әдістер: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР рәміздері - Елтаңба, Тудың суреті, Әнұран.
Жаңа сөздер: Рәміздер, ту, елтаңба, әнұран, қыран, пырақтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, сабаққа назарын аударту.
II. Өткен материалды қайталау.
III. Жаңа сабақ.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай мемлекетте тұрамыз?
Біздің еліміздің мемлекет екендігін білдіретін қандай белгілерді
білесіңдер?
Оларды қалай атаймыз?
Қане балалар, біздің әнұранымыздың сөзін білесіңдер ма? Айтып
көрейік.
Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы.
Ерліктің дастаны, еліме қарашы,
Ежелден ер деген, даңқымыз шықты ғой.
Намысын бермеген қазағым мықты ғой.
Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін елім,
Туған жерім менің – Қазақстаным!
Балалар, әр мемлекеттің өз туы, елтаңбасы, әнұраны болады. Олар –
сол елдің мемлекеттігінің белгісі. Бұл белгілерді рәміздер деп атайды.
Қазақастан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны – 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың иннаугурациясы кезінде орындалды. Әнұранның сөзін жазған - Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, композиторы - Шәмші Қалдаяқов.
Мына суретке қараңдаршы, суреттегі ту мен елтаңбаның бетінен қандай бейнелерді көріп тұрсыңдар? Олар қандай түспен берілген? Өз қалауларың бойынша біреуінің суретін салуларыңа болады.
Туымыздың түсі аспан түсіндей көгілдір. Көгілдір түс - бейбітшіліктің, тыныштықтың, жарқын болашақтың нышаны. Тудың ортасында күн, қыран құс және өрнек алтын түспен берілген. Ол молшылық пен байлықтың белгісі.
Елтаңбаның ортасында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан күн сәулесіндей уықтар тараған. Шаңырақты аңыз – әңгімелердегі пырақтар қанаттарымен көмкеріп тұр.
Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдызша, ал төменгі жағында Қазақстан деген жазуы бар. Ал енді, Елтаңба, ту, белгі сөздерінен сөйлем құрайық.
IV. Оқу іс - әрекетін қорытындылау.
- Балалар, қалай ойлайсыңдар, әр мемлекетке өз мемлекеттігін білдіретін белгілер керек пе?
- Біздің туымыз қандай түспен берілген?
- Елтаңбамыздың ортасында не бейнеленген?
- Ал отан жайлы, еліміз жайлы мақал-мәтел, тақпақ, өлең шумақтарын кім біледі, қане, айтыңдаршы.
- Міне, тамаша балалар, сендер бүгін жарадыңдар. Қайда жүрсеңдерде, еліміздің рәміздерін әрқашан жүректеріңде сақтап, олардың тарихын ұмытпаңдар. Өйткені олар біздің мемлекеттігіміздің белгілері. ҚР әрбір азаматы өз елінің рәміздерін білуі шарт.