Утренник по тему К?згі жапыра?тар
Күзгі жапырақтар.
Қатысушылар: Балалар, « Шалқан » ертегісі бойынша қойылым.
Ата – Айкөркем,
Әже – Ғазиза,
Немере қызы – Қарақат,
Күшік – Сабина,
Мысық – Сәндігүл,
Тышқан – Айназ.
( Музыка залы күз мезгіліне сай безендірілген. Бір шетте кішкене ғана үйшік. Үйшіктің айналасы бақша, әртүрлі гүлдермен, ағаштармен сәнделген.)
« Айгөлек » әнімен, қолдарына жапырақтарын ұстаған балалар залға кіреді, дөңгелене билейді. Биден кейін орындарына барып отырады.
Жүргізуші: Қымбатты балалар. Құрметті қонақтар қош келдіңіздер. Бүгінгі I-ші сәбилер тобының дайындаған «Күзгі жапырақтар» ертеңгілігін тамашалауға шақырамыз.
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты.
Би: « Ертегілер елінде » ( орындайтындар: Әдемі, Қарақат, Айназ, Айкөркем, Ғазиза, Сәндігүл, Перизат, Сабина, Жаннұр)
Жүргізуші: Ұзарады бойымыз,
Өйткені, біз күн санап.
Өсіп келе жатырмыз,
Жігіт болар батырмыз, - деп ортаға «Жақсы азамат болып өсемін» әнімен жігіттермізді шақырамыз. ( орындайтындар: Қаршыға, Дулат, Жандарбек )
Енді құрметті қонақтар біздің І- ші сәбилер тобының дайындаған «Шалқан » ертегісін тамашалаңыздар.
Автор: Ерте, ерте, ертеде бір ата мен әже өмір сүріпті. Олардың кішкене ғана үйі болыпты. Өздерімен бірге немере қызы, күшігі, мысығы, тышқаны да болыпты. Бір күні Ата үйінің қасына шапқан егіпті. Бірнеше ай өткенде шапқан үлкен болып өсіп кетіпті. Ата шалқанды жұлып алғысы келеді.
( Ата шалқанды әрі – бері тартады, бірақ жұлынбайды.)
Автор – Атасы әжесін шақырады. Әжесі келіп, атасының белінен ұстайды, ата шалқанның жапырағынан ұстайды. Әлі тартады, бері тартады, бірақ шалқан жұлынбайды.
Автор – Әже, немере қызын шақырады. Немере қызы, әженің белінен, әже атаның белінен, ата шалқанның жапырағынан тартады, бірақ шалқан жұлынбайды.
Автор – немере қызы күшігін шақырады.
Күшік қыздың етегінен, қыз әженің белінен, әже атаның белінен, ата шалқанның жапырағынан тартады, бірақ шалқан жұлынбайды.
Автор – күшік мысықты шақырады.
Мысық күшіктің құйрығынан, күшік қыздың етегінен, қыз әженің белінен, әже атасының белінен, ата шалқанның жапырағынан тартады. Ары тартады, бері тартады, бірақ шалқан жұлынбайды.
Автор – Осы кезде мысық көмекке тышқанда шақырады. Бар күшін жинап келген тышқан, мысықтың құйрығынан, күшік қыздың етегінен, қыз әженің белінен, әже атаның белінен, ата шалқанның жапырағынан тартқанда шалқан жұлынып кетеді.
Жүргізуші: Ал, енді құрметті қонақтар, қымбатты балалар осымен І-ші сәбилер тобының дайындаған «Күзгі жапырақтар » ертеңгілігі аяқталды. Тыңдағандарыңызға рахмет!
« Ақжігіт балабақшасы » МКҚК
Тақырыбы:
Күзгі жапырақтар.
Дайындаған: Күзенбаева Н.
Текеева К.
23.10.2014 жыл.
«Ақжігіт балабақшасы» МКҚК
Тақырыбы: «Тілім менің тірегім»
Дайындаған: Текеева Камшат
Күзенбаева Назира
2014-2015 жыл
Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік беру,білімін жетілдіру. Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ой өрісін,сөздік қорын дамыту.Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым! Ана тілі-адамның жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәнгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі халық тарихының барлық кезеңдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетін асыл қазына.
Қазақ тілім өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызын мәнгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім-дей отырып,Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған «Тілім менің тірегім» атты мерекелік ертеңгілігін бастауға рұқсат етіңіздер.
Балалар құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білімдердің
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,
Тіліне зер салыңдар бұрынғының.
Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білу заңдылық
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда.
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік
Хор: Әнұран
Жаннұр:
Ана тілім-елдігім
Ана тілім-ерлігім
Бекбол:
Тәлді биік құрметтеп,
Тойлап жатыр ел бүгін
Айкөркем:
Ана тілің біліп қой
Еркіндігің, теңдігің
Сабина:
Ана тілің біліп қой
Мақтанышы елімнің.
Дулат:
Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Ғазиза:
Бірлігімді бүгінгі ,
Ана тілім сақтаған
Хор:«Ана тілім»
Айназ:
Ақыл-ойын дананың
Ана тілден аламын.
Сәндігүл:
Ана тілім ардақты
Ақ сүтіндей ананың
Даурен:
Сүйесің өз тіліңді
Боласың білімді
Адема:
Өз тілің үйретер
Айзере:
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді
Жүргізуші: Келтіретін әр кезде сахна сәнін,
Көреді барлық жақсы туыстарын
Айназ ,Айзере, Даурен,Бекбол,Айкөркем атты балғындарым
Шырқайды әсем шаттық әнін.
Ән: Жақсы көрем:
Жүргізуші: Өнерлерің үстем болсын балалар! Сендер тілге байланысты мақал –мәтел білесіңдер ме? Кане кім айтады.
Қаршыға: Тіл қылыштан өткір
Нұрғиса: Өнер алды қызыл тіл
Перизат:Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Ана тілім –өзгелерден бөлексің,
Бала жүрек саған арнап жыр төксін.
Қай асылға теңесем де жарасар,Ана тілім баға жетпес өнерсің. Осымен құрметті ұстаздар, сүйкімді бүлдіршіндер, «Тілім менің тірегім» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.