Технологиялы? карта Шаршы, ?шб?рыш, д??гелек орта??ы топ


Білім беру саласы: Таным
Тобы: ортаңғыБөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
Тақырыбы: «шаршы, ұшбұрыш, дөңгелек»
Ақпараттық құзіреттілік: Балаларға геометриялық пішіндер (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) жайлы, дөңгелек ұғымдарын таныстыру
Коммуникативтік құзіреттілік: Балаларға геометриялық пішіндер (шеңбер, шаршы, үшбұрыш) жайлы балалардың білім деңгейін анықтау
Проблема шешу құзіреттілік: Берілген дидактикалық ойындар, тапсырмалар, ертегінің мазмұнына өң бойына дамыту
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінде қолданылатын демонстрациялық материалдар: Ойын, дамыта оқыту
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің өтілу әдісі: Түсіндірмелі, әңгімелесу, көрнекілік, сұрақ- жауап
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту
Әрекет кезеңдері Тәрбиеші іс- әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы
Іздену- ұйымдастырушы
Психологиялық тренинг:
-Балалар, қане біз алақанымызбен бір-бірімізгежақсы, жылу лебіздерін білдіріп, амандасып алайықшы
Ғажайып сәт (осы кезде ертегілер елінен Ханшайым қонаққа келеді)
Ханшайым: -Сәлеметсіздерме балалар! Балалар маған қандай ертегі айтып бересіңдер? Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін.
Тәрбиеші: Ертегі:- «Жазда, далада,биікте ерекше бір үйшік тұр. Сол үйшікке қарай бір үшбұрыш жақындап келеді. Оның үйшікке кіргісі келеді. Бірақ есікте құлып тұр.
-«Ей, құлып жылдам ашыл. Менің үйшікке кіргім келеді»-дейді үшбұрыш.
-Егер үшбұрыш сөлей алған болса, өзі жайлы не айтар едің?
- Өте дұрыс.
-Үшбұрышты үйшікке кіргісі келіп еді, сиқырлы дауыс оған, «балалармен ойын ойнасақ, кіргіземін» дейді.
Дидактикалық ойын: «Сыйқырлы пішіндер сыры»
Ойын шарты: алдын-ала дайындалған пішіндерден өздері білетін заттарды құрастырады.
-Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастайды. Бір уақытта біреу есікті қағады.
Үшбұрыш: « Бұл кім?»-деп сұрайды. Көрінеді.
Тәрбиеші: шаршыда қанша бұрыш бар?
-Өте жақсы жарайсыңдар
-Оның қабырғалары бірдей ме?
Сергіту сәті:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін
Болып шықты оң саусақ
Тәрбиеші: Шаршы да үйшікке кіріп рұқсат сұрайды, сонда үшбұрыш «балалармен ойын ойнасаң жіберемін»- дейді.
Дидактикалық ойын: «Шаршы құрастыру»
Мақсаты: балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету.
-Балалар шаршы қанша бөліктерден құралған?
-Шаршының түстері қандай?
Тәрбиеші:Үшбұрыш шарт орындалған сон шаршыны кіргізіп алады. Үшбұрыш пен шаршы бірге тұрады.(осы кезде тағы қонақ келеді)
-Балалар бұл кім?
-Балалар дөңгелек қандай болады? Ол не істей алады? (шаршы мен үшбұрыш жаңа қонақты көруге шықты)
- Олардың дөңгелектен айырмашылығы қандай? -Аспанымыз ашық болсын!
-Әркашан күн сөнбесін!
-Денсаулығымыз мықты болсын!
-Сәлеметсіз бе?
Ертегіні зейін қойып тыңдайды
-Мен үй құрастырдым, мен доп құрастырдым
Шаршы
4 бұрыш
Шаршының үстіне бөлінген түрлі-түсті шаршылар құрастырады. Бөлшектерден бүтін зат жасайды.
-4 бөліктен
Дөңгелек
Айырмашылықтарын айтады
Рефлексивті коррекциалаушы -Балалар біз бүгін қадай бөлшектер туралы айттық?
- Сабақ ұнады ма?
-Үшбұрыш, шаршы, дөңгелек
- Ия ұнады
Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Пішіндердің атауын біледі
Баланың меңгеруі:«Үйшік» ертегісінің желісі бойынша мазмұнын түсініп, пішіндердің түстерін, ойындарды меңгеру.
Баланың жасай алуы: Пішіндерді құрастырып, тапсырмаларды өз бетімен орындай алады.