Мектепалды даярлы? топтарыны? сауат ашу о?у іс-?рекеттеріне арнал?ан дидиктикалы? ойындар картотекасы
Сауат ашу мен
тіл дамыту оқу іс-әрекеттеріне арналған дидактикалық ойындар картотекасы
Зообақта не көрдің?
Мақсаты: Жануарлар туралы түсініктерін бекіту. Сөйлем құрастыруға машықтандыру.
Көрнекі құралдар: жануарлардың суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші балаларға жануарлардың суреттерін көрсете отырып, зообақта не көргендерін сұрайды. Балалар суретке қарап, сөйлемдер құрауы тиіс. Мысалы: Зообақта аю /қасқыр, жолбарыс, арыстан / бар.
Бұл қай мезгілде болады?
Мақсаты: Жыл мезгілдерін білу.
Көрнекі құралдар: көктем, жаз, қыс, күз мезгілінің суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші кез келген жыл мезгілін суреттей бастайды, балалар көмекші сөздерді тыңдап, қай жыл мезгілі екенін табу керек.
Мысалы: Қар жауды. Балалар аққала жасады. Күн аяз.
Ойна да, ойлан!
Мақсаты: Үй жануарлары мен үй құстарыныңқалай дыбыстайтынын білу.
Көрнекі құралдар: үй құстары мен үй жанарларының суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші кез келген үй жануары немесе үй құсының қалай дыбыстайтынын сұрайды. Балалар мұқият тыңдап, табу керек.
Не
Мияулайды? Арсылдайды?
Қыт-қыттайды? Маңырайды?
Мөңірейді? Боздайды?
Кісінейді? Қаңқылдайды?
Бір сөзбен ата
Мақсыты: Заттарды топтастыра білу.
Көрнекі құралдар: әртүрлі суреттер.
Ойынның шарты: Тәрбиеші кез келген тақырыпта сөздер айтады. Балалар оларды топтастырып, бір сөзбен атау керек. Мысалы:
Кітап, дәптер, қалам, сызғыш-оқу құралдары.
Нан, май, жұмыртқа, бауырсақ-азық-түліктер.
Үш тілде сөйлейміз!
Мақсаты: Балаларға сөздердің орысша және ағылшынша баламаларын дұрыс және тез таба білуге машықтандыру.
Ойынның шарты: Тәрбиеші қазақша ұйқас сөздер айтып, баладан орысша, ағылшынша тілінде аудармасын сұрайды. Мысалы: Город-стрит-қала
Сөзді айт
Мақсаты: Балаға сөздердің бастапқы әріпін таба білуге үйрету. Сөздің бірінші дыбысын айтуға машықтандыру.
Көрнекі құралдар: әріптер
Ойынның шарты: Тәрбиеші кез келген әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айту керек. Мысалы: «Ә» әрпі.
Ә-әже, әке, әпке, әткеншек.
Қ-қыс, қыс, қалам, қарындаш.
Ұ-ұя, ұшқыш, ұн, ұста.
Көп-аз
Мақсаты: Сөздерді көптік жалғауын қойып, айта білуге дағдыландыру.
Көрнекі құралдар: әртүрлі суреттер.
Ойынның шарты:Тәрбиеші бір заттың жеке суретін көрсетеді. Оларды көпше түрде қалай айтылатын сұрайды. Мысалы:
Алма-алмалар, құс-құстар, ана-аналар, дәптер-дәптерлер.
Күн мен Түн
Мақсаты: Балалардың зейінін, тапқырлығы мен есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар: суреттер немесе заттар.
Ойынның шарты: Үстел үстіне заттар немесе суреттер қойылады. «Түн» дегенде балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші үстелден кез келген затты немесе суретті тығып қояды. «Күн» дегенде балалар көздерін ашып, не жоқ екенін айту керек.
Аналогия
Мақсаты: Заттардың аналогиясын таба білуге үйрету.
Көрнекі құралдар: заттардың суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші қарама-қарсы аналогиялық сөйлемдер айтып, балаларға заттардың сипатын дұрыс жауабын беруді сұрайды. Мысалы:
Лимон қышықыл, ал қант ...,
Түнде қараңғы, ал күндіз ....,
Қыста суық, ал жазда ....
Анасы мен төлін тап.
Мақсаты: Үй жануарлар мен төлдерді білу.
Көрнекі құралдар: Үй жануарлары мен төлдердің суреттері.
Ойынның шарты: Тәрбиеші үй жануарларын көрсетеді, балалар олардың төлін қазақ тілінде айтады. Мысалы:
Жылқы-құлын ешкі-лақ
Сиыр-бұзау қой-қозы
Ұйқасын тап
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, шешендікке дағдыландыру.
Ойынның шарты: Тәрбиеші ұйқасы бар, жұмбақтар жасырады. Қай бала сөздің ұйқасы мен жұмбақтың жауабын дұрыс әрі тез тапса сол жеңіске жетеді. Мысалы:
Өзінше ноян, Бата алмас түлкі,
Қорқақ кім? ... /қоян/ Үсті тікен .... /кірпі/
Алмастан тыным Уылжыған албырт,
Шабады ... /құлын/ Дәмі ғажап ... /алмұрт/
Ойын: “Қане – қане, міне – міне”
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, дұрыс сөйлеу дағыдаларын қалыптастыру. Дене мүшелері туралы білімдерін бекіту.
Қане – қане басың? – Міне-міне басым.
Қане-қане шашың? – Міне-міне шашым.
Қане-қане құлағың? – Міне-міне құлағым.
Қане-қане көзің? – Міне-міне көзім.
Қане-қане мұрының? – Міне-міне мұрыным.
Қане-қане аузың? – Міне-міне аузым.
Қане-қане қолың? – Міне-міне қолым.
Қане-қане саусағың? – Міне-міне саусағым.
Қане-қане аяғың? – Міне-міне аяғым.
Қане-қане денең? – Міне-міне денем.
Жалғастыр.
Мақсаты: Кез келген санды атауға, есте сақтауға,
Белсенділікке үйрету.
Көренкі құралдар: сандар.
Ойынның шарты: Жүргізуші санды атайды. Мысалы: 7 саны, келесі ойыншы 7-ден бастап санайды.
Ең жақсы төрттік.
Мақсаты: Тез ойлауға, басқаларды тыңдай білуге, тез жауап беруге, белсенділігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үлестірмелі карточкалар.
Ойынның шарты: Тәрбиеші төрт ойыншыға кез келген тақырыпты айтады. Мысалы: үй жануарлары. Төрт ойыншының бірі-жылқы, екіншісі-жылқы, түйе, үшіншісі-жылқы, түйе, қой, төртіншісі-жылқы, түйе,қой, сиыр.