?аза? тілінен тест ж?мысы Жыл бойы ?ткенді ?айталау (3 сынып)


Қазақ тілі. 3 сынып. Тест жұмысы.
«4 тоқсандағы өткенді қайталау»
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін ... дейміз.
А)жалғау
ә)жұрнақ
б)түбір
в)бөлшек
2.Түбір сөзді тап.
А)теңізші
ә)кітапхана
б)дәрі
в)балалық
3.Жұрнақтың түрлері.
А)сөз тудырушы, сөз түрлендіруші
Ә)негізгі, туынды
Б)болымды, болымсыз
В)жай, құрмалас.
4.Негізгі зат есімді тап.
А)сыйлық
Ә) сый
Б) сыйластық
В)сыйла
5.Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды ... жалғау дейміз.
А)жіктік
Ә)септік
Б)тәуелдік
В)көптік
6.Қазақ тілінде әркез сөйлемнін соңында келетін сөз табы.
А)зат есім
Ә)сын есім
Б)сан есім
В)етістік
7.Туынды етістікті тап.
А)шеге
Ә)ара
Б)үтік
В)тазала
8. Болымсыз етістік жұрнақтары.
А)-ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе
Ә)-паз,-қор,-қой,-хана
Б)-мын,-мін,бын,-бін,-пын,-пін.
В)-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер
9.Сын есім сұрақтары.
А)кім?не?
Ә)қандай?қай?
Б)қанша?неше?
В)не істеді?не қылды?қайтті?
10.Негізгі сын есімді ажырат.
А)әсем
Ә)таудай
Б)пайдалы
В)тәртіпті
11.Реттік сан есімді тап.
А) он дәптер
Ә) екі кісі
Б) үшінші сынып
В)сегіз оқушы
12.Сөйлемнің тұрлаулы мүшесіне жатады
А)анықтауыш
Ә)пысықтауыш
Б)толықтауыш
В)бастауыш, баяндауыш
13.бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін ... қойылады.
А)үтір
Ә)сызықша
Б)жақша
В)түк те қойылмайды
14.Тұрлаусыз мүше қатысқан сөйлемді ... дейміз.
А)жақты
Ә)толымды
Б)жалаң
В)жайылма
15.Қаратпа сөз сөйлем ішінде не арқылы ажыратылады?
А)сызықша
Ә) леп белгісі
Б) үтір
В)сұрақ белгісі
16.Қаратпа сөз сөйлемнің ... кездеседі.
А)басында
Ә)ортасында
Б)соңында
В)барлық жерінде17. «Балалар ойнады». Сөйлем түрін ажырат.
А)жақсыз
Ә)жалаң
Б)жайылма
В)толымсыз
18.Сөйлем мүшесінде баяндауыш қызметін атқаратын сөз табы.
А)етістік
Ә)зат есім
Б)сан есім
В)сын есім
19. «Зор» сөзіне тиімді тіркес тап.
А)үй
Ә)адам
Б)талап
В)тау
20.Емле бойынша дұрыс емес сөз тіркесін тап.
А)жеті күн
Ә)бес қойлар
Б)тоғыз кірпіш
В)екі алма
Дұрыс жауап кілттері:
Сұрақ реті Жауап кілті
1. б
2. б
3. а
4. ә
5. б
6. в
7. в
8. а
9. ә
10. а
11. б
12. в
13. ә
14. в
15. б
16. в
17. ә
18. а
19. б
20 ә