?лтты? бірі??ай тестілеуге дайынды? жоспары


№271 орта мектеп
Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жоспары
Пәні: Физика
Мұғалім: Аукенова Айдана
Қызылорда 2016-2017 жыл
Түсінік хат

Жалпы жоспар 11 сынып оқушыларына арнап жасалған. Аптасына 1 рет барлығы 34 сағат. Бағдарламада физика пәнінен мектеп курсының стандарт талаптары бойынша барлық тақырып 7 тарауға біріктірілген. Жұмыс жоспары «Өткенге салауат – жарқын болашақ» принципіне негізделген, соған сәйкес алдымен теориялық материалды толық қайталап алуымыз керек. Содан кейін теориялық материалды бекітіп, есептер шығарту, есеп шығару ерекшеліктерін еске түсіру керек. Соңында балаға берілген білімді міндетті түрде сынақ жұмысы арқылы тиянақтап, қорытындылап, оның алған білімінің қандай дәрежеде екенін көрсетіп отыру керек. Ең соңғы әрекет баланың сынақ жұмысы барысында жіберген қателерін коррекциялау, толықтыру арқылы білімін нақтылай түсу. Барлық тараулар бойынша қайталау жұмыстарын толық жүргізіп алған соң, әртүрлі тест тапсырмаларын, қосымша есептер жинақтарын пайдалана отырып, есептер шығару керек.
Жылдың соңына қарай тағы да оқушының алған білімін сынақ жұмыстары арқылы саралап, қорытындылау керек.
Соңғы жылдары экономикамыздың қарқынды өсіп дамуы техникалық мамандықтарға деген сұранысты арттырып, оқушылардың политехникалық циклдағы пәндерге қызығушылығын оятты. Осыған байланысты бірыңғай ұлттық тестілеуде «Физика» пәнін таңдайтын оқушылардың саны көбейді. Оқушылар физикадан теориялық бөлігімен қоса эксперименттік және сандық есептерді шығара білу дағдыларын қалыптастыру керек. Сондықтан арнайы курста ҰБТ-де кездесетін есептердің шығарылу жолдарын меңгеруге көп көңіл бөлу керек.
Физикада есеп шығару – оқу жұмысының қажетті элементі болып табылады. Қайталау үшін әр тарауға жеке-жеке шолу жасай отырып, ондағы формулалар мен негізгі түсініктемелерді кестелерге немесе сызба нұсқаларға енгізген тиімді. Мұны мұғалім оқушылармен бірге жасайды. Әрі олар өз қолымен түсіне отырып сызып алған кестесін тест есептерін шығаруға пайдалану кезінде оңай жаттап алады. Оқушылар негізгі физика заңдарын және формулаларын есте ұстауы керек. Оларды есеп шығару барысында түрлендіріп пайдалана ала білуі тиіс.
Оқушылардың өздері орындауға арналған жаттығу жұмыстарында тестілеуде көп кездесетін есептермен қоса сол есептердің күрделі деңгейінің жоғары болуында көп көңіл бөлуді ұйғардым. Себебі курсты таңдаған оқушы ҰБТ-ге дайындалумен қатар жан-жақты ізденіп дайындалады.
 Мақсаты:- оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;- физикалық білім-біліктерді және физика ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау;- логикалық ойлау, таным іс-әрекеттерін дамыту;- қиынға ұмтылу, зерттеушілік қасиеттерін арттыру;- ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге машықтандыру.
Міндеттері:- оқушыларға терең, кеңейтілген білім беру;- ҰБТ-ден оқушылардың жоғарғы балл алуын қамтамасыз ету;- қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды физикалық танымдық түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету;- оқушылардың мамандықты дұрыс таңдай білуіне ықпал ету.
Күтілетін нәтиже:- оқушылардың таңдаған мамандығына жақын білім алуына мүмкіндік болады;- қиындық деңгейі жоғары есептерді шығаруға ұмтылады;- Ұлттық біріңғай тестілеуден жоғары балл жинайтын оқушылар іріктеледі.
Пәнді меңгеру деңгейінің талаптары:- физика формулалары бойынша заттардың аталуын және сол бойынша жүргізілетін есептерді есептей білуі тиіс;- алған теориялық білімді іс жүзінде қолданудың жолын білу;- физикалық шамалар арасындағы байланысты терең зерделей білуі тиіс;- сызбада берілген шамалардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып, анықтай білуі тиіс;- физикалық құбылыстарды ажырата білуі тиіс;- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білуі тиіс;- физика пәнінен меңгерген білім,білік, іскерлік дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білуі тиіс.
 
№ Сабақтың тақырыбы
Сағат саны Мерзімі
1 Кинематика формулалары бойынша жүргізілетін есептеулер1 2 Түзу сызықты айнымалы қозғалыс жылдамдығына есептер шығару 1 3 Бірқалыпты қозғалысқа, бірқалыпты үдемелі қозғалысқа, шеңбер бойымен қозғалысқа есептер шығару 1 4 Ньютон заңдарына есептер шығару (І, ІІ, ІІІ-заңдары 1 5 Бүкілемдік тартылыс заңына есептер шығару 1 6 Гук заңына, серпімділік күш, үйкеліс күштеріне, ортаның кедергі күштеріне есептер шығару 2 7 Мольдік массаға, молекулалар концентрациясына есептер шығару 1 8 МКТ-ның негізгі теңдеуіне есептер шығару 1 9 Идеал газ, Менделеев-Клапейрон теңдеуіне есептер шығару 2 10 Ішкі энергияға, механикадағы және термодинамикадағы тақырыптарға есептер шығару 1 11 Термодинамика заңдарына, ПӘК-не есептер шығару 1 12 Карно циклына, жылу мөлшеріне есептер шығару 1 13 Тест. Қайталау 1 14 Электростатика формулалары бойынша жүргізілетін есептеулер 1 15 Кулон заңына, электр өрісінің кернеулігіне есептер шығару 1 16 Өткізгіштің электр сыйымдылығына есептер шығару 1 17 Тест. Қайталау  1 18 Тұрақты токқа, Ом заңына есептер шығару 1 19 Токтың жұмысы мен қуатына, Кирхгофф ережелеріне есептер шығару 1 20 Джоуль-Ленц заңына есептер шығару 1 21 Магнит өрісіне, магнит индукциясына, токтардың әсерлесуіне есеп шығару 1 22 Ампер күшіне, Лоренц күшіне есептер шығару 1 23 Өздік индукция мен магнит өрісінің энергиясына есептер шығару  1 24 Электромагниттік индукция құбылысына есептер шығару 2 25 Өздік индукция мен Фарадей заңдарына есептер шығару 1 26 Әр түрлі ортадағы электр тогы тарауын есептеуге арналған формулаларды пайдаланып есептер шығару 2 27 Фарадей заңдарына есептер шығару 1 28 Атомдық физика тарауына есептер шығару 1 29 Тест. Қайталау  1 30 Қорытынды1