Курс алдында?ы кезе? ше?берінде ж?ргізілген мектеп т?жірибесін зерттеу м?ліметтеріні? негізіндегі рефлективті есеп
Курс алдындағы кезең шеңберінде жүргізілген мектеп тәжірибесін зерттеу мәліметтерінің негізіндегі рефлективті есеп
Курсалды тапсырманы алудағы мақсат:
Сауалнаманы алуда шынайы, нақты, жан-жақты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;
Курсалды тапсырмаларға сүйене отырып, мектептің мықты және әлсіз жақтарын анықтау, бақылау;
Алынған деректер негізінде мектептің даму мақсатына талдау жасау, жоспарлы іс-әрекет құрастыру;
Мектептен деректерді жинақтауды ұйымдастырмас бұрын мектеп әкімшілігінің ата-аналар кеңесімен бірге жұмысты жүргізу жоспары қарастырылып, жауапты қызметкерлер бекітілді. Деректерді жинақтауда кездескен бірінші қиындық, әкімшілік тарапынан алаңдаушылық тудырды. Себебі, біз өз мектебіміздің әлсіз жақтарын қалай жария етеміз!- деген сұрақ туындады.Екінші, курсалды тапсырманы оқушылардың көктемгі демалысы кезінде өткізуге тура келді.Демалыс кезінде басқа қалаға, шетелдерге саяхат жасап қыдырып кеткен балалар бар.Үшінші, курсалды тапсырмаға ата-аналар қауымының белсене қатысуын ұйымдастыру жұмыстарында қиыншылықтар туындады.
Туындаған қиындықтарды шешу жолдары:
Әкімшілік тарапынан туындаған алаңдаушылық бұрын курстан өткен әріптестермен сұхбат жүргізіліп, ой бөлісіп, бұл мектептің келешек дамуының іргетасы екенін білген соң шешілді. Оқушылар тарапынан туындаған қиындықты сынып жетекшілер, өзін-өзі басқару, сынып активтерінің көмегімен шешілді.Үшінші, курсалды тапсырмаға ата-аналар қауымының белсене қатысуын ұйымдастыру үшін, ата-аналардың жұмыстан босайтын уақытына байланысты әр кезеңдік қабылдау кестесі құрылды.
Жоғарыда айтылғандай, сауалнама шынайы нақты жүргізілу үшін шығармашылық топ құрылды. Топ мүшелері: директордың оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие жұмысының меңгерушісі, әлеуметтік педагог, психолог, ата-аналар кеңесінің мүшелері, өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері құрады.
Ата-аналардан алынғансауалнаманың мақсаты:
Мектеп пен отбасы арасында тығыз байланыс, қарым-қатынас ұйымдастыру;
Сауалнаманың мықты және әлсіз жақтарын анықтау, бақылау;
Ата-аналар жұмысына талдау жасау, жоспарлы іс-әрекет құрастыру;
Сауалнамаға жалпы 628 ата-ана қатысты: бастауыш қазақ мектебінен 98 ата-ана, бастауыш орыс мектебінен 234 ата-ана; негізгі қазақ мектебінен 64 ата-ана, негізгі орыс мектебінен 184 ата-ана, орта мектептен 48 ата-ана.
Ата-аналар сауалнамадағы сұрақтарды жете түсіне алмаса, сынып жетекшілері, психолог түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырды.Сауалнама кезінде әр сынып ата-аналарының араласып әр кезеңде келуі, қазақ тобын
жеке, орыс тобын жеке ұйымдастыруда кедергілер келтірілді. Бірақ ұйымдасқан жұмыстың шеңберінде, шығармашылық топтың іскерлігіне
қарай болмашы кедергілер сауалнаманың өз деңгейінде өткізілуіне кедергі болмады.Сауалнаманың нәтижесінде мықты және әлсіз жақтары анықталды.
Мықты жақтары:
Менің балам бұл мектепте өзін жайлы сезінеді (өз пікірін еркін білдіріп, өз бетінше шешім қабылдай алады т.б.);
Мектеп маған баламның оқуына қолдау көрсетуіме көмектеседі;
Мектеп менің сұрақтарым мен проблемаларыма тиісті түрде жауап береді;
Мектеп маған барлық қажетті ақпаратты ұсынып отырады;
Әлсіз жақтары:
Менің балам бұл мектепте жақсы жетістіктерге жетіп жүр;
Бұл мектеп менің баламның білім берудегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады;
Бұл мектеп менің балама жақсы қамқорлық көрсетеді;
Мектепбалалар арасындағы кез келген күш көрсету, зорлық белгілеріне тосқауыл бола алады;
Қорытынды түйін: әр оқушының жеке қажеттіліктерін анықтау, қажеттілік негізінде жоспар құру, нәтижені талдау, зерттеу, сараптау;
Ата-аналардан қамқорлық, күш көрсету, зорлық тақырыбында сауалнама алу,
әлеуметтік-құқықтық кеңеспен кешенді тәрбиелік іс-шаралар жүргізу;
Сауалнама арқылы ата-аналар мен мектептің қарым-қатынасы қанағаттанарлық деңдейде екендігін анықтадық.Ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасауды әліде дамыту, мектепке әріптес ретінде білім беру үдерісіне тарту, пікірлерін тыңдау, ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмыс жасау.
Оқушысауалнамасының мақсаты:
Мектеп пен оқушылар арасында тең мүмкіндіктер саясатын ұйымдастыру;
Сауалнаманың мықты және әлсіз жақтарын анықтау, бақылау;
Оқушылардың қажеттіліктерін анықтау, кері байланыс ұсыну;
Сауалнамаға жалпы 289 оқушы қатысты: 6 сыныптан -65оқушы, 7 сыныптан-43 оқушы, 8 сыныптан – 57 оқушы, 9 сыныптан -70 оқушы, 10 сыныптан -29 оқушы, 11 сыныптан -25 оқушы.
Сауалнаманың нәтижесінде мықты және әлсіз жақтары анықталды.
Мықты жақтары:
Сіздің кім екеніңізді біледі және сыныпта атыңызбен атайды;
Өз пәнін жақсы көреді;
Әрқашан көмектеседі;
Идеяларды нақты түсіндіре алады;
Сізді жеке тұлға ретінде құрметтейді;
Әлсіз жақтары:
Сіз сөйлеп тұрғанда тыңдайды және түсінеді;
Әзілді түсінеді;
Қолдайды және ынталандырады;
2 Табысты, бәсекеге қабілетті оқушы дайындау
Шешу жолдары:
Әр оқушының жеке қажеттіліктерін сұхбат, тест, әңгіме, сұрақ – жауап арқылы анықтау;
Қажеттілік негізінде жоспар құру, нәтижені талдау, зерттеу, сараптау;
Оқушыларды әріптес ретінде білім беру үдерісіне тарту;
Оқушылардың мұғалімдерментығыз араласуына мүмкіндік жасау, кешенді іс шаралар жүргізу;
Оқушының білуге құштарлығын, танымдық қызығушылығын қалыптастыруда іс-шаралар ұйымдастыру;
Оқу әрекеті тәсілдерін игерту;
Әр оқушыдан тоқсан сайын есеп алу;
Мұғалімдер сауалнамасының мақсаты:
Персоналды дамыту ісіне сеніммен қарау, ұжымды ұйымдастыру;
Қызметкерлердің кәсіби дамуын, қажеттіліктерін анықтау, бақылау;
Өзгерісті ұтымды жүзеге асыру, қолдау көрсету жұмыстарына талдау;
Сауалнамаға жалпы 59 мұғалім қатысты. Оқу-көмекші персоналы 7, директордың орынбасары 6, мұғалімдер 39, Ә/Б жетекшісі 7.
Мықты және әлсіз жақтары:
Мықты жақтары:
Мектепте біз оқыту сапасын талқылаймыз;
Мектеп шеңберінде біз оқыту мен оқу тәжірибесіне енгізген өзгерістердің қарқыны мен сапалылығын талдаймыз;
Мектеп қажет жағдайларда құпиялылықты сақтайды;
Біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымыз мектеп жоспарында көрініс табады;
Әлсізжақтары:
Мұғалімдер өзінің сыныптағы тәжірибесіне талдау жүргізуге уақыт арнайды;
Мектептің даму басымдықтарымен бүкіл ұжым таныс;
Мектеп саясатын әзірлеген кезде қызметкерлерді кәсіби дамытуға басты назар аударылады;
Осы деректерді өңдеуде анықталған проблемалар:
1Мектеп ұжымында ортақ мақсат пен құндылықтарды қалыптастыру;
Шешу жолдары:
Оқыту мен оқуға қолдау көрсету,
Мұғалімдердің құзырлы, кәсіби дамуына мүмкіндік жасау;
Мектепте менеджмент қағидаттарын сақтау;
Оқушы, мұғалім - өзіндік мінезі, жеке қасиеттері қалыптасқан жеке тұлға ретінде қарастыру;
Сапалы жауапкершілік , есептілік, өзін-өзгелерді дамыту;
Ұжымдық жұмыс туралы ортақ пікір қалыптастыру;
Ортақ түйін:
Кәсіби-адамгершілік тұтастық
Этикалық, моральдық құндылықтарды ұстану;
Ынтымақтасқан орта, қарым-қатынас мәдениетін дамыту;
Әлеуметтік әділдік қағидатын сақтау;
Мектептің барлық мүшелерін мектепүдерісінде, бір мақсатқа қол жеткізу бағытында толық қатыстыру, сеніммен қарау;
Қорытынды:
Курсалды тапсырмаларда жинақталған деректер үдерісі өз мектебімізді бұрынғыдан да жақсырақ білуге септігін тигізіп қана қоймай, келешекте даму жоспарына өзгерістер енгізуге тура келді.
Қызметкерлердің кәсіби дамуына, біліктілігін арттыруға мүмкіндік туғызу;
Оқушыларды әріптес ретінде білім беру үдерісіне тарту;
Мектеп пен отбасы арасында тығыз байланыс орнату;
Анықталған проблема:
Мектеп ұжымын мектеп үдерісінде, бір мақсатқа қол жеткізу бағытында толық қатыстыру, сеніммен қарау, оқыту мен оқуға қолдау көрсету, ұжымдық жұмыс туралы ортақ пікір қалыптастыру.
Шульманның «үш көмекші» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болатынын ортақ түйін ретінде алдық.Құзырлы мұғалімге тән белгілер: кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби-адамгершілік тұтастық .Осы үш ұстаным қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салушы А.Құнанбаевтың да нұрлы жүрек, ыстық қайрат, жылы жүрек қағидасымен ортақ. Қазіргі заман талабына сай болу-уақыт талабы.Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мағалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетінде қиындықтар тудырары сөзсіз. Егер біз қазіргі заманға сай, бәсекеге қабілетті, креативті, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны жаңашыл идеялардың көкжиегінде көретін болсақ, «дәстүрлі» стильмен
қалыптасқан мұғалімдер, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін өзімізден бастап, заман ағымына қарай өзгермесек, көш соңында қалуымыз ықтимал..
Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының: «Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек» деген
тұжырымында «Шығармашыл ұстаз шығармашыл шәкірт дайындайды» деген ой айқын аңғарылады.Сөзімді қорыта келе айтарым, жоғарыда аталған құзіреттіліктерді меңгерген мұғалім-шығармашыл, жаңа шәкірт дайындауға даяр.