?йренгенімді іс ж?зінде ж?зеге асру жайлы рефлективті аналитикалы? есеп


Үйренгенімді іс жүзінде жүзеге асру жайлы рефлективті аналитикалық есеп
Өтілген курс бағдарламасы бойынша бір ай бойы көптеген жаңа технологиялармен, жаңаша сабақ беру әдіс тәсілдерімен таныстым. Бұл әдіс-тәсілдің біразымен ертерек таныс болғанмын, жаңа технологиялардың кейбір элементтерін сабақ барысында қолдандып келдім, сабақтар қызықты болып өтетін бірақ сондай жақсы нәтижелерге жеттім деп айта алмаймын. Енді курстан алған білімде жаңаша әдіс-тәсілдер аралас түрінде пайдаланылатын болды. Курста алған негізгі материал жеті модульден тұрады, жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген сратегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланысты болады. Берілген модульдер оқыту барысында аралас түрінде беріледі. Осы модульдерді сабақтарымда және тәрбие жұмыстарында пайдаландым. Берілген барлық әдіс-тәсілдерді аралас түрінде пайдаланған өте тиімді, оқушыларға да ыңғайлы, топпен жұмыс жасағанды олар қолайлы деп санайды.
Бағдарламада айтылған «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерде» балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Әрі қарай сабақ үстінде оқушылар берілген мәтінді өздігінен оқып бір біріне түсіндіре алды, өздерінің білімдерін сол арқылы толықтырды, біреуді үйреткен арқылы өздері үйренді. Мұндай әдісті қолданғанда сабақта сөйлемейтін Мұратбек те құрбыларынан қалып қоймау үшін өзінің түсінгенін айтты және шағын топтағы айтылғандарды мұқият тыңдады.
Оқушылардың ой-өрісінің дамуына ықпал ететін сұрақтар қою, әр түрлі ситуацияларды туғызу, нақты объектімен жұмыс істеу. Берілген тапсырмаларға ерекше көңіл аударту оқушылардың табиғи әуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді. Мәтінді оқып слайдтары көргенде оқушы нені ойлау керектігін өзі шешу керек. Терең ойлау үшін: фактілер мен идеялар, мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген шикізаттарды өңдеу керек болады. Мысалы: «Сәулет өнері туралы түсінік» атты тақырыпта балаларға Астана қаласы туралы өлең жолдары берілді. «Осы өлеңне не түсіндіңдер?» деген сұрақ қойылды, балалар Астананың көрікті құрылыстары туралы айтты, оны тыңдап алғаннан кейін Астана туралы шағын 3-4 сөйлемнен тұратын эссе жазуды тапсырдым, балалар тағы да ғимараттар туралы жазды. Бұл жерде олардың сын тұрғысынан ойлау процессі іске асқаны анық көрінеді, олар шағын топта не жазу керектігін ақылдасып алды, бір бірінің пікірлерн тыңдап отырды. Тек сыни тұрғыдан ойлаудың арқасында дәстүрлі таным процесі жекелік сипат алып, саналы, үздіксіз әрі өнімді бола бастады. Сыни тұрғыдан ойлау әлеуметтік ойлау болып табылады. Барлық ойлар ортаға салынғанда тексеріліп, өткірлене түседі, әрі шыдамдылық, басқаны тыңдай білу және өз көзқарасына деген жауапкершілік секілді өнімді ой алмасуға өте қажет болатын сапалы өңдеулер жүріледі.
Сабақтарымда формативті бағалаудың түрлерін қолдандым: топтың ішінде өзін және топтастастарын ұпайлар арқылы бағалады, тақтада ілініп тұрған суреттерге бағаларын ілді (жабыстырды) балалардың суреттері қойылған ұпаймен бағаланды, жұпта бағалау әдісін қолдандық, оқушылар бес минут аралығында нобай, эскиз салды сосын бір бірімен ауыстырып бірін-бірі бағалады.
Нұсқаулықта «Тапсырманы кеңейту анағұрлым тереңдетіп оқыту, кең көлемді жобалар немесе зияткерлік тапсырмаларды кеңейту түрінде берілуі мүмкін» деп жазылған, соған байланысты шағын топтағы дарынды және талантты балаларға жеке күрделірек тапсырмалар берілді, топпен сурет салғанда оларға салған суреттеріне әңгіме құрастыруға тапсырма берілді және сол әңгімені топтағы балаларға түсіндірілу тапсырылды, шағын топтарда ұйымдастырушылар ролін атқарды. Бірінші сабақта шағын топтағы дарынды балаларға мәтін таратылды, олар сол мәтінді оқып топтағы балаларға түсіндіріп берді.
Бағдарлама боынша оқушыларға берілетін тақырыптар және сабақ жоспарының құрылымы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, тиімді құрылған және қолжетімді деп санаймын.
Алған сауалнамалардаң оқушылардың ойынша, топтарда ешқашан көшбасшы болған жоқ, бірақ менің бақылауым бойынша топта барлық бала белсенді жұмыс жасаса да арасында жетелеп отыратын балалар болды, олар сурет салуда жақсы идеялар беріп отырды, топпен жұмысқа белсенді қатысты, бірінші екінші сабақтарда топтардағы көшбасшылар суреттерді қорғады, топтағы тәртіпті де осы балалар бақылап отырды. Бірақ айтып өткендей балалар топта көшбасшы болғанды мойындамады. Омарова Айгүл сабақтағы ең ұйымдастырушы бала болып шықты, ол қай топта отырса да сол топ ең жақсы, қызығушылықпен жұмыс жасайтынын байқадым. Айгүлде осындай қабілеті бар екенін мен осы уақытқа дейін және осы жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданғанша байқамаппын.
Бұл алған білімнің оқұ үрдісінде және жеке өзімнің сабақтарымда пайдасы мол деп ойлаймын. Дәстүрлі әдіс бойынша сабақтың тақырыбын айтып, түсіндіргеннен кейін оқушыларды сабаққа қызықтыру өте қиын болатын. Енді сабақтың басынан бастап аяғына дейін оқушылар бір құпияны ашуға асық болып отырғандай болады, сабақ үстінде қызығушылықпен мәтінді талдайды, бірігіп сурет салады, мүсіндейді, коллаж жасайды, бір бірімен пікір алмасады. Топпен салған суреттің бастапқы сабақтарда сапасы болмады, жұмыс түрлерін өзгертуге тура келді, әр түрлі техникада жұмыс жасады, кейіннен жұмыстары жақсара бастады. Бірнеше сабақтан кейін оқушыдардың ұйымшыл болғандығын байқадым, бір біріне түсініспеншілікпен қарайтын болды. Сабақтарда мүлдем сойлемейтін оқушылар сабақтарда жауап беріп, суреттерді қорғағанда сөйлей бастады. Оқушылар сабақта барлығы жауап бергендіктен, сабақтарға және сынып сағаттарына жаупкершілікпен қарайтын болды, үй тапсырмасын дайындап келіп отырды.
Сабақта осындай әдәс-тәсілдерді қолдану өте тиімді, сабақ үстінде бірнеше әрекет жасауға мүмкіндік болып отыр, сабақтар балаларды ұйымшылдыққа, түсініспеншілікке үйретеді, нәтижелі болып өтеді.