Ы.Алтынсарин Д?ние ?алай етсе? табылады? ??гімесі


Сабақ жоспары
1. Пән аты: Әдебиет
2. Сыныбы: 5
3. Күні, айы, жылы: 28.12.15
4. Тоқсан: ІІ
5. Мұғалім: М.Хадиева
Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Дүние қалай етсең табылады?» атты әңгімесі
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің «Дүние қалай етсең табылады? » өлеңі туралы түсінікберу, әңгіменің идеялық мазмұнына талдау, оқушыларға ойландыратын сауал бере отырып, пікірін тыңдау, қорытынды жасау.
2. Тәрбиелік: оқушыларды еңбексүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың білімдік танымын , шығармашылық қабілетін, тілдік қорын, ізденістерін арттыру.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау, «ыстық орындық».
Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармалар
топтамасы, портреті, еңбек туралы нақыл сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1.Ы.Алтынсариннің өмірі туралы мәлімет жинау, мазмұнын айтқызу
2. «Өзен» өлеңіне қатысты сұрақтарға жауап алу
«Өзен» өлеңінің адам өміріндегі, табиғаттағы рөлінің суреттелуі туралы не айта аласыңдар?
А) адам өміріндегі рөлі былай суреттелген: адам өзеннің суын ішсе, көңілі ашылады, өзенге түссе денеңдегі бар ауыртпалықты қашырады, жануарлар әлемі үшін де өзіндік пайдасы бар: ыстық күнде аптығын басым, демалады. Өзеннен үнемі толассыз ағып жатқандықтан, қанша мал айдап өтсең де, лай қалмайды. Өзен бар жерге адамдар да қоныстанып, өмір сүреді. Ал егер өзен тасыса, ол бармаған сай қалмайды, өзеннің табиғатта алатын орны да орасан зор. Адам, аң, құс, жануар сынды тірі тіршілік иелеріне жоғарыдағыдай пайдасын тигізері сөзсіз.
Б) ал ол тасыса барлық жер, сай, саланың барлығына жайылады да, көк шалғынға орайды.
ІІІ. Білім тексеру: үй тапсырмасын бекіту
«Топтастыру» стратегиясы.


Ы.Алтынсарин туралы не білеміз?



ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мәнерлеп оқу.
Оқушыларға тізбектеу әдісі бойынша әңгімені мәнерлеп оқытып, мазмұнын айтқызу.
Кітаппен жұмыс: рөлдерге бөліп оқу.
Автор сөзі:
Француз жұртының білімді адамының сөзі:
Бейтаныс адамның сөзі:
Антонның сөзі:
«Ыстық» орындық стратегиясын пайдалану.
Әңгіме қай елдің азаматтарына байланысты?
Баяндап отырған жігіттің студент шағы қай жылдары болды?
Әр жексенбі күні қайда, не үшін барушы еді?
Жолда кімді кездестіреді?
Антонға басында болған оқиғаны айтып, жігерлендірген кім еді?
Жолаушы жігіт Антонға не айтты?
Жазушы Антонмен кейін қанша жылдан соң кездесті?
Қалай кездесіп қалды?
Екеуінің алғашқы көріскен, кездескен сәтін мәтіннен тауып оқып бер
Тапсырмалар:
А) Сөздікпен жұмыс
Франк –француз ақшасының атауы. Тіленші – қайыршы.
Мәтіннен көнерген сөздерді табу: купец, реуішті.
Ә) Егер Антонның басындағы жағдай сенің досыңның басына түссе, не істер едің? (ауызша)
Б) Болашақта қалай еңбек етіп, ақша табар едің?
Венн диаграммасы:
Жалқау
Еңбекқор



Сабақты бекіту «Екі бетті күнделік» стратегиясы. (ауызша)
Әңгімеден алған әсерім Пікірім
1.Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру
1. «Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесін мазмұндау. Қосымша каникулда хрестоматиядан әңгімелер оқу